Салониқалықтарға 2 1 - Zhana Osiet(NTKAZ)

1Пауыл мен Силастан және Тімотеден, біздің Құдай Әкемізбен Иеміз Иса Мәсіхтегі, Салоника қауымына:

2біздің Құдай Әкеміздің Иеміз Иса Мәсіх арқылы берілген рахымын және бейбіт тыныштығын тілейді.

3Бауырластар, біз сендер үшін Құдайға әрқашан да алғыс айтамыз, әрі оны біз өз міндетіміз деп санаймыз, соған сендер өте лайықтысыңдар, өйткені сендердің сенімдерің өте биіктеп өсіп барады, әрі әрқайсыңның өзара бір-біріңе деген сүйіспеншіліктерің мол болып көбеюде.

4Сондықтан біз де сендер өз сенімдеріңе берік болып қуғын-сүргін кезінде табандылық көрсетіп, барлығына шыдап жүргендерің туралы Құдайдың қауымдарына паш етіп мақтана айтып жүрміз.

5Ал сендердің осы тартып жатқан азаптарың, Құдай Патшалығына сендердің лайықты екендеріңді, ал Құдайдың сотының әділ екенінің дәлелі болып тұр.

6Өйткені Құдайдың әділдігі сендерге қысымшылық жасағандардың қысымшылығын олардың өздеріне қайтарып береді де,

7ал қысымшылық көрген сендерді әлсіретпеу үшін Ол өзінің тыныштығын бізбен бірге сендрге де анықтап ашып береді. Ал Иеміз Иса Өзінің көктегі періштелерімен келген кездегі Оның күші,

8жалындаған от болып келеді де Құдайды білмейтіндер мен біздің Иеміз Иса Мәсіхтің ізгі хабарын тыңдамағандардан кегін алады,

9сөйтіп, Құдай оларды мәңгілікке жазалап, оларды Өзінің бет жүзінен және Өзінің құдіретті күшті даңқынан аластатады.

10Осы нәрсе Ол Өзіне бағышталғандарды даңққа бөлеу үшін келген кезде болады, міне, сол күні Ол Өзіне сеген сенушілердің әрқайсысын таңқалдырады, өйткені сендер біздің өздеріңе жеткізген куәлігімізге сеніп Оған сенім арттыңдар.

11Сол себептен біз сендер үшін мәнәжат еткенде әрқашанда былай мінәжат етеміз: -Құдай сендерді Өзінің шақыруына лайықты етіп жетелей берсін, сөйтіп сендердің әрбір ізгілікке толы ниеттерің оырындалып сендердің сенімдегі іс-әрекеттерің күшейе берсін

12сендердегі Иеміз Исаның аты мадақтала берсін, ал сендер Онымен бірге бола беріп, біздің Құдайымыз, әрі Иеміз Мәсіхтің рақымдылығына бөлене беріңдер!

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help