1Ал бізді бостандыққа шығарған Мәсіх, осы ойда тұрыңдар, енді қайтадан құлдықтың қамытын кимеңдер.
2Мен, Пауыл, сендерге мынаны айтамын: -Егер де сендер сүндеттелетін жолды ұстанатын болсаңдар, онда Мәсіх сендерге ешқандай да пайда әкелмейді.
3Сендердің естеріңе мына куәлікті салайын: -Сүндеттелген әр бір адамның міндеті сол -заңда көрсетілген талаптарды толығымен орындауы тиіс.
4Ал енді сол заңның талаптарын толығымен орындап, сол арқылы ақталамыз деп жүргендерді Құдай Мәсіхтен бөліп тастады сондықтан сендер рақымдылыққа ілінбей түсіп қалдыңдар.
5Ал біз болсақ рухта сенім арқылы ақталатынымызға сенеміз, әрі соған үміт артып соны күтеміз.
6Өйткені Иса Мәсіхтегілерге сүндеттелуден не болмаса сүндеттелмеуден келетін күште пайда да жоқ, себебі оларда сүйіспеншілік арқылы сенім әрекет етеді.
7Сендер жақсы жүгіріп келе жатыр едіңдер, кім сендерге кедергі келтіріп, өздеріңе шындықты мойындауға кім бөгет болды екен?
8Дәл осы ой-пікір сендерге Шақырып алушыдан келген жоқ.
9Бүкіл қамырды кішкентай ғана ашытқы ашытады.
10Сендерде Иемізге байланысты бұдан басқа ойдың болмағанына мен нық сенемін, ал сендерді тура жолдан тайдырып сендерді дүрліктіріп жүргендер кім болса ол болсын, ол өз сазайын тартады.
11Бауырластар, егер де мен әлі де болса сүндеттелуді уағыздап жүрген болсам, онда мен неге осы күнге дейін мені қудаланудың астында жүрмін? Егер де сол нәрсе дұрыс болса онда біздің айқыш туралы уағызымыз ешқандай да кедергіге жолықпас еді.
12Негізі сендерді дүрліктіріп жолдан тайдырып жібергендердің сол мүшесін, кесіп алып тастаса ғой шіркін.
13Бауырластар, сендер еркін жүріп тұру үшін шақырылдыңдар, енді сендер сол еркіндіктеріңді тек тәндік құмарлықтарыңды қанағаттандыру үшін пайдаланбаңдар, керісінше сүйіспеншілік арқылы бір-біріңе қызмет етіңдер.
14Себебі, бүкіл заңның талабын «Өзіңді қалай сүйсең, жақыныңды да солай сүй» деген бір сөздің ішіне кіргізіп оны солай бекітіп қойды.
15Ал егер де бір-біріңді тістелеп, шайнап жейтін болсаңдар, онда байқаңдар, бір-біріңді сол арқылы құртып жіберулерің де мүмкін.
16Сондықтан сендерге былай деймін: -Егер де сендер рухтың қалауымен жүретін болсаңдар, онда сендерде тәннің қалауы болмайды, әрі әрекет етпейді.
17Өйткені тәннің қалауы рухқа қарсы, ал рухтың қалауы тәнге қарсы тұрады, себебі олардың екеуі де бір-біріне қарсы, сондықтан сендер өз қалған қалауларыңды қанша істегілерің келсе де, оны істей алмайсыңдар.
18Ал егер де сендер тек Рухтың жетегінде болсаңдар, онда сендер заңның билігінің астында емессіңдер.
19Себебі, тәни іс-әрекеттердің бары анық, олар мыналар: -Нәпсіқұмарлық, жыныстық азғындық, бейбастық,
20пұтқа табынушылық, сиқыршылық, қаскөйлік, ұрыскеріс, қызғаныш, ашу-ыза, бақталастық, екі жүзділік, жалған ілімге берілу,
21күндестік, маскүнемдік, шексіз сауық сайран құру, тағы осы сияқты нәрселер. Мен осылар туралы өздеріңе алдында да айттым, енді соны тағы да айтамын, осы нәрселерді істеп жүргендер, Құдай патшалығындағы мұралыққа мұрагер бола алмайды, одан құр алақан қалады.
22Ал енді Рухтың беретін жемісі міне мыналар: -Сүйіспеншілік, қуаныш, бейбітшілдік, тыныштық, төзімділік, адалдық, ізгілік, сенім,
23кішіпейілділік, ұстамдылық, міне осындай іс-әрекеттерге заң қарсы тұра алмайды.
24Өйткені Мәсіх Исаның меншігі болып жүргендер, өздерінің тәни құштарлықтары мен күнәкар құмарлықтарын айқышқа шегелеп қойды.
25Сондықтан егер өмір сүретін болсақ рухпен өмір сүріп, рухпен әрекет етейік.
26Арамызда атақ құмарлықпен бір-бірімізді шағыстыру, көре алмаушылық атауымен болмасын!
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.