1Сенімде мықты біздер өзіміздің бас пайдамызды ойламай, әлсіздердің қателігіне шыдамды болайық.
2Сондықтан біздің әрқайсысымыз жақынымыздың жақсы іске икемді болып, қалыптасуы (рухани өсуі) үшін, қамқорлық танытуымыз қажет.
3Себебі Мәсіх Өз-Өзіне жағуды көздеген жоқ, Жазбада: «Сені қорлап сөйлегендердің сөзі Маған тиіп жатыр», -деп қалай жазылса, Онымен дәл солай болды.
4Өйткені ертеде Жазбада жазылғандардың барлығы бізді тәрбиелеу үшін жазылған, сол себепті біз Жазбадан алған табандылық пен жұбаныш арқылы үмітке ие боламыз.
5Сондықтан сендер бір-бірің туралы ойлағанда, табандылық пен жұбаныштың Құдайы сендерді Иса Мәсіхтің ойымен жетелесін,
6сөйтіп, бәрің бірдей, бірауыздан Құдайды және Иеміз Иса Мәсіхтің Әкесін мадақтаңдар.
7Мәсіх сендерді қалай қабылдаса, сендер де бір-біріңді Құдайдың аты мадақталуы үшін, солай қабылдаңдар.
8Менің сіздерге айтарым: Мәсіх Өз қызметін сүндеттелгендер үшін атқарған кезде, оны Құдайдың адалдығын көрсету үшін істеді, сөйтіп, ата-бабаларымызға берілген уәдені нығайтып бекітті,
9рақымдылық өзге ұлт өкілдеріне Құдайды мадақтау үшін берілді. «Осы ісің үшін, өзге ұлттардың арасында да Сенің сүйіспеншілігіңді мойындап, Сенің атыңды жырмен мадақтаймын», -деп Жазбада қалай жазылса, солай болды.
10Сонымен қатар, тағы да былай деп жазылған: «Өзге ұлттың өкілдері, Оның халқымен бірге шаттанып қуаныңдар!»
11Тағы да: «Барлық ұлттар, Иемізді мадақтаңдар! Барлық халықтар, Оны мадақтаңдар!» - деп жазылған.
12Сол сияқты Ишая пайғамбар былай деді: «Тамыр Есей әулетінен болады, Сол халықты көтеріп, басқаратын болады, сонда өзге ұлттың өкілдері де үміттерін Оған артатын болады».
13Сондықтан барлық үміттің Құдайы сендерді әр түрлі қуаныштарға кенелте берсін, осылай үміттерің Киелі Рухтың күшімен молая берсін.
14Бауырластар, сендер жайында ойлаған кезде, өздерің де жақсылық жасауға толықтай дайынсыңдар, солай істеуге білімдерің де, бір-біріңе ақыл айтуға қабілеттерің де жететініне мен нық сенімдімін.
15Сонымен қатар, Құдайдың маған берген рақымдылығын сендердің естеріңе салу үшін, хаттың кейбір бөліктерін сендерге батылдықпен жаздым.
16Өйткені мен Құдайдың Ізгі хабарын басқа ұлттарға да жеткізіп, сол ұлттардың сый-тартуларын ұнамды және Киелі Рух арқылы таза болуын қадағалап жүретін Иса Мәсіхтің қызметкері болдым.
17Сондықтан мен Иса Мәсіхтегі бар мақтанышымды Құдайға осылай жеткіземін.
18Өйткені Мәсіх өзге ұлттардың да Құдайға мойынсыну үшін, Ол мен арқылы сөзбен де, іспен де жасаған істерін айтуға батылым жетеді, өйткені бұл
19белгілі күшпен әрі кереметпен, Құдай Руқының күшімен болды. Сондықтан мен Ерусәлімнен бастап, Иллирикке дейін Мәсіхтің Ізгі хабарын таратумен болдым.
20Мен өз құрылысымды басқа біреудің салып қойған іргетасының үстіне салмау үшін, Мәсіхті білмейтін жерде, яғни,
21Жазбаға сай: «Ол туралы әлі естімегендер Оны көрсін деп, Оны естімегендер ұғынсын», - деп баруға тырыстым.
22Менің сендер жаққа баруыма көп нәрселер кедергі келтірді.
23Қазір осы аймақтарда менің орным болмаса да, өздеріңе барып қайтуды көп жылдардан бері аңсап жүрмін,
24Испанияға сапармен өтіп бара жатып, өздеріңді бір көруге үміттеніп жүрмін. Аз да болса өздеріңмен бірге болып, рахаттанып қалармын. Сонда сендер де мені сол жаққа шығарып саларсыңдар.
25Ал қазір киелі болып жүргендерге қызмет ету үшін, Ерусәлімге кетіп барамын.
26Өйткені Македония мен Ахаялықтар ортақтасып, Ерусәлімдегі кедейшіліктен көз ашпай жүрген кейбір киелі бауырларымызға көмектесіп, игі іс жасасақ деп шешті.
27Олар осы игілікті істі өздері оларға қарыздар болғандықтан істеп жатыр. Өйткені олар өзге ұлттың өкілдері болса да, олармен рухани жағынан бірігіп кетті, сондықтан олар тән жағынан да оларды қолдап, қызмет етуге міндетті.
28Сонымен, осы істі аяқтап болған соң, олардың бұл жемісіне мөр басып бекітіп, сендер арқылы Испанияға бармақпын,
29өздеріңе барғанда, Мәсіхтің батасын сендерге толық алып келмекпін.
30Бауырластар, біздің Иеміз Иса Мәсіхтің актымен және Рухтың бізге деген сүйіспеншілігімен менімен бірге күресіп, мен үшін Құдайға мінәжат етулеріңді өтініп сұраймын.
31Сонда мен Яһудеяда мойынсынбай жүргендерден азат боламын, сөйтіп, менің Ерусәдімдегі жасайтын қызметім оларға жағымды да әрі киелі болады,
32Құдайдың еркі бойынша өздеріңе қуанышпен барып, сендермен бірге тыныштыққа ие боламын.
33Сол тыныштықтың Құдайы сендермен де, барлығымен де бірге болсын! Аумин!
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.