1Сонымен егер де сендер Мәсіхпен бірге тірілдік деген ойға келсеңдер, енді Оны жоғарыдан іздеңдер, өйткені Мәсіх Құдайдың оң жағында отыр.
2Сондықтан сендердің ендігі ойларың жерде емес, жоғарда, яғни көкте болсын.
3Өйткені сендердің ескі табиғаттарың өлді, ал ендігі өмірлерің Мәсіхпен байланытсы болғандықтан, Құдай оны тыс көзден таса етіп, жасырып қойды.
4Сондықтан сендердің өмірлеріңнің сыры тек Мәсіх қайтып келген кезде ғана аян болып ашылады, міне сол кезде Онымен бірге сендер де даңқа бөленесіңдер.
5Сол үшін жерде жүрген кездеріңде, дене мүшелеріңдегі азғындық пен лас арамзалықты, құмарлықты, жаман ниетті, аш көзділікті сендерге өлімші етіп тастау керек, себебі бұлар пұтқа табынушылықпен тең,
6ал солардың жетегінде кетіп, соларды істегендерге, яғни Құдайға бағынбайтын ұлдарға, яғни олардың үстіне Құдайдың қаһары төгілмек,
7өйткені сендер де бір кездері дәл солай әркет етіп, солар секілді өмір сүрдіңдер.
8Ал енді қазіргі кезде соның бәрін сендер шетке ысырып тастап, енді бұдан былай ашу-ызаға, зұлымдыққа берілмеңдер, әрі ауыздарыңнан намысты қорлап, тіл тигізетін ерсі сөздер шықпасын.
9Бір-біріңе өтірік айтпаңдар, өйткені сендер өздеріңдегі ескі адамның іс-әрекетін шешіп тастадыңдар,
10ал оның орнына өзінің Жаратушысын жақыннан таныған сайын, Жаратушысына ұқсас болып, жаңара беретін жаңа бейнені кидіңдер,
11мұнда не грек, не яһудей, не сүндеттелген, немесе сүндеттелмеген, не жат ұлттық, не скиф, не құл, немесе ерікті деген болмайды, керісінше бәрінде Мәсіх болады, әрі түгелдей барлығы да Мәсіхте болады.
12Сонымен Құдайдың таңдап алғандары ретінде сендер үстілеріңе киелілік пен сүйіспеншілікті, жанашырлықты, жақсылықты, қарапайымдылықты, төзімділікті киіп алыңдар.
13Әрқашан да бір-біріңе қолдау көрсетіңдер, ал егер біріңді-бірің ренжітіп, бір-біріңе тағатын айыптарың бар болса, бір-біріңді кешіріп, бір-біріңе кешірім сыйлап, Иеміз сендерге қалай кешірім сыйласа, сендер де дәл солай кешірім сыйлауға дайын болыңдар.
14Ал осылардың бәрінің үстінен қарайтын сүйіспеншілік, міне соған оранып алыңдар, ал ол бәрін біріктіріп, жетілдіреді.
15Әрі сендердің жүректеріңнің билеушісі Мәсіхтің амандығы мен берекелі де бейбіт тыныштығы болсын, өйткені сендер бір денеде яғни Мәсіхтің бейбіт тыныштығында болу үшін шақырылдыңдар, міне сол үшін алғыс айтыңдар.
16Мәсіхтің сөзі сендердің жүректеріңнен орын алып, молынан өмір сүрсін. Әрқашан да даналықтың жетегімен жүріңдер, өзара бір-біріңе тәлім-тәрбие беру үшін, забур жырларын, мадақтау жырларын айтып, жүректеріңдегі қуаныштарыңды Құдайға білдіру үшін, рухани әндермен Оны мадақтаңдар.
17Не істесеңдер де, мейлі сөзбен болсын, мейлі іспен болсын бәрін Иеміз Исаның атымен істеңдер, әрі Құдай Әкемізге айтатын алғыстарыңды да Иса арқылы жеткізіңдер.
18Ал, әйелдер, сендер күйеулеріңе бағыныңдар, бұл Иемізге жағымды іс-әрекет.
19Ер азаматтар, сендер әйелдеріңді жақсы көріңдер, оларға қатігез болмаңдар.
20Балалар, қандай жағдай болса да ата-аналарыңды тыңдаңдар, өйткені Иеміз солай болғанды ұнатады.
21Әке болғандар, балаларың ынжық та ынтасыз болмасын десеңдер, оларды ашуландырып ашуға булықтырмаңдар.
22Ал құлдар, сендер, өздеріңе тек тәндік тұрғыда ғана ие болып жүрген қожайындарыңа бағыныңдар, оны тек адамдарға жағу үшін емес, керісінше оны қарапайым жүрекпен, әрі Иемізден қорқатындарыңды білдіру үшін істеңдер.
23Не істесеңдер де, бәрін адамдар үшін емес, Иемізге істегендей істеп, ішкі жан дүниелеріңді соған салып, шын пейіл, ақ көңілмен істеңдер.
24Сондықтан мынаны біліп алыңдар: сендер өздеріңе берілетін еншіні Иемізден аласыңдар, себебі сендер Иемізге қызмет етіп жүрсіңдер.
25Ал кім әділетсіздік жасайтын болса, оның алатын сыйы соған сай болады, өйткені Ол ешкімнің бет-жүзіне қарамайды.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.