1Сүйікті бауырластарым, кез -келген рухтарға сене бермеңдер, ал егер де олардың Құдайдан ба, әлде Құдайдан емес пе соны білгілерің келсе сол рухтарды сынаңдар, өйткені өте көп жалған пайғамбарлар осы әлемнен шығып жатыр.
2Құдайдың Рухын мынадан білесіңдер: -Иса Мәсіхтің адам болып келгенін мойындайтын әрбір рух-ол Құдайдан келген рух,
3ал енді Исаны мойындамайтын әрбір рух-ол Құдайдан емес, бұл Мәсіхке қарсы тұратын рух, сендер оның келетіні туралы естідіңдер, ол осы әлемде қазір де бар.
4Балаларым, сендер Құдайдан туылдыңдар, өйткені сендер оларды жеңіп, жеңіске жетесіңдер, себебі сендердегі Рух-осы әлемдегіден де Ұлы.
5Ал олар осы әлемнен, сондықтан олар тек осы әлем туралы ғана айтады, өйткені оларды тек осы әлемің адамдары ғана тыңдайды.
6Ал Біз-құдайданбыз, ал кім Құдайды таныса, ол бізді тыңдайды, ал кім Құдайды танымайтын болса, сол бізді тыңдамайды. Міне, шындықтың рухын әрі адастырушының рухын осы арқылы біле аламыз.
7Сүйікті бауырластарым, бір -бірімізді сүйіп өмір сүрейік, өйткені сүйіспеншілік Құайдан және кім сүйе білсе, сол Құйдан туылған адам және сол адам Құдайды танитын әрі білетін адам.
8Ал кім сүйюді білмесе, сол адам әлі Құдайды таныған жоқ, өйткені Құдай Ол - сүйіспеншілік.
9Құдайдың бізге деген сүйіспеншілігі былай ашылды, Құдай Өзінің жалғыз да, дара Ұлын осы әлемге жіберді, сондағы Оның мақсаты бізге Сол арқылы өмір беріп тірілтіп алу болатын.
10Ал сол сүйспеншіліктің мәні мынада, біз Құдайды сүйгендіктен емес, керісінше Ол бізді сүйгендіктен, Ол Өзінің Ұлын жіберіп, Сол Ұлын біздің күнәларымыздың құнын төлейтін құрбандық етіп көрсетті.
11Сүйікті бауырларым, Құдай Өзінің бізге деген сүйісіпеншілігін, міне, осылай көрсетті, сондықтан біз де бір-бірімізді сүйюге тиіспіз.
12Құдайды ешкім ешқашан көрген емес, егер де біз бір -бірімізді сүйетін болсақ, онда Құдай біздің бойымызда қалып, бізбен бірге болады әрі Оның сүйіспеншілігі бізді жетілдіреді, сөйтіп біз кемелді боламыз.
13Ал енді Оның бізде екенін әрі Оның бізбен бірге қалатынын, біз Оның бізге берген рухынан білеміз.
14Біз мынаны көрдік әрі соған куәлік береміз, Әке Өз Ұлын осы әлемге құтқарушы ретінде жіберді.
15Сондықтан егер де біреу Исаны «Құдайдың Ұлы» деп қабылдайтын болса, онда ол Құдайда болады, ал Құдай онымен бірге болады.
16Біз Құдайдың бізге көрсеткен сүйіспеншілігі туралы білдік, әрі соған сендік. Сонымен Құдай Ол -сүйіспеншілік, ал кім сол сүйіспеншілікте қалатын болса, сол Құдайда қалады, ал Құдай онымен бірге болады.
17Себебі Оның сүйіспеншілігі бізді кемелді етіп жетілдірді, сондықтан біз сот болатын күнді еш қорқынышсыз, батылдықпен қарсы аламыз, өйткені Ол қандай болса, осы әлемде біз де дәл сондай боламыз.
18Ал сүйіспеншілікте қорқыныш деген болмайды, себебі сүйіспеншілік толық жетілген кезде ол қорқынышты қуып шығады, өйткені қорқынышта «жазалайды» деген ұғым бар, ал кім қорқатын болса оның сүйіспеншілігі әлі жетіліп, әлі кемеліне жеткен жоқ.
19Бізді ең алдымен сүйген -Оның Өзі, сол себептен біз де Оны сүйеміз.
20Егер де біреу Құдайды сүйемін деп айтқанымен, өзінің бауырын жек көріп тұрса, сол адам -өтірікші. Себебі ол өзінің көз алдында жүрген бауырын сүйе алмаса, онда ол өз көзімен көрмеген Құдайды қалай сүйеді.
21Сондықтан Оның бізге қалдырған өсиеті мынау: кім Құдайды сүйсе, сол өз бауырын да сүйеді.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.