1Сонымен Мәсіх денеде азап шекті, енді сендер де сол ойды өздерің қорғанатын қару іспетті қолданыңдар, өйткені денеде азап шекен адам күнә жасауды тоқтатады да,
2ол енді бұдан былай адамдарды жетелеп кететін құмарлықтарға берілмей, керісінше сол денедегі қалған өмірін Құдайдың еркіне бағындырып, соған арнайды.
3Өйткені өткен шақта сендерде, өзге ұлттың өкілдеріне сай құмарлықтармен азғындықтарға беріліп, маскүнемдік пен сауық-сайран құрып, ішімдікке салынып, пұтқа табынушылықтың заңсыз әрекетіне толық беріліп, соны орындадыңдар.
4Ал енді қазіргі кезде сендердің сол азғындыққа қызығушылық білдірмей, соған жүгірмей тұрғандарыңды байқаған олар сендерге таңдана қарап, сендерді сырттарыңнан жамандап та жүр.
5Алайда олар, сол іс-әрекеттері үшін өлілер мен тірілерді соттауға дайын отырған Құдайға есеп береді.
6Міне, сол үшін де осы ізгі хабар өлілерге де жарияланған болатын, себебі олар да адам денесінде, яғни сотталған денеде жүрсе де, олар өмірлерін Құдайдың рухының жетегінде өткізді.
7Өйткені бәрінің де ақыры таяп қалды. Сондықтан парасатты да, салауатты оймен жүріңдер, әрі сергек болып мінәжат етіңдер.
8Ең алдымен бір-біріңе деген сүйіспеншіліктерің таза да, берік болсын, өйткені көп күнә сүйіспеншілік арқылы жабылады.
9Сондықтан өзара күңкілдеспей, бір-біріңе қонақжай болыңдар, әрі
10әркім қандай дарынға ие болса, Құдайдың үйінің жақсы қызметкерлері ретінде Құдайдың рахымының жанжақты екенін ескере отырып, сол дарындар арқылы өзара бір-біріңе қызмет етіңдер.
11Егер де біреу айтатын сөзім бар десе, онда ол соны Құдайдың сөзіне лайықты етіп айтсын, ал егер де біреу мен қызмет етемін дейтін болса, ол Құдайдың берген күшіне сай қызмет етсін, сөйтіп барлық жағдайда тек Иса Мәсіх арқылы Құдай мадақталатын болсын, әрі Оның даңқы да, күші де ғасырдан-ғасырға жетіп, жалғаса берсін. Аумин!
12Сүйікті бауырларым, егер де сендер қандай да бір жағдайға тап болып, сыналып оттан өткендей болып жатсаңдар, оған сендер таңданып жүрмеңдер.
13Керісінше Мәсіхтің шеккен азабына өздерің де ортақтасып жатқандарың үшін қуаныңдар, өйткені Оның даңқы толығымен ашылған сәтте, сендер одан да бетер қатты шаттанатын боласыңдар.
14Ал егер де сендерге Мәсіхтің атына бола тіл тигізіп жатса, онда сендер бақыттысыңдар, өйткені Оның даңқы мен Оған берілген Құдайдың Рухы сендермен бірге өмір сүруде.
15Тек сендер не бір кісі өлтіруші ретінде немесе ұры, немесе бір зұлымдық иесі ретінде, не болмаса біреудің заттарын тартып алушы ретінде айыпталып, азап шекпесеңдер болды.
16Ал егер де біреулерің тек Мәсіхші ретінде азап шегетін болсаң, оған ұялмай-ақ қойсын, керісінше Соның атымен аталып жүргені үшін Құдайды мадақтасын.
17Себебі, соттың Құдайдың үйінен басталатын уақыты таяп қалды, ал егер сот бізден басталатын болса, онда Құдайдың ізгі хабарына бағынбағандардың ақыры не болмақ?
18Егер де әділеттінің өзі сөйтіп әрең дегенде құтқарылып жатса, онда бұзақылар мен күнәкарлармен не болмақ?
19Сондықтан, Құдайдың еркі бойынша азап шегіп қорлық көргендер болса, жан дүниелерін Жаратушыға тапсырып қойысын да, игі істерін, жақсылықтарын жасай берсін.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.