Елшілер 6 - Zhana Osiet(NTKAZ)

1Сонымен, сол күндері шәкірттердің саны да көбейе берді, грекше сөйлейтін еврейлер жергілікті еврейлерге өздерінің наразылықтарын білдіре бастады. Өйткені күнделікті қажет нәрселерін тарату кезінде, олардың арасындағы жесір әйелдерге аса көңіл бөлінбей қалып жүрді.

2Сонда он екі елші сол жердегі шәкірттердің көбін шақырып алып: -Біздің Құдай сөзін елеусіз қалдырып, ас ішетін үстел басында қызмет етіп жүргеніміз жарамас.

3Сондықтан бауырлар, сендер өз араларыңнан Рух пен даналыққа толған жеті ер азаматты өз куәліктеріңе сай таңдап алыңдар, сосын біздер осы бір аса қажетті істің басына соларды қоямыз.

4Ал біз өзіміздің қызметімізді мінәжат етуге және Құдайдың Сөзіне арнайтын боламыз, - деді.

5Сонда көпшіліктің алдында айтылған бұл сөз бәріне ұнайды. Осыдан кейін олар өздерінің араларынан сенімі мықты әрі Киелі Рухқа толған Степанды, Філіпті, Прохорды, Нықанорды, Тимонды, Пәрменді және өзге ұлт арасынан осы жолға түскен антиоқиялық Нықоланы таңдап алады.

6Оларды Мәсіхтің елшілерінің алдына алып келді, олар қолдарын қойып, мінәжат етті.

7Осылай Құдайдың сөзі кеңінен тарады. Сонымен қатар, Иерусалимдегі шәкірттердің де саны өсіп жатты, *кейбір қызметшілердің үлкен бір тобы сенімге келіп, сөзге құлақ асты.

8Степан да рақымдылықтың күшіне толық ие болып, халық арасында ғажайыптар мен ұлы кереметтер жасап жүрді.

9Сонда *Либертон (бостандықты қалаушы) синагогасы мен Күрне синагогасынан, Ескендір синагогасы мен Кілікия, Азия өлкелерінен келгендердің кейбіреулері Степанмен айтысып қалды.

10Бірақ олар Степанның даналықпен сөйлеген сөзі мен оның Рухына қарсы тұра алмады.

11Сонда олар кейбір адамдарды жасырын түрде дайындап, оларға: «Біз оның Мұсаға және Құдайға қарсы сөйлеп, Оған тіл тигізгенін естідік», - деп айтқызып қойды.

12Олар осылайша халықты және ақсақалдар мен Таурат заңы зерттеушілерін желіктіріп қойды. Сөйтіп, олар аңдып жүріп Степанды ұстап алып, синедерионға алып келді.

13Одан кейін әлгі жалған куәлік берушілерге былай деп айтқызды: -Бұл адам үнемі мына киелі орын мен Заңға қарсы сөйлейді.

14Біз оның: -Назареттік Иса бұл жерді қиратып, бізге Мұсадан мұра болып қалған әдет -ғұрыптарды өзгертетін болады, - дегенін естідік.

15Синедериондағылардың бәрі Степанды ала көздерімен атты, оған мұқият қарағандар оның бет-жүзінің періштенікіндей жарқырап тұрғанын көреді.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help