Еврейлерге 2 - Zhana Osiet(NTKAZ)

1Сондықтан біз осы естігендерімізді есте сақтап қалуымыз үшін, оған мұқият көңіл бөлуге тиіспіз, тек сонда ғана алған бағытымыздан таймай, тура жүретін боламыз.

2Өйткені періштелер арқылы айтылған сөз берік негіз болып бекітілді, сол арқылы кез-келген қылмыс пен мойынұсынбаушылық өзіне сай жазасын әділетті түрде тартады.

3Егер де біз осы ұлы да керемет құтқарылуға немқұрайды қарайтын болсақ, онда біз жазадан қалай қашып құтыламыз? Ең алғашында бұл туралы Иеміздің айтқан уағызы арқылы жарияланған болса, енді біз Оның Өзінен естігендердің айтқанына сеніп отырмыз.

4Құдайдың көрсеткен белгілері мен кереметтері және Оның күшінің алуан түрлі құдіреті, Құдайдың еркі бойынша Киелі Рухтың әркімге бөліп берген сыйы соның дәлелі болып тұр.

5Құдай бізге уәде еткен болашақтағы жерді періштелердің билігіне беріп қойған жоқ.

6Бұл туралы әлдекім бір кезде мынандай куәлік айтқан екен: «Адамды есіңнен шығармайтындай, ол кім еді? Адам баласына соншама қамқор болатындай, ол кім еді?

7Сен оны періштелерден сәл ғана төмен қойсаң да, Сен оны даңқ пен құрметке бөлеп,

8бәрін бағындырып, Сен оның аяғының астына салып бердің». Сол себепті адамға барлығы бағынады, адамға бағынбайтын еш нәрсе жоқ. Бірақ қазір біз бәрінің адамға бағынғанын көре алмай тұрмыз.

9Дегенмен, біз періштелердің алдында біраз уақытқа сәл төмен тұрған Исаны көреміз, ал қазір Ол даңқ пен құрметке ие болып, тәж киді, өйткені Ол Құдайдың рақымын әр адамға жеткізу үшін, өлімнің азабын басынан кешіп, оның дәмін татты.

10Барлығы Ол үшін, барлығы Сол арқылы болуға тиіс болғандықтан, Ол көптеген ұлдарды Құдайдың даңқының астына кіргізіп әрі оларды кемелділікке бастайтын Басшы болу үшін, Оған азап шегіп, қайғы мен қасіреттен өту қажет болды.

11Өйткені Киелі Етуші мен киелі болатындардың бәрі бір Құдайдан тарайды, сондықтан Ол оларды бауырларым деп атаудан ұялмайды.

12Ол былай дейді: «Мен Сенің атыңды Өзімнің бауырларыма жариялаймын, қауым ортасында тұрып, Сенің атыңды мадақтап, ән айтамын».

13Тағы бірде: «Мен оған сенім артамын», -дейді. «Мына Мен де, мыналар да-Маған берген Құдайдың балалары», -деген болатын.

14Сонымен, балалар ет пен қаннан тұратындықтан, Оның өзі де соларға ұқсады, олардың кейпін қабылдап, өлімге барды, сөйтіп, Ол өлімі арқылы сайтанға тиесілі өлімнің күшін жойды және

15өмір бойы өлімнен қорқып, бүкіл өмірі оның құлдығында жүргендерді өлімнің құрсауынан азат етті.

16Сондықтан Ол Өзіне періштелерді емес, Ыбырайымның ұрпақтарын бала етіп (асырап) алды.

17Міне, сол себептен Ол өзінің бауырластарына ұқсас болуға тиісті болды және Ол адамзаттың күнәларының сондықтан Ол сынақтан өтіп жатқандарға көмек бере алады. құнын өтегені үшін, Ол Құдайдың мейірімді де адал бірінші Бас қызметкері деген атқа ие болды.

18Оның Өзі де сыналды, азапты басынан өткерді,

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help