Тимотейге 2 4 - Zhana Osiet(NTKAZ)

1Сонымен Оның патшалығының келгені анық, сондықтан тірілер мен өлілерді соттай алатын Құдай мен Мәсіх Исаның алдында мынаны жалынып сұраймын,

2тек Құдайдың сөзін уағызда, оған уақытыңның ыңғайы келсе де уағызда, келмесе де уағызда, ыңғайы келіп жаста әшкереле, сөгіс бер, жігерлендір, сөйтіп барлық тәліміңді төзімділікпен атқаратын бол.

3Өйткені дұрыс тәлімді қабылдамайтын уақып келеді, сөйтіп адамдар тек өздері қалайтын жеке құмарлықтарына беріліп, тек өздерінің құлақ құрышын қандырып жағымды сөздер айтып беретін тәлімгердерді қастарына жинап алып,

4құлақтарымен шындықты тыңдауан бас таратып, керісінше құлақтарын ертегілерге бұрады.

5Ал сен барлық жағынан *қағылез әрі сергек бол, қиындықтарға төзе біл, ізгі хабарды жариялауды тоқтатпа, осылай өзіңе тапсырылған қызметті толығымен атқаратын бол.

6Өйткені енді міне менің де байлауым шешіліп, қаным төгілетін уақыт та келіп қалды.

7Мен жақсы күрестім, бар күшімді соған жұмсап, жарыстың аяғына дейін жүгіріп, мәреге жетіп сенімді сақтап қалдым.

8Енді маған тек әділдерге берілетін сәтке дейін сақтап қойған тәжді алу ғана қалды, ал Ием оны маған сол күні береді. Ол әділ төреші, сондықтан Ол оны тек маған ғана емес, Оның келуін қалап, соны аңсап жүргендердің бәріне береді.

9Маған тезірек келуге тырыс.

10Себебі Иемізді емес осы әлемді жақсы көретін Димас, мені қалдырып, өзі Салоника қаласына кетті. Кріскент Ғалатияға, ал Тит Далматияға кетті.

11Қазір менің қасымда Лұқа ғана бар. Өзіңмен бірге Марқаны да ерте кел, өйткені оның қызметі маған аса қажет болып тұр.

12Мен Тихикті Ефеске жібердім.

13Тродағы Карптың үйінде қалып қойған плащ пен кітаптар бар, олардың көбі терімен қапталған маған соларды ала кел.

14Мыс шебері Ескендір маған көп жаманшылық жасады, оның сол істеген істеріне Ием сазайын берсін.

15Ал сен одан байқап, сақтанып жүр, өйткені ол біздің айтқан сөздерімізге өте қатты қарсы болды.

16Алғашқы сот болып, менің ісім қаралған кезде мені жақтайтын ешкім болған жоқ, әрі ешкім келген жоқ, керісінше бәрі мені тастап кетті. Бұл күнә болып оларға тағылмасын.

17Өйткені сол кезде менің қасымда Ием менімен бірге болды, осылай Ол маған күш беріп мені нығайтты, сондықтан мен ізгі хабарды сол жерде толықтай уағыздадым, осылай сол жерде болған халықтардың бәрі оны естіді, мен арыстанның азуынан осылай құтылып кеттім.

18Ием, өзінің Патшалығы үшін мені зұлымдықтың барлығынан осылай құтқарып алмақ. Сондықтан Оның даңқы ғасырдан-ғасырға жасай берсін! Аумин!

19Прискила мен Акилаға және Онисыфордың үйіне де сәлем айт.

20Эраст Қорынтта қалды, ал Трофим ауырып қалған соң, оны мен Мілитте қалдырып кеттім.

21Тездетіп, қыс түспей тұрғанда келуге тырыс. Еубұл мен Пуд және Лин мен Клаудия және осындағы бауырластардың бәрі саған сәлем айтып жатыр.

22Иеміздің Рухы сенімен бірге, Оның Рахымы сендермен бірге болсын!

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help