1Олар Қонияға келген кезде де солай істеді. Сол жердегі яһудейлердің синагогасына барып, сондағы яһудейлерге де, гректерге де сенім туралы айтып берді. Олардың көпшілігі сенімді қабылдады.
2Сенімді қабылдағысы келмеген яһудейлер өзге ұлт өкілдерінің арасына іріткі салып, олардың жан дүниесіне қызғаныштың шоғын үрлеп, бауырластарға қарсы қойды.
3Солай болса да олар біраз уақытқа дейін сол жерде қалуға мүмкіндік алды. Олар батыл әрекет етіп, Иеміз жайында куәлік айтып, Оның сөзі мен рақымы туралы жариялаған кезде, Иеміз олардың қолдарына кереметтер мен ғажайыптар жасайтын мүмкіндік берді.
4Алайда қала халқы көп болғандықтан, олар екіге бөлінді, бір бөлігі яһудейлермен бірігіп соларды жақтап, олармен біріксе, басқалары елшілер жағына шығып, оларды жақтады.
5Өзге ұлт өкілдері мен яһудейлер және олардың басшылары бірігіп, оларға тас лақтырып, оларды қорлауға тырысып жүргендерін елшілер
6біліп қойды, сондықтан олар Лиқания аймағында орналасқан Лүстра мен Дербі қаларына қашып, сол жерде
7Ізгі хабар тарата бастады.
8Сол Лүстра қаласында аяқтары әлсіз бір ер адам болған еді, ол ана құрсағынан аяғы кем болып туылғандықтан, жүре алмайтын.
9Ол Пауылдың айтқан сөздерін тыңдап отырды, сонда Пауыл оған қадала қарап тұрып, оның сауығамын деген сенімін көрді де:
10-Орныңнан тұр! Аяғыңнан тік тұр! -деп қатты дауыстады. Сол кезде ол орнынан атып тұрып, жүріп кетті!
11Жиналған халық Пауылдың жасаған бұл ісін көргеннен кейін, өздерінің ликаон тілдерінде дауыстап: -Құдайлар адам кейпінде төмен түсіп, бізге келді! - десті.
12Олар Барнабаны Зевс деп атап, сөз бастаған Пауылға Гермес деген ат қойды.
13Бұдан кейін Зевстің бас қызметкері қаланың қақпасының алдына өгіздер мен гүлдестелерді әкелді, құрбандық шалмақ болып, оларды жиналған халықтың алдында алып шықты.
14Мұны естіген Барнаба мен Пауыл елші үстеріндегі киімдерін айыра жыртып, жиналған халықтың ортасына еніп, оларға дауыстап
15былай деді: -Ау, ер-азаматтар, сендер не істеп жатырсыңдар? Мына біз де сендер сияқты адамдармыз, біз сендерге Ізгі хабар туралы уағыздағанда сендер осы ешбір пайдасы жоқ нәрседен бас тартсын, көк пен жерді, теңізді және ондағының бәрін жаратқан тірі Құдайға бет бұрсын деген ниетте болдық.
16Біз өткен күндерге қарайтын болсақ, Құдай сол кездегі ұрпақтарға, олардан тараған халықтарға, тіпті, бәріне, олардың өздері қалаған жолмен жүрулеріне мүмкіндік берді.
17Соған қарамастан Ол Өзінің бар екенін білдіретін куәлікті тоқтатпай, жақсылық жасай берді, Ол сендерге аспаннан жаңбыру жаудырып, жемісті уақытымен беріп, мол азыққа кенелтіп, сендердің жүректеріңді қуанышқа бөлейтін.
18Осындай сөздерді айтқанның өзінде құрбандық шаламыз деген олардың ойларын әрең дегенде тоқтатты.
19Алайда сол жерге Антиохия мен Қониядан келген яһудейлер жиналған халықты үгіттеп, Пауылды өлтірмек болып, оны таспен атқылатты, оны өліп қалды деп ойлап, қаланың сыртына сүйреп шығарып тастады.
20Бірақ шәкірттері жиналып, оны айнала қоршап алды, ол орнынан тұрып, қалаға келді. Келесі күні ол сол жерден шығып, Барнабамен бірге Дербе қаласына барды.
21Олар осы қалада жүріп, Ізгі хабарды уағыздады, сол жерде көп шәкірттер дайындады. Сосын олар Лүстра мен Қония және Антиохия арқылы өтіп,
22сондағы шәкірттерге жолығып: -Сенімдеріне адал болыңдар, өйткені Құдай патшалығына кіру үшін, біздер көптеген қиындықтардан өтуіміз қажет, -деп оларды жігерлендірді.
23Сонымен, олар әр қауымдағы ақсақалдарға қолдарын қойып, олар үшін ораза ұстап, мінәжат етті, оларды өздері сенім артқан Жаратушы Иенің қамқорлығына тапсырды.
24Содан кейін олар Пісидиядан өтіп, Памфүлияға келді.
25Одан кейін Петге деген қалада Құдай сөзін тараттты, сосын Анталияға қарай кетті.
26Олар сол жерден өздеріне Құдайдың рақымы арқылы тапсырылған істі атқаруға шақырылған Антиохияға кемемен жүзіп шықты.
27Сонда келген соң, қауымды жинап алып, Құдайдың олар арқылы қалай жұмыс істегенін және Құдайдың өзге ұлт өкілдеріне сенімнің есігін қалай ашқанын айтып берді.
28Олар уақыттарының көбін шәкірттермен бірге өткізді.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.