1Мәсіх Исада уәде етілген өмірді уағыздау үшін, Құдайдың еркі бойынша, Иса Мәсіхтің елшісі атанған Пауыл,
2сүйікті балам Тимотейге, Құдай Әкеден әрі біздің Иеміз Мәсіх Исадан келетін амандық пен бейбіт берекеге толы тыныштықты тілейді.
3Мен ата-бабаларымның атынан таза ар-ұятпен Құдайға қызмет етіп жүрмін, сол үшін Құдайға алғыс айтамын. Осыған орай мен сені үздіксіз есіме алып, күндіз де, түнде де сен үшін мінәжатта жүрмін.
4Сенің көз жасыңды есіме алып, бір жағынан өзімді қуанту үшін, сені тағы да бір көрсем деген мақсатым бар.
5Менің есіме еш жасандылығы жоқ, сенің шынайы пәк, таза сенімің түсті, сол сенім ең басында әжең Лойда мен шешең Әуникенің өмірінде де болды, енді сол сенім сенің де өміріңде бар екеніне мен сенімдімін.
6Сол себепті пайдалана отырып, менің саған қол қоюым арқылы өзіңе Құдайдан берілген сыйдың отын өшіріп алмай, жалындатып ұста.
7Өйткені Құдай бізге қорқыныштың рухы емес, керісінше күш пен сүйіспеншіліктің әрі ұстамдылқтың рухын берді.
8Міне сол үшін, біздің Иеміз жайлы берілген куәлікке де, әрі Ол үшін абақтыда отырған мына мен үшін де ұялма, керісінше ізгі хабар үшін көретін азапты менімен бірге көр (шек), сонда Құдай өзінің күшіне сай әрекет ететін болады.
9Құдай бізді құтқарғанда да, әрі киелі болуға шақырғанда да, біздің істеген ісімізге қараған жоқ, керісінше Ол мәңгілік уақыттың мерзімі басталмай тұрып, оны бізге Мәсіх Иса арқылы беріп қойды, ал Оның бұл әрекеті Оның Өзінің алдын ала бекітіп, белгілеп қойған мақсаты мен рахымына сай болатын.
10Ал енді, қазіргі кезде осы нәрсе біздің құтқарушымыз, әрі Иеміз Мәсіх Иса арқылы ашылып, осының бәрі бәріне аян болды, өйткені Ол Өзі алып келіп жария еткен ізгі хабары арқылы бір жағынан өлімді жойды, ал екінші жағынан шіріп, ешқашан құрымайтын мәңгілік өмірді жарыққа әкелді.
11Ал мен сол ізгі хабардың уағыздаушысы, әрі елшісі, әрі тәлімгері болдым.
12Міне, сол себептен мен басыма түскен азаптардың бәріне көніп келемін, бірақ мен сол үшін еш ұялмаймын, өйткені мен Кімге сенгенімді білемін, әрі Ол ұлы күштің иесі, сондықтан менің қосқан бар үлесімді Ол сол күнге дейін сақтап қоятына мен сенімдімін.
13Ал сен менен Мәсіхке деген сеніміммен, менің Оған деген сүйіспеншілігім жайлы өзің естіген ізгілікті сөздерді сен үлгі ретінде ұстап,
14біздің бойымызда Киелі Рух арқылы өмір сүретін жақсы қасиеттерді сақта.
15Мынаны білесің, Азияда жүргендердің барлығы бірдей менен теріс айналып кетті, солардың арасында Фігел мен Ермоген де бар.
16Онисыфордың үйіне де Иеміз Өз мейірімін төге көрсін, өйткені ол маған келіп тұрған кезде мен жаңарып сергіп қалатынмын, себебі ол маған келуді ұят деп санаған жоқ.
17Керіснше, ол Римге келе салып тездетіп мені тауып алды,
18сондықтан ол Иеміздің мейірімін сол күні тауып алсын, ал Иеміз сол мүмкіндікті оған берсін! Ол Эфесте жүріп қаншама қызмет атқарды, ол жағын өзің жақсы білесің.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.