1Иса Мәсіхтің құлы, әрі Жақыптың бауыры Яһуда, Құдай Әкенің сүйіктілеріне, яғни құтқарылу үшін Иса Мәсіх арқылы шақыруға ие болғандарға
2Мейірім мен бейбіт тыныштық тілеп, сол арқылы сендердің сүйіспеншіліктерің өсіп-өніп көбейе берсе екен деп тілейді.
3Сүйікті бауырластар, мен қаншама рет сендерге бәрімізге ортақ құтқарылу туралы жазып жіберуге тырыстым, алайда қазір өздеріңе, яғни киелілерге бірақ рет берілген сенім үшін күресу аса маңызды екені туралы жазып отырмын, әрі сендерді соған шақырамын.
4Өйткені біздің ортамызға жазбада жазылғандай, Құдайдың сотына лайықты кейбір адамдар кіріп алыпты. Бұлар -Құдайсыз жолмен жүрген адамдар, сондықтан олар өздерінің азғындыққа берілгендіктерін ақтау үшін, олар Құдайдың бізге берген рахымын да, біздің Жартушымыз әрі біздің Иеміз Иса Мәсіхті де мойындамай, Оны жоққа шығарып жүр.
5Сендердің естеріңе мынаны сала кетейін, өздерің білесіңдер, бір кездері Иеміз Мысыр жерінен Исраил халқын құтқарып алып шыққан болатын, сол кезде Ол солардың арасындағы Өзіне сенбегендерін құртып, жойып жіберді.
6Сонымен қатар Құдай өздеріне берілген билікті сақтап қалудың орнына, керісінше өздерінің тұрғылықты орындарын тастап кеткен, періштелерді де байлап-матап оларды қара түнектің қақпасына салып сақтап отыр, яғни олардың үкімін Ол Ұлы күн келген кезде шығарды.
7Сонымен қатар Содоммен Ғамораменде және олардың жан-жағындағы қалаларда солар секілді азғындыққа түсіп, өзара бір-бірімен тәндік ләззатқа беріліп кеткен болатын, сол үшін Құдай оларды да жазалап, басқаларға үлгі болсын деп, оларды мәңгі оттың жалынымен өртеп жіберді.
8Сол секілді бұл адамдар да өздері көрген түстері арқылы бос армандарға беріліп, өз денелеріне өздері кір жағып, ластап, Құдайдың билігін жоққа шығарып, Оның даңқына тіл тигізуде.
9Кезінде Мұсаның денесіне байланысты Бас періште Михаил мен сайтанның арасында талас-тартыс сөз болған кездің өзінде, бас періште оған тіл тигізген жоқ, керісінше ол сайтанға тек «сенің жазаңды Құдайдың Өзі берсін» -деген болатын.
10Ал бұлар болса көп нәрсеге тіл тигізіп, ластап жүргенін өздері де білмейді, өйткені олар көп жағдайда табиғатынан түйсіксіз болған аңдар секілді, тек жамандық жасауды ғана біледі, ақырында олар сол арқылы өздерінен өздері құртылып, жоқ болып кетеді.
11Өйткені олар Қабылдың жолымен жүріп, тек өз басының қамын ойлаған Балағам секілді арамдыққа беріліп кетті, әрі олар Корах секілді Құдайға қарсылық көрсетуде, сондықтан оларды қарғыс атады.
12Олар сендердің сүйіспеншіліктеріңе дақ түсіруде, олар қорқу дегенді білмейді, сондықтан олар сендердің қастарыңда тек ас ішу үшін, яғни өздерінің құлқындарының бағы үшін ғана жүреді. Олар сусыз жерде жел қайда айдаса, сол жаққа жүре беретін бұлт секілді, олар күзде не жапырағы, не жемісі жоқ, екі рет өлген, яғни тамырымен бірге шауып алып тастайтын ағашқа ұқсас,
13әрі олар асау толқын секілді өздерінің ұятсыз іс-әркетін жағаға көбікпен шығарып тастап отырады, олар ғаламдық әлемде жоғалып кеткен жұлдызға ұқсайды, сондықтан олар қара түнекке сіңіп, сол түнекте мәңгі қалып қойяды.
14Адам атаның жетінші ұрпағы Енох олар туралы мына пайғамбарлық сөзді айтып кеткен еді, онда: -Міне, Иеміз өзімен бірге он мың киелі періштелерін ертіп келді,
15енді ол әділетсіз істер істеген әрбір адамға қарсы сот жүргізетін болады, сонда Ол өзінің әрбір әділетсіз істерімен Құдайды қорлағандардың бәрін әшкерелеп, Оған қарсы жаман сөз айтқан күнәһарлардың әрқайсысына олардың істеген істеріне сай үкім шығарады, - делінген.
16Себебі бұл адамдар әрқашан да наразылық көрсетіп, күңкілдей береді, өйткені олар тек өздерінің қалауымен жүретін адамдар, сондықтан олардың аузынан тек өркөкіректікке тән сөздер шығады, олар өз пайдасы үшін екі жүзділікке дейін барады.
17Сондықтан, сүйікті бауырластарым, өздерің біздің Иеміз Иса Мәсіхтің елшілерінің айтып кеткен мына сөздерін естеріңе түсіріңдерші,
18өйткені олар бізге: соңғы уақытта балағат сөздер айтып, өзінің арам пиғылының жетегіне еретін адамдар пайда болады, - деп айтып кеткен болатын.
19Себебі бұл адамдар өздерін ортадан оқшау ұстап, бөлектеніп, тек сезімге беріліп, тек сезімнің жетегімен жүреді, сондықтан бұларда рух жоқ.
20Сондықтан, сүйікті бауырластарым, сендер бір-біріңе ақыл айтып, біріңді-бірің нығайтып, сенімдеріңді таза ұстап, Киелі рухтың жетегімен мінәжат етіп,
21Өзара бір-біріңе Құдайдың сүйіспеншілігінде болуды тілеп, біздің Иеміз Иса Мәсіхтің келуін, әрі Оның мейірімі арқылы берілетін мәңгілік өмірді күтіңдер.
22Кейбір күмәні бар адамдарға мейірім танытып,
23ал кейбіреулерін құтқару үшін оттан суырып алатындай іс-әрекет істеңдер, ал кейбіреуіне көрсететін мейірімдеріңді байқап, айбайлап, жек көрмей істеңдер, өйткені олардың денесіндегі киімдеріне дейін күнәға батып кеткен.
24Сонымен сендерді сүрініп қалудан сақтайтын, Оның алдында тұрған кезде сендерді Өзінің даңқына, кіршіксіз тазалыққа, шаттыққа бөлейтін,
25-біздің жалғыз Құдайымыз, әрі құтқарушымыздың даңқы, құдіретті күші, билігі біздің Иеміз Иса Мәсіх арқылы ғасырдан-ғасырға жетіп, қазіргі уақытта да, болашақтағы барлық уақыттарда мадақтала берсін! Аумин!
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.