Аян 3 - Zhana Osiet(NTKAZ)

1Сардтағы қауымның періштесіне былай деп жаз: «Құдайдың жеті Рухы мен жеті жұлдыздың Иесі былай дейді: Сенің істеріңді білемін. Сенің, әйтеуір, тірі жүр деген атың болғанмен, бірақ өлісің.

2Сергек бол! Жападан жалғыз қалып, өздерін өлімге дайындап қойғандарды нығайта түс, өйткені Менің байқағаным: сен Менің Құдайымның алдында атқаратын істеріңді толық орындап жүрген жоқсың.

3Сондықтан нені қабылдағаныңды, нені естігеніңді есіңе түсір және соны орындауға тырысып, ақыл-ойыңды өзгертіп, тәубеге кел. Егер де дәл солай сергек болмасаң, онда Мен ұры секілді аяқ астынан келемін, сен Менің қай уақытта келетінімді де білмей қаласың.

4Алайда Сартда киімдеріне дақ түсірмей, өздерінің аттарына кір келтірмей таза жүрген біраз адамдар бар. Міне, солар аппақ киім киіп, Менің қасымда жүретін болады, өйткені олар соған лайықты.

5Жеңімпаз болған ғана дәл осылай аппақ киім киеді, Мен оның есімін Өмір кітабынан өшірмеймін, Мен Әкемнің және періштелердің алдында оның есімін жариялаймын.

6Құлағы барлар, Рухтың қауымдарға осы айтқанын тыңдап, естеріне сақтап алсын!».

7Филадельфиядағы қауымның періштесіне былай деп жаз: «Киелі әрі Шындықтың Иесі былай дейді: Менің қолымда Дуәіттің кілті бар. Сол кілт ашқанды ешкім де жаба алмайды, ал жапқанды ешкім де аша алмайды.

8Мен сенің істеріңді білемін, байқаған шығарсың. Мен сенің алдыңнан есікті ашып қойдым, енді ешкім де оны жаба алмайды. Сенің күшің өте аз, алайда Менің сөзімді жоғалтпай, сақтап жүрсің әрі сен Менің атымнан бас тартпадың.

9Өздерін яһудейміз деп атайтындарға келсек, олар өтірік айтады, олар шын мәнінде яһудейлер емес, өйткені олар сайтанның жиынына барады, сондықтан Мен оларды сенің алдыңа алып келіп, аяғыңның астына жығып беремін, сонда олар Менің сені жақсы көретінімді білетін болады.

10Себебі сен төзімділік танытып, Менің сөздерімді сақтап, берік ұстандың. Жер бетіндегі күллі адамзатты сынау үшін, болашақта бүкіл әлем халықтарының бастарына түсетін сын сағатта Мен де сені сақтап қаламын.

11Мен жуық арада келемін, сенің тәжіңді біреу алып кетпесін десең, оны қолыңнан жіберіп алмай, мықтап ұста.

12Кім жеңімпаз болса, Мен оны Өзімнің киелі үйімнің тіреуіші (тірегі) етіп қоямын, ол сол жерді ешқашан тастап кетпейді. Сонда Мен оған Менің Құдайымның есімін, Менің Құдайымның қаласының атын және Менің Құдайымның атынан көктен түсетін жаңа Иерусалимнің атын әрі Өзімнің жаңа есімімді жазып қоямын!

13Құлағы барлар, Рухтың қауымдарға айтқанын тыңдап, естеріне сақтап алсын!»

14Лаудкидегі қауымның періштесіне былай деп жаз: «Кімнің есімі Аумин аталған және Құдайдың әуел бастан Жаратушы екеніне шынайы Куәгер болған былай дейді:

15Мен сенің істеріңді білемін, алайда сен ыстық та емессің, суық та емессің. Не ыстық, не суық болсаң ғой, шіркін!

16Алайда сен не ыстық та емес, не суық та емес, жай ғана жылы болдың, сондықтан Мен сені аузымнан түкіріп тастауға дайынмын.

17Бірақ сен өзіңді: «Мен-баймын, Мен байып алдым, мен еш нәрсеге мұқтаж емеспін», -деп жүрсің. Алайда сен өзіңнің бақытсыз әрі сорлы, кедей әрі соқыр, жалаңаш екеніңді білмейсің.

18Егер де сенің байығың келсе, онда Менен оттан балқып шыққан алтынды, сенің расымен де жалаңаш екеніңді көрсетпейтін әрі өзіңді ұятқа қалдырмайтын аппақ киімді және көзің көру үшін, көзге жағатын май сатып алуға Мен кеңес беремін.

19Мен кімді көбірек жақсы көрсем, соны әшкерелеймін әрі жазалаймын. Сондықтан бар ынтаңмен ыстық болуға ұмтылып, ақыл-ойыңды өзгертіп, тәубеге кел.

20Міне, Мен есік алдына келіп, қағып тұрмын. Егер кімде-кім Менің даусымды естіп, есікті ашатын болса, онда Мен ішке кіріп, кешкі асты онымен бірге ішетін боламын, ол да Менімен бірге (дастарқандас болады) ішеді.

21Ал жеңіп шыққан әркімге Менің де жеңімпаз атанып, Әкеммен бірге Оның тағында отырғанымдай, оған да Өзіммен бірге тақта отыруына мүмкіндік беремін.

22Құлағы барлар, Рухтың қауымдарға айтқанын тыңдап, естеріне сақтап алсын!»

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help