1Пұтқа арналып шалынатын құрбандықтар туралы айтар болсақ, бұған байланысты бәрімізде білімнің бар екені белгілі. Алайда білімділіктен менмендік пайда болады, ал сүйіспеншілік ізгі қасиеттерді қалыптастырады.
2Егер де кімде-кім білімге қол жеткіздім деп ойлайтын болса, онда ол қалай білу керек екенін әлі де білмейді деген сөз.
3Егер де біреу Құдайды сүйетін болса, сол Құдайдың өзінен оған білім беріледі.
4Пұттарға арналған құрбандық асын жеу мәселесіне келсек, әлемдегі жалған пұттардың түкке тұрғысыз екенін, тек жалғыз Құдайдан басқа ешқандай да басқа Құдайдың жоқ екенін білеміз.
5Көкте немесе осы жер бетінде құдайлар көп дейтін болсақ, онда құдайлардың соншама көп болғанындай олардың иелері де соншама көп болар еді,
6алайда біздің жалғыз Құдай Әкеміз бар, себебі барлығы да, мына біз де Одан тарадық, сол үшін жаратылдық және Иеміз Иса Мәсіх те біреу, бәрі Сол арқылы жаратылды, бәрі де Одан таралды.
7Алайда бәрі бұл туралы біле бермейді, себебі кейбіреулер осы күнге дейін әдет бойынша пұтқа арналған құрбандық асын бұрынғыдай жеп келеді, осы арқылы әлсіз ар-ұяттары олардың таза емес екенін сездіреді.
8Біздің жеген тамағымыз бізді Құдайға жақындата алмайды. Егер де біз тамақ жемесек, оған мұқтаж болып тұрамыз, тамақ жесек, қарнымыз тоқ.
9Міне, сондықтан да абай болыңдар, сендердің осы бір өздеріңе тән еркіндіктерің әлсіздерді сүріндіріп жүрмесін.
10Егер де білімің бола тұра, біреу сені пұтқа табынушылардың ғибадатханасынан тамақ ішіп отырғаныңды көрсе, онда оның әлсіз ар-ұяты сол жалған пұтқа арналған құрбандықтың етін жеуге итермелемей ме?
11Сөйтіп, сенің білімділігіңнің кесірінен сол әлсіз адам құрып, жоғалып кетеді, ал Иса Мәсіх сенің сол бауырың үшін Өз өмірін қиып, айқышта өлген болатын.
12Сонымен, осылай бауырларыңа қарсы күнә жасап, оның әлсіз ар-ұятын жаралайтын болсаңдар, Мәсіхке де қарсы күнә жасайсыңдар.
13Сондықтан менің жеген тағамдарым бауырымның күнә жасауына және оны азғырылуға итермелейтін болса, онда мен сол бауырымды күнәға батырып, азғырмауым үшін, мүлдем ет жемегенім жақсы болар.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.