Римдіктерге 10 - Zhana Osiet(NTKAZ)

1Бауырластар, исраилдіктердің құтқарылуын Құдайдан жалынып сұраймын, бұл-менің жүрегімнің қалауы.

2Өйткені оларда Құдайға деген құлшыныс бар екеніне куәлік етемін, алайда бұл құлшыныстары сеніммен байланысты болып тұрған жоқ.

3Себебі олар Құдайдың әділдігін танып-білудің орнына өздерінің әділдіктерін іздеп, соны жоғары қойды, олар Құдайдың әділдігіне бағынбады.

4Бұдан былай әрбір сенушіні әділ деп санау үшін, Мәсіх заңға нүкте қойды.

5Мұса сол заңнан туындайтын әділдікке байланысты былай деген: «Тек сол жарлықтарды бұлжытпай орындайтын адам ғана сол заңмен өмір сүретін болады».

6Ал енді сенім арқылы берілетін әділдік жөнінде былай делінген: «Өз жүрегіңде көкке кім көтеріледі? -деп айтпа. Бұл-Мәсіхті төмен түсіру!».

7Немесе: «Түпсіз терең тұңғиыққа кім түседі? -деп те айтпа. Бұл-Мәсіхті өлілердің арасынан жоғары көтеру!» -делінген.

8Сонымен, Жазбада не дейді? «Сөз саған жақын тұр, ол сенің аузыңда және сенің жүрегіңде, сол сөз сенім туралы», - делінген, біз осыны уағыздап жүрміз.

9Өйткені егер де сен аузыңмен Исаны Ием деп мойындап, жүрегіңмен Құдайдың Оны өлімнен қайта тірілткеніне сенетін болсаң, онда құтқарыласың.

10Себебі жүрекпен әділдікке сенеді, ал ауызбен құтқарылуды мақұлдайды.

11Сондықтан Жазбада: «Оған сенетін әркім ұятқа қалмайды», - деп айтылған.

12Өйткені яһудей мен өзге ұлт өкілдерінің арасында ешқандай да айырмашылық жоқ, себебі барлығының Иесі-Сол және Оны шақыратындардың барлығын Ол жарылқайды.

13Сонымен, «Оның атын атап шақырғандардың бәрі де құтқарылатын болады».

14Бірақ олар Оған сенбесе, Оны қалай шақырады? Ол жайында естімесе, қалай Оған сенім артпақ? Уағыздаушылар болмаса, Ол туралы қалай естиді?

15Егер олар уағыздауға жіберілмесе, олар қалай уағыздайды? Ал Жазбада: «Ізгі хабардың пайдасын жариялап жүргендердің аяқтары қандай керемет еді!» -деп жазылған.

16Дегенмен, сол Ізгі хабарға бәрі бірдей мойынсынған жоқ. Сол себепті де Ишая пайғамбар: «О, Ием біздің айтқандарымызға кім сенуші еді?» - деген болатын.

17Сонымен, егер адамдар Иса жөнінде уағыздалған Ізгі хабарды естісе, адамдарда сенім пайда болады.

18Әйтсе де мен: «Олар Ізгі хабар естіген жоқ па?» -деп сұрағым келеді. Әрине, естіді! Жазбада: «Олардың даусы да, сөзі де жердің түкпір-түкпіріне, тіпті, арғы шетіне дейін жеткен болатын», - деп жазылған.

19«Исраил соны білмей қалды ма?» -деп тағы сұрағым келеді.Әрине, білді! Ең алдымен Мұса Құдайдың сөзімен: «Мен сендер халық емес деп санаған халықтар арқылы қызғаныштарыңды оятып, түйсіксіз (надан) сол халықтың ашуын сендерге төккіземін», - деп айтқан.

20Ишая пайғамбар да батылдықпен Құдай сөзін айтады: «Мені іздемегендер Мені тапты, Мен жайында сұрамағандарға Мен ашылдым. (Өзімді көрсеттім)».

21Ал Исраил жөнінде Құдай: «Мен Өзіме бағынғысы келмейтін әрі қарсы тұратын халыққа күні бойы қолымды создым», - деген болатын.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help