Қорынттықтарға 2 13 - Zhana Osiet(NTKAZ)

1Мен сендерге үшінші рет келе жатырмын. «Кезкелген айыптау екі немесе үш куәгердің түсініктемелерімен дәлелденуі тиіс», - деп жазылған естеріңде шығар.

2Мен осының алдында да, екінші рет сендермен бірге болғанда да айтқан едім, қазір өздеріңнен алыста болсам да, осы уақытқа дейін күнә жасап келгендерге де, басқаларына да тағы да қайталап айтамын: осы жолы олар менен аяушылық күтпесін.

3*Сендер мен арқылы Мәсіх сөйледі дегенге дәлел іздеп, соны дәлелдейтін айғақ іздейсіңдер. Алайда Оның күші әлсіреген жоқ, Оның күші мына сендерде!

4Ол айқышқа шегеленген сәтте әлсіз болды, бірақ Ол Құдайдан келген күшпен қайта тірілді! Сол сияқты Онымен жүрген біз де әлсізбіз, алайда біз Мәсіхтегі Құдайдың күші арқылы өмір сүреміз.

5Сондықтан сенімде жүрсіңдер ме, жоқ па соны тексеріп, өздеріңді-өздерің сынаңдар. Мүмкін, Иса Мәсіхтің өздеріңмен бірге өмір сүріп жатқанын әлі де білмейтін шығарсыңдар? Ең бастысы Мәсіхке лайықсыз болмасаңдар екен.

6Біздің де Оған лайықты болуға тырысып жүргенімізді сендер білетін шығар деп үміттенемін.

7Сендер қандай да бір жамандық жасамаса екен деп, біз Құдайға мінәжатпен өтінудеміз. Біз бұл әрекетті өзіміздің сынаққа қалай шыдағанымызды көрсету үшін істемейміз, сендер де біз сияқты сынақтарға шыдап, жақсылық жасай берсе екен дейміз.

8Себебі біз шындыққа қарсы шыға алмаймыз, сол шындықты қолдаймыз.

9Біз өзіміздің әлсіздігімізге, ал сендердің күшті болғандарыңа қуанамыз, сондықтан сендердің кемелділікке жеткендеріңді тілеп, мінәжат етіп жүрміз.

10Мен қазір өздеріңмен бірге емеспін, сонда да осы хатты жазып отырмын, себебі өздеріңмен бірге болғанда, Иеміздің нығайту үшін берген билігін сендерге қаталдықпен қолданып, еңселеріңді түсіргім келмейді.

11Қорыта келе айтарым, бауырластар, қуаныңдар, өсіпөніп жетіле беріңдер, бір-біріңді жұбатыңдар, ойларың ортақ болсын, татулықта өмір сүріңдер, сонда сүйіспеншілік пен тыныштықтың Құдайы сендермен бірге болады.

12Бір-біріңмен амандасқан кезде, өзара сүйіспеншілік көрсетіңдер. Құдайдың барлық киелі халқы сендерге сәлем айтуда.

13Иеміз Иса Мәсіхтің рақымы, Құдайдың сүйіспеншілігі және Киелі Рухтың қарым-қатынасы сендерде болсын! Аумин!

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help