Салониқалықтарға 2 2 - Zhana Osiet(NTKAZ)

1Бауырластар, біздің Иеміз Иса Мәсіхтің қайтып келуіне байланысты, әрі біздің жиынның атынан біз сіздерден мынаны өтінеміз:

2сендердің ой-саналарың тез арада толқуға түсіп, рух арқылы, не сөз арқылы, не болмаса біздің өздеріңе жазған хаттарымыз арқылы үрейге беріле бермесін, өйткені біздің Иеміздің келетін күні жақындап қалды.

3Ешкім сендерді өздерінің қандай да бір айла-әрекеттері арқылы алдап кетпесін, өйткені ең алдымен сенімнен бас таратын уақыт пайда болады, одан кейін заңсыз әрекет етуші адам, яғни құрып кететін ұл анықталып аян болады,

4ол Құдай деп дәріптелетіндер мен киелі деп саналатындардың бәріне қарсы болып, оларға қарсы шығады да, ол өзін «Құдай менмін» деп жария етеді, соны дәлелдеу үшін ол Құдайдың киелі үйінің төріне барып отырып алады.

5Мен осы туралы өздеріңе сендермен бірге болған кезде айтқан едім, сол естеріңде ме?

6Ал енді қазіргі кезде сол нәрсенің ашылып, өз уақытында айқын болмай жатқанына ненің кедергі болып жатқанын өздерің білесіңдер.

7Өйткені заңсыздық өз әрекетін жасырын түрде істеуде, алдымен оның келуіне кедергі болып тұрған күш ортадан алынып тасталынуы тиіс.

8Тек сол кезде ғана заңсыз әрекет етушінің беті ашылады, міне, сонда Иеміз Иса, Өзінің аузындағы рухпен оны құртып жібереді де Өзінің қайтып келуі арқылы оның өзін жарамсыз етіп тастайды.

9Ал сол заңсыз әрекет етушінің келуіне Сайтан себепкер болады сондықтан оған әр түрлі кереметтер мен өтірік ғажаптарды жасайтын күштер беріледі,

10сондықтан ол барлық жағынан әділетсіздікке барып, құрып кетуге дайын тұрғандарды алдап, адастырады, өйткені олар өздеріне берілген құтқарылу жолында ондағы шынайы сүйіспеншілікті қабылдамады.

11Міне, сондықтан Құдай олардың сол өтірікке сеніп, оларды адасытарып жіберетін осы бір іс-әрекетті соларға әдейі жібереді.

12Сонымен шындаққа сенбей, әділетсіздікпен рахаттанып жүретіндердің бәрі осылай сотталатын болады.

13Иеміздің сүйіспеншілігіне бөленген бауырларым, біздің міндетіміз-сендер үшін әрқашанда Құдайға рахмет айту, өйткені Құдай сендерді таңдап алған кезде, сендерді шынайы сенім арқылы құтқарылып, Рухқа бөленгендердің ең алғашқысы болсын деп таңдап алды.

14Сондықтан Ол сендерді, біздің өздеріңе жеткізген ізгі хабар арқылы шақырып алды да, сендерді Иеміз Иса Мәсіхтің даңқына бөледі.

15Сол үшін енді бауырластар, нық тұрыңдар біздің өздеріңе сөз арқылы болсын, жолдау хат арқылы болсын, өздеріңе үйреткен ілімді, берік ұстаныңдар.

16Біздің Иеміз Иса Мәсіхтің Өзі де және Құдай Әкеміз де бізді жақсы көргендіктен, бізге мәңгі өшпейтін үмітін әрі жұбанышын, оған қоса бізге ізгілікке толы рақымын да беріп қойды,

17енді сол жұбанышты сендердің жүректеріңе берсін, әрі сендерді әрбір істеген істе жақсы сөзімен нығайта берсін.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help