Жақып 3 - Zhana Osiet(NTKAZ)

1Менің бауырастарым, көпшілігің тәлімгер болуға ұмтылмаңдар, өздерің білесіңдер үкімнің ең үлкенін біз аламыз.

2Көп жағадайда өзіміздің сүрініп жатқанымыз да сондықтан. Егер де кімде кім сөзден сүрінбесе, сол бүкіл денесін басқара алатын, яғни жетілген адам.

3Біз жылқыларға жүген салып, ауыздықтау арқылы оларды өзімізге бағындырып, олардың денесін жетекке көндіріп басақара аламыз.

4Сонымен қатар үлкен кемелерді алайық, олар өте үлкен болғандықтан, олар қатты желдің айдауына көнеді, алайда оларда орналасқан кішкентай басқару тұтқасы арқылы бағыттаушы оны қай жаққа бұрса, ол сол жаққа бұрылып жүре береді.

5Ал енді тілді алсақ тіл де сол сияқты, оның өзі денеде орналасқан кішкентай ғана мүше болғанымен, ол үлкен нәрселермен мақтана береді. Байқаған шығарсың кішкентай оттың өзі өте үлкен орманды өртеп жібереді.

6Айда тіл де-сол секілді жалындаған от, яғни ол әділетсіздіктің әлемі, тіл біздің денеміздің бір мүшесі бола тұра, ол бүкіл денеге дақ түсреді, себебі ол тозақ отынан тұтанып жанады да, айналасындағының бәрін өртеп жібереді.

7Ал енді әртүрлі аңдар мен құстарды, бауырымен жорғалаушылар мен теңіз жәндіктерінің барлық түрлерін алатын болсақ, олардың бәрі адамның табиғи болмысына бағынышты,

8алайда сол адамдардың ешқайсысы сол тілді басқарып та, бағындыра да алмайды, себебі тілдің тұла бойы тұрақсыздыққа, зұлымдыққа, яғни өлімге апаратын уға толы.

9Ал біз болсақ, Иеміз бен Әкемізге сол арқылы жарылқау айтамыз, әрі сол арқылы Құдайға ұқсас туған адамдарды қарғаймыз.

10Сондықтан сол бір ауыздан бата да, қарғыс та қатар шығып жатады. Алайда менің сүйікті бауырластарым, бұлай істеуге мүлдем болмайды.

11Өйткені бір бұлақтың аузынан тұшщы су мен ашщы су қатар шыға ма?

12Бауырластарым менің, інжір-зәйтүн жемісін, ал жүзім бұтасы -інжірдің жемісін өсіре ала ма? Сол секілді ашщы су шыққан жерден тұщщы су шықпайды.

13Орталарыңда кім өзін дана әрі өзін бәрін білетін білімпаз санап жүр? Сол өзінің даналығын өзінің ізгі мінез құлқымен, өзінің ісімен, өзінің кішіпейілдігімен көрсетсін.

14Ал егер де жүректерің ашщы қызғаныш пен бақталастыққа толы болса, онда бекер мақтанып, өтірік айтып, шындыққа қарсы шықпаңдар.

15Өйткені бұл көктен келген даналық емес, керісінше бұл жердікі, яғни ол жердегі тіршілік иелері мен жыншайтанға тән даналық.

16Себебі, қай жерде қызғаныш пен бақталастық болса, сол жерде тұрақсыздық орын алып, неше түрлі зұлым істер жасалады.

17Ал көктен келген даналық ең алдымен таза, одан кейін бейбітшіл, жұмсақ мінезді, мойынұсынғыш, жемістері мейіріммен игілікке толы, ешкімді алаламайтын, екіжүзділікке берілмейтін болады.

18Өйткені әлемге себілетін әділдіктің жемісі, осы әлемге татулықты тартушылар арқылы себіледі.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help