Філимонға 1 - Zhana Osiet(NTKAZ)

1Иса үшін өз еркімен бұғауда отырған Пуыл және бауырым Тімотей, біз секілді қызмет етіп жүрген сүйікті бауырым Филимонға;

2апайым Аппиға және бізге де және сенің үйіңдегі қауымғада көмек көрсетіп жүрген Архипке,

3біздің Әкеміз Құдайдан және Иеміз Иса Мәсіхтен рахым мен тыныштық тілейміз.

4Мен мінәжат еткен сайын, Құдай менің есіме сені әрқашан да салып тұрады, мен сол үшін Оған рақметімді айтамын.

5Сенің Иеміз Иса мен Құдайдың барлық киелі адамдарына деген сүйіспеншілігің мен сенімің жайлы естідім,

6сондықтан сенің сенімің барлық жақтан игілікті болуы үшін, сен Мәсіхте жатқан бар жақсылықты терең танып білсе екен деп тілеймін.

7Өйткені сенің бойыңдағы сүйіспеншілік маған көптеген қуаныш пен жұбаныш әкелді, ардақты бауырым. Оның себебі, Құдай киелі адамдардың ішкі жан дүйесіне қажет тыныштықты сен арқылы беріп отырды.

8Ал Мәсіхте болғандықтан, саған: «Өз міндетіңді дұрыс атқар», -деп бұйрық беретін құқығым бар болса да, оны қолданбай,

9оның орнына өзіңе айтатын өтінішімді сүйіспеншілікпен жеткізуді жөн көрдім, себебі, мен, Пауыл қазіргі кезде «ақсақал» атандым, әрі Мәсіх Иса үшін тұтқында отырмын.

10Ал енді менің саған айтатын өтінішім: «Менің балам Онисим үшін болады. Мен онымен тұтқында отырған кезде табысып, ол маған бала, ал мен оған Әке болдым».

11Ол бір кездері саған пайдасыз болса, енді ол саған өз пайдасын тигзіеді деген ойдамын, ал оның маған тигізген пайдасы өте көп.

12Міне, енді мен оны өзіңе қайта жіберіп отырмын, алайда менің ішкі жан дүнием онымен бірге кетіп қалған секілді.

13Егер менде мүмкіндік болса, мен оны өзіммен бірге қалдыруға тырысар едім, сонда ол сен үшін қызмет етіп, ізгі хабар үшін тұтқында отырған мына маған көмегін беретін еді.

14Ал сенің ол туралы көзқарасыңның қалай болатынын білмегендіктен, ешбір шешім қабылдаған жоқпын, ондағы мақсатым саған жақсылықты мәжбүрлетіп істету емес, керісінше сен жасайтын жақсылығыңды тек өз еркіңмен жасасын деген қалау болды.

15Мүмкін, Құдай оны осы уақытқа дейін саған сақтап беру үшін оны сенен бөліп тастап, енді оны сен мәңгі қайта қабылап алсын деген шығар.

16Ал сен оны енді құл ретінде емес, керісінше құлдан да жоғары сүйікті баурың ретінде қабылдарсың, өйткені ол маған қалай қымбат болса, саған да ол тәни де, әрі Иемізде де солай қымбат болуы тиіс.

17Сонымен егер де сен мені өзіңдей көріп, қалай мені қабылдасаң, оны да солай қабылда.

18Ал егер де, ол әділетсіздік істеп немесе саған қарыздар болса, оны менің мойныма сал;

19міне, мен, Пауыл, өз қолыммен жазып отырмын, мен қарызыңды төлеймін. Сонымен қатар, сенің өзіңнің маған қаншалықты қарыздар екеніңді айтпай-ақ қояйын.

20Иә, бауырым, Иеміздің алдында сенің де пайдаң маған да тисін, сен осылай менің Мәсіхке берілген ішкі жан дүниеме тыныштық сыйла.

21Мен осыларды сенің мойын ұсынып тыңдай алатыныңа көзім жеткендіктен жазып отырмын, өйткені сен менің айтқанымнан да асырып, одан да артық істейтініңе мен сенімдімін.

22Сонымен қатар, сендердің мінәжатарыңның арқасында мен өздеріңе барып, сыйлы қонақ болып қайтамын деген үміттемін, сондықтан маған да бір орын дайындап қой.

23Иса Мәсіх үшін менімен бірге тұтқында отырған Епафрас,

24әрі ізгі хабар тарту кезінде маған серік болған, менің әріптестерім: Марқа мен Арыстрақ, Димас пен Лұқа да саған сәлем айтуда!

25Ием Иса Мәсіхтің рахымы сендердің рухтарыңмен бірге бола берсін!

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help