Ғалаттықтарға 1 - Zhana Osiet(NTKAZ)

1Адамдардың атынан да емес, адам арқылы да емес, керісінше Иса Мәсіхті өлімнен қайта тірілтіп алған Құдай Әкеміз арқылы елші болған Пауыл,

2өзіммен бірге жүрген барлық бауырластарыма және Ғалатия өлкесіндегі қауымдарға сәлем жолдай отырып,

3Құдай Әкеміз бен Иеміз Иса Мәсіхтің рақымын, тыныштығын сендерге тілейді.

4Ол бізді осы әлемнің зұлымдыққа толы құрсауынан босатып алу үшін, әрі біздің Құдайымыз, әрі біздің Әкеміз Құдайдың еркіне сай Ол Өзін біздің күнәларымыз үшін өлімге қиды,

5міне, сондықтан Оның даңқы ғасырдан-ғасырға жалғаса берсін. Аумин!

6Мен, Сендердің Құдайдың Мәсіх арқылы берген рақымы бойынша өздеріңді шақырып алған ізгі хабардан тез арада бас тартып, одан басқа бір ізгі хабарға бет бұрып кеткендеріңе таңқалып тұрмын.

7Бірақ одан басқа ізгі хабар жоқ, себебі кейбіреулер Мәсіхтің ізгі хабарын бұрмалап оны теріске айналдырып, ал сендердің араларыңа іріткі салғысы келіп жүргендер де бар.

8Алайда мейлі біз болайық, немесе көктен келген бір періште болсын, егер де біз уағыздаған ізгі хабарға қарсы келетін басқа бір ізгі хабарды уағыздайтын болса, онда оны қарғыс атсын.

9Осы туралы алдында да айтқанмын, енді тағы да айтамын, егер де кімде-кім біз қабылдап алған ізгі хабарға қарсы келетін басқа бір ізгі хабарды уағыздайтын болса, оны қарғыс атсын.

10Мен қазір осы сәтте адамдардың айтқанына мойынұсынуым керек пе, әлде Құдайдың айтқанына ма? Әлде маған адамдарға жағымды болатын жолды іздеу керек пе? Егер де мен адамдарға жағатын жолды іздейтін болсам, онда мен Мәсіхтің құлы болмас едім.

11Бауырластар, мен сендердің мынаны біліп алғандарыңды қалаймын: -Мен сендерге уағыздап жүрген Ізгі хабар ол адам арқылы келген жоқ,

12сонымен қатар мен оны адамнан қабылдап, адамнан үйренген де емеспін, керісінше мен оны өзіме Иса Мәсіх ашып берген аян арқылы қабылдадым.

13Өйткені мен өз өмірімде тек яһудейлердің өмір сүру салтымен ғана өмір сүргенім туралы сендер естідіңдер, сол кездері мен қауымды қатты қудалауға салып, оны жойып, құртып жіберуге тырыстым.

14Сонда мен сол өзіміздің ата-бабадан келе жатқан яһудейлік салт-дәстүрді аса бағалап тек соны ұстану жолында өзім секілді өз замандастарымның алдында жүрдім, осылай ата-бабаларымнан қалған сол дәстүрді қызғыштай қорғайтынмын.

15Алайда Құдай анамның құрсағында жатқан кезде-ақ, яғни Ол мені алдын ала таңдап алғандықтан, Ол мені Өзінің рақымы арқылы шақырып алып, маған мейрімін төгіп,

16өзінің Ұлында жатқан бар сырды маған ашып берді де, енді Оның Ұлы туралы ізгі хабарды өзге ұлттардың арасына барып соларға уағызда деп тапсырды, мен сол кезде қанға да, тәнге де тәуелді ешкімнен ақыл-кеңес сұрамадым.

17Әрі Ерусәлімде менен бұрын елшілік міндетін атқарып жүргендерге барған емеспін, мен керісінше сол сәтте Арабияға аттандым, содан кейін кері қайтып қайтадан Дамаскіге келдім.

18Содан кейін мен тек үш жыл өткен соң ғана жоғары биікте тұрған Иерусалимге көтеріліп барып, сонда жүрген Петірмен (Кифамен) таныстым да, оның қасында он бес күн болдым.

19Сол кезде мен сол жерден Иеміздің інісі, яғни тек Жақыптан басқа елшілердің еш қайсысын көрмедім.

20Міне, осы жазғандарымның бәрін Құдайдың алдында тұрып жазып тұрмын, сондықтан менің сендерге айтқандарым өтірік емес.

21Осыдан кейін мен Сирия мен Кілікия аймақтарына қарай жол тарттым.

22Міне, сол кезде Мәсіхтің Яхудея аймағындағы қауымдарына менің бет-жүзім әлі де таныс емес болатын,

23олар тек: кезінде бізді қудалап, бізді құртып жібермек болған адам, енді сол өзі жойып, жоқ қылып жібергісі келген сенімді, өзі уағыздап жүр деген хабарды естіп,

24мені жетектеп жүрген Құдайға мадақ берді.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help