Елшілер 8 - Zhana Osiet(NTKAZ)

1Степанның өлтірілуін Сауыл да мақұлдаған еді. Сол күнен бастап Иерусалимдегі қауымда үлкен қудалау басталды. Сонда елшілерден басқаларының бәрі Яһудея мен Самария аймағындағы елді мекендерге шашырап, тарап кетті.

2Құдайды құрметтеп, қастерлейтін ер-азаматтар Степанды жерлеп, соңынан қатты қайғырып жылады.

3Саул қауымды құрту үшін, әрбір үйге кіріп, ер адамдарды да, әйелдерді де сүйреп алып шығып, оларды абақтыға апарып жауып отырды.

4Сол кездері жан-жаққа бытырап кеткен елшілер Ізгі хабарды одан әрі тарата берді.

5Філіп те Самарияның бір қаласына келіп, оларға Мәсіх туралы уағыздады.

6Сол жердегі халық Філіптің айтқандарына бір кісідей көңіл қойып, бар ынталарымен тыңдап, оның жасаған кереметтерін өз көздерімен көрді,

7олардың көбі таза емес рухтардың жетегінде еді, солар қатты айғайлап шығып, сал болып, жүре алмағандар мен аяғы кем адамдардың бірталайы сауығып кетті.

8Сол қалада осындай үлкен қуаныштар болып жатты.

9Сол жерде бұрыннан бері осы қалада тұратын және сиқыршылықпен айналысатын, Самария халқын таңғалдырып, оларға өзін бір ұлы адам ретінде көрсетіп жүрген Шимон есімді бір ер адам болды.

10Халықтың жасы да, үлкені де соған назарын аударып: -Құдайдың құдіретті ұлы күші тек осы адамда ғана бар, -деп, тек соны ғана тыңдайтын.

11Өйткені көптен бері сол адам олардың бәрін осы бір сиқырлығымен таңғалдырып жүрген болатын.

12Сол уақытта Філіптің Құдай Патшалығы туралы айтқан уағызына көптеген ер адамдар мен әйелдер сеніп, олар Иса Мәсіхтің атымен суға батырылып шомылу рәсімінен өтті.

13Әлгі Шимонның өзі де соған сеніп, суға батырылып шомылдырудан өтіп, Філіптен бір елі қалмай еріп жүрді. Ол Філіптің жасаған кереметтерді көріп жүрді әрі соған таңғалатын.

14Сол кезде Иерусалимдегі елшілер Құдайдың сөзін самариялықтардың да қабылдағанын естіп, оларға Петір мен Жоханды жіберді.

15Олар сонда келіп, енді олардың да Киелі Рухты қабылдауы үшін мінәжат етті.

16Өйткені олардың ешқайсысына да әлі Киелі Рух қонбаған еді. Олар тек Исаның атымен суға батырылып шомылдырудан өткен болатын.

17Елшілер оларға қолдарын қойды, сол кезде олар Киелі Рухты қабылдады.

18Киелі Рухтың елшілердің қолдарын қою арқылы берілетінін көрген Шимон оларға ақша алып келіп:

19-Осы билікті маған да беріңдерші, мен кімге қолымды қойсам, сол Киелі Рухты қабылдайтын болсын, - деді.

20Сонда Петр оған: -Сенің күмісің өзіңмен бірге құрып кетсін, өйткені сен Құдайдың сыйын ақшаға сатып аламын деп ойладың!

21Сондықтан бұл қызметтен сенің алатын үлесің де, орның да жоқ, өйткені сенің жүрегің Құдайдың алдында әділетсіз.

22Сондықтан осы зұлым ой-ниетіңді өзгерту үшін, сен тәубеге келіп, Жаратушы Иемізге мінәжат ет, тек сонда ғана сенің осындай ойларың кешіріледі.

23Өйткені сенің қызғаныштың ащы уымен уланып, әділетсіздіктің шырмауында жүргеніңді көріп тұрмын -деді.

24Сонда Шимон: -Сендердің осы айтқандарыңның ешқайсысы да менің басыма түспесін деп, сендер Иеме мен үшін мінәжат етіңдерші, - деді.

25Осыдан кейін елшілер өздерінің куәліктерімен бөлісіп, Құдайдың сөзін жариялап, бұдан кейін Иерусалимге қайтар жолда көптеген Самариялық ауылдарға да Ізгі хабарды жариялады.

26Жаратқан Иенің бір періштесі Філіпке: -Орныңнан тұр, түскі уақыт болған кезде, Иерусалимнен Газа жаққа баратын жолға бар, -деді. Бұл жер жатқан бір шөл дала болатын.

27Філіп орнынан тұрып, сол жаққа қарай жүрді. Міне, сол жолмен эфиопиялық бір адам, яғни, эфиопиялықтардың ханшайымы Қандақидың барлық байлықтарының үстінен қарайтын уәзірі келе жатты. Ол Иерусалимге келіп, тағзым еткен соң,

28енді кері қайтып бара жатқан еді. Ол күймесінде отырып, Ишая пайғамбардың кітабын оқып отырды.

29Сонда Рух Філіпке: - Күймеге қарай жақында, - деді.

30Філіп жақындап келгенде, оның Ишая пайғамбардың жазбасын күбірлеп оқып отырғанын естиді де, оған: -Не туралы оқып отырғаныңды түсіндің бе? - деді.

31-Егер біреу түсіндіріп бермесе, не жайында екенін қалай түсінейін? -деді. Ол Філіпке күймеге шығып, өзінің қасына отыруын өтінді.

32Оның Жазбадан оқып отырған жері мынау болатын: «Оны құрбандыққа шалатын қой сияқты алып келді, Ол қырқылудың алдында тұрған қозы сияқты дыбысын да шығармады, Ол Өзінің аузын да ашқан жоқ.

33Оны кемсітіп, қорлады, соттың әділдігі де Одан аластатылды. Кім Оның тегін айтып бере алады? Оның жер бетіндегі өмірі алынып тасталмақ», - делінген.

34Осыдан кейін ол Філіптен: -Маған түсіндірші, осы жерде пайғамбар кім туралы айтып тұр? Өзі туралы ма әлде басқа біреу туралы ма? - деп сұрады.

35Сонда Філіп Жазбаның осы жерінен бастап, оған Иса жайында айтылған Ізгі хабарды айтып берді.

36Осылай олар жүріп келе жатып, суы бар жерге жақындайды. Сонда әлгі эфиопиялық: -Міне, су, -дейді ол, -менің суға батырылып шомылдырудан өтуіме не кедергі бола алады? - деді.

37*Сонда Філіп оған: -Егер де сен шын жүрегіңмен Оған сеніп тұрсаң, онда болады, -деді. -Иса Мәсіх Құдайдың Ұлы екеніне сенемін, - деп ол жауап берді.

38Сосын ол бұйрық беріп, күймені тоқтатты. Філіп әлгі эфиопиялық уәзірді суға батырып шомылдырудан өткізді.

39Олар судан шыққан сәтте Иеміздің рухы Філіпті сол жерден алып кетті. Ал эфиопиялық солай болғанын, тіпті, байқаған да жоқ, себебі қуанышқа бөленген ол өз жолымен кете барды.

40Філіп Азот қаласына келді. Содан ол Кесарияға жеткенше Ізгі хабар айтып, өзі жүріп өткен қалалардың бәріне жариялады.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help