Қорынттықтарға 2 3 - Zhana Osiet(NTKAZ)

1Біз өзімізді-өзіміз мақтаған сияқты болып көрінуіміз мүмкін. Басқалардың бұған мұқтаж болғаны сияқты сендер үшін немесе сендерден берілетін ұсыныс хатына мұқтаж болдық па?

2Негізінде, біздің жолдау хатымыз -сендерсіңдер, өйткені біздің жүрегімізге жазылып қойдыңдар, сондықтан барлық адам сендерді таниды және оқи алады.

3Сендер өздеріңнің Мәсіхтің жолдаған хаты екендеріңді бізбен бірге қызмет еткенде анық көрсеттіңдер, себебі сендер сиямен емес, тірі Құдайдың Рухымен жазылған, тас тақтайшаға емес, жүрекке жазылған жолдау хат екендеріңді барлығы көре алды.

4Ал біз бұған тек Мәсіх арқылы көз жеткізіп отырмыз және дәл солай екеніне де сенімдіміз.

5Біздің бойымыздағы қабілет жеткілікті деп ойламаймыз, біздегі бар қабілет - Құдайдан,

6сондықтан Ол бізге жазылған әріптер (Заң) бойынша емес, Рухпен жүретін қабілет беріп, Жаңа келісімнің қызметшісі етіп қойды, өйткені жазылған әріп өлімге әкелетін болса, ал Рух өлімнен тірілтеді.

7Өлім әкелетін келісім тасқа жазылған (заң) сол сәтте даңққа бөленгені соншама, исраилдің ұлдары Мұсаның бет-жүзіне тура қарай алмады, алайда сол даңқ өткінші еді.

8Ал Рухтың өмір беретін келісімінің даңқы одан да жоғары болмай ма?

9Егер де адамды айыптайтын (келісім) қызмет соншама даңққа бөленген болса, онда әділдіктен туындап, ақталуға жетелейтін (келісім) қызмет одан бетер даңққа бөленуі тиіс.

10Бір кездегі өткінші даңқтың салтанатына қарағанда, қазіргі даңқтың салтанаты одан да асып түсіп, ескі даңқтың салтанаты өшті.

11Сол даңқ уақытша болғандықтан жойылды, ал кейін келген қазіргі даңқ бұрынғыдан бетер ұлылыққа бөленбек, себебі бұл ұлылық мәңгілікке қалады.

12Ал осындай үміті бар біздер көп нәрсені ашық айта аламыз,

13исраилдің ұлдарына өшіп бара жатқан өткінші нәрсені көрсетпеу үшін, бет-жүзін бетпердемен жапқан Мұса секілді болмаймыз.

14Міне, сондықтан олардың ой-саналары тастай қатып қалған. Осы уақытқа дейін Көне келісім қаншама рет оқылып жатса да, олардың жүзін жапқан сол бетперде бүгінге дейін әлі шешілмеген, бұл бетперде тек Мәсіх арқылы ғана шешіледі.

15Осы күнге дейін Мұсаның кітабын қанша рет оқыса да, олардың жүрегі әлі де сол пердемен жабылған күйі тұр.

16Олар Жаратқан Иеге қалай бет бұрады, міне, сол кезде перде алынып тасталынады.

17Себебі Құдай-Рух, Құдайдың Рухы қай жерде болса, сол жерге бостандық келеді.

18Біз бет-жүзімізді бүркемей, ашық ұстағандықтан, Иеміздің даңқын бейнелейміз, Оның бейнесін айнадан анық көргендей, Сол бейнеге ұқсап, ұлылықтан ұлылыққа бөленудеміз, бұл ұқсастық Иеміздің Рухынан келеді.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help