Елшілер 9 - Zhana Osiet(NTKAZ)

1Саул Жаратқан Иенің шәкірттеріне өлім тілеп, бұрынғыдай оларға қауіп-қатер төндірді. Бірінші бас қызметкерге барып,

2одан Дамаск қаласына баратын рұқсат қағаз сұрап алды. Ондағы мақсаты сол жердегі синагогаларға барып, осы жолда жүрген еркек болсын немесе әйел болсын, тауып алып, оларды байлап-матап, Иерусалимге алып келу болатын.

3Сонымен, ол Дамаскіге жақындап қалғанда, кенеттен аспаннан бір жарық сәулесін түсіріп, оның айналасын жап-жарық етіп, жарқыратып жіберді.

4Сол кезде ол жерге құлап түсті, сонда ол: -Саул, Саул, сен не үшін Мені қудалап жүрсің? -деген дауысты естіді.

5Сонда Саул: -Ием, Сен Кімсің? -деді. Сонда: -Мен -сен қудалап жүрген Исамын, - деп жауап берді Ол.

6-Енді орныңнан тұр да, алдыңда тұрған қалаға бар, не істеу керек екенін саған сол жерде айтылады, - деді.

7Оған еріп келе жатқан адамдар осы сәтте жансыз адамдай сілейіп тұрып қалды, олар дауысты естігенмен, бірақ ешкімді көрмеді.

8Сонда олар Саулды жерден көтеріп тұрғызды, ол көзін ашқанда, ештеңе көре алмайтын болып қалады. Қасындағылар оны қолынан жетектеп, Дамаск қаласына алып барды.

9Осыдан кейін ол үш күн бойы ештеңе көрмей қалады, тамақ та, су да ішпейді.

10Сол Дамаскіде Анани есімді бір шәкірт тұратын, Жаратқан Ие оған көрініп: -Анани! -деді. -Иә, Ием, мен мұндамын, - деп жауап қайырды ол.

11Сонда Жаратқан Ие оған: -Орныңнан тұр да, Түзу деп аталатын көшеге бар. Сол жердегі Яһуданың үйінен тарстық Саул деген адамды іздеп тап. Ол қазір мінәжат етіп жатыр,

12оның көзі ашылсын деп, үстіне қол қойып сиынған Анани есімді адамды көрді, - деді.

13Сонда Анани: -Жаратқан Ием, мен көп адамдардан оның Иерусалимдегі Сенің киелі адамдарыңа қаншалықты зұлымдық жасағаны жайлы естідім және ол бұл

14жерге бірінші бас қызметкерлерден берілген билік бойынша келді, оның мақсаты -Сенің атыңды атап, шақыратындарды байлап-матап алып кету, - деді.

15Сонда Жаратқан Ие оған: -Сенің сонда баруың керек, себебі ол менің таңдап алған құралым болады, ол Менің атымды халықтар мен патшалардың алдында әрі Исраилдің ұлдарына ашық жариялайтын болады.

16Мен оған Менің атыма бола қаншама азапқа төзу қажет болатынын түсіндіремін, - деді.

17Осыдан кейін Анани барды, сол үйге кіріп, Саулға қолын қойып: -Бауырым Саул, сен жолда келе жатқан кезде өзіңе көрінген Жаратқан Ием Иса сенің көзің ашылып, Киелі Рухқа толуың үшін, мені саған жіберді, -деді.

18Сол сәтте оның көзіндегі қабыршақ сияқты нәрсе түсіп, оның көзі көретін болды. Бұдан соң ол орнынан тұрып, суға батырылып шомылдырудан өтті.

19Сосын тамақ жеп, әлденіп алды. Сауыл бірнеше күндей сол Дамаскіде болып, Исаның шәкірттерінің қасында жүрді.

20Міне, ол сол сәттен бастап, ол Исаның Құдайдың Ұлы екенін сол жердегі синагогаларда жариялай бастады.

21Оны естігендердің бәрі оған таңдана: -Иерусалимде осы Есімді атап шақырғандардың бәрінің көзін жойып, оларды құртқан адам осы емес пе? Оларды тұтқындап, бірінші бас қызметкердің алдына апару мақсатымен осында келді емес пе? - десті.

22Саул одан бетер күшейіп, Дамаскіде тұрып жатқан яһудейлерге Исаның Мәсіх екенін дәлелдеді, олар дүрлігіп, естері шықты.

23Арада біраз күндер өтіп кетті, алайда яһудейлер өзара бірігіп, Саулды өлтірмек болып шешім қабылдады.

24Алайда олардың бұл мақсаттары Саулға белгілі болады. Қастандық жасаушылар оны өлтіру үшін күнітүні қақпаларды күзетіп, аңдумен болды.

25Сонда шәкірттері оны себетке отырғызып, қала қабырғасы арқылы төмен түсіріп жібереді.

26Ол Иерусалимге қайтып келген соң, сол арадағы Исаның шәкірттерінің арасына сіңіп кеткісі келді, алайда бәрі одан қорқып, оның шәкірт болғанына әлі де сенбеді.

27Оны өзіне жақын тартқан тек Барнаба болды. Ол Саулды елшілерге ертіп келіп, жолда кетіп бара жатқанда Жаратқан Иені оның қалай көргенін және Исаның оған не айтқанын, одан әрі Дамаскіде болғанда Исаның атынан қалай қорықпай уағыз айтқаны туралы оларға баяндап берді.

28Сонымен, елшілер Иерусалимнен шыққанда да, қайта кіргенде де Саул барлық жерде олармен бірге болды және Жаратқан Иенің атынан қорықпай, батыл сөйлеп жүрді.

29Ол кейбір грекше сөйлейтін еврейлермен жиі сөйлесіп, сөз таластырып қалатын, олар Саулды өлтіруге тырысты.

30Бұл жайында біліп қойған оның бауырластары оны тездетіп Кесарияға жеткізіп, сосын одан әрі орналасқан Тарсқа жіберді.

31Сол арада Яһудеядағы және Ғалилея мен Самариядағы қауымдардың барлығында бір тыныштық орнайды. Қауымның мақсаты мен тәліміне бет бұрып, Құдайдың алдында қорқынышпен өмір сүріп, Киелі Рухтан жұбаныш пен жігер алып, көбейе бастайды.

32Барлық қалаларды бірінен соң бірін аралап шыққан Петір Лүдада тұратын сенушілерге келеді.

33Сол жерде сегіз жылдан бері жүре алмай төсек тартып жатқан Әней есімді адам болған еді.

34Сонда Петір оған: -Әней! Иса Мәсіх сені сауықтырды! Орныңнан тұр! -деді. Міне, сол сәтте ол орнынан тұрып, жүріп кетті.

35Сонда оны Луддада және Шаронда тұратындар және Иемізге бет бұрғандардың бәрі де көрді.

36Иоппеде Табита есімді бір шәкірт болды, оның есімінің мағынасы «таудың киігі» дегенді білдіреді. Табитаның жақсылық пен қайырымдылыққа толы істері өте көп еді.

37Бір күні ол ауырып, қайтыс болды. Оның денесін жуындырып, жоғарғы бөлмеге апарып қояды.

38Лүдда Иоппеге жақын орналасқандықтан, шәкірттер Петірдің сол жерде екенін ести сала: -Бізге тезірек келіңізші! -деп өтініп, шақырып келуге екі ер адамды жіберді.

39Сонда Петір орнынан тұрып, олармен бірге еріп барды. Келген соң, оны ертіп, олар жоғарғы бөлмеге көтерілді, сонда Табитаның қасында жылап тұрған жесірлер Табитаның («тау киігінің») олармен бірге болған кезінде тіккен хитондарын және көйлектерін оған көрсете бастады.

40Бірақ Петір олардың бәрін сыртқа шығарып жіберіп, тізесін бүгіп, мінәжат етті. Сосын ол өлі денеге қарай бұрылып: -Табита, орныңнан тұр! -деді. Ол көзін ашты, Петірді көріп, басын көтеріп отырды.

41Петір оған қолын беріп, демеп, аяғынан тұруға көмектесті. Сол жердегі сенушілер мен жесірлерді шақырып алып, оларға тірілген Табитаны көрсетті.

42Бұл оқиға бүкіл Иоппеге белгілі болып, сол жердегі адамдардың көбі Жаратқан Иеге осы (куәлік) арқылы сенді.

43Петір Иоппедегі Шимон есімді тері илеушінің қасында бірнеше күнге дейін болды.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help