1Ал сен таза, әрі сау ілімге сай келетін нәрселерді айт:
2Жасы үлкен қарттар парасатты, құрметке лайықты, ақылды, сенімі мен сүйіспеншілігі шынайы таза, әрі тұрақты болуы тиіс.
3Сонымен қатар, егде жастағы әйелдердің мінез құлықтары киелілерге лайықты, сыпайы, өсек айтпайтын, шарап ішудің құлдығында жүрмейтін, әрі жақсылыққа үйрете алатындай болуы тиіс.
4Сонда олар өздерінен жас әйелдерді күйеуі мен балаларын жақсы көруге,
5ақылды болуға, тазалақты жақсы көруге, үй шаруасын жақсы атқаратын, әрі өзінің күйеуіне бағынатын қасиеттерге үйрете алатын болады, міне олар осылай істесе, Құдайдың сөзі қорланып, аяққа тапталмайды.
6Сонымен қатар, жас жеткіншектерді де ақылды болуға шақыр,
7ал барлық істе, яғни тәлім беруде, тазалықты сақтауда, беделді болуда өзіңді тек жақсы жағынан көрсет, әрі
8айтқан сөзің мүлтіксіз таза болсын, сонда қарсыласың ұялып, ол бізге қарсы ешқандай да жаман сөз айта алмайтын болады.
9Ал құлдар барлық жағынан өзінің қожайындарына бағынатын, әрі оларға ұнамды болуға тырысып, олармен сөз таластырмасын,
10басқаның затына қол сұқпасын, керісінше әрқашан да шынайы таза сенімде жүрсін, сонда олар біздің Құтқарушы Құдайдың ілімінің әдемі де сұлулығын барлық жағынан паш ететін болады.
11Өйткені құтқарушы Құдайдың рақымы барлық адамдарға ашылып аян болуы тиіс,
12ал осы нәрсе бізді қасиетсіз нәрседен бас таруға, әрі осы әлемде басталған өмірімізде бізге өз ниетіміздің таза ұстауға әрі бізді ізгі қасиетте тәрбиелейді.
13Себебі, біз біздің Құтқарушымыз Иса Мәсіхтің Құдайдың ұлы даңққа бөленіп, бәрімізді бақытқа бөлеу үшін келетін сәтіне үміт артып, сол сәтті күтудеміз.
14Сондықтан Ол Өзін біз үшін құрбандыққа беріп, бізді барлық заңсыздықтарымыздан сатып алу үшін соның құнын төледі, сөйтіп Ол бізді Өзіне лайықты ерекше таза халық жасап алу үшін, бізді тазалап, жақсы істерге құштар етіп қойды.
15Оларға осыны айт, оларды осыған тәрбиеле, әрі өзіңе берілген бар билікті пайдалана отырып, оларды әшкерле. Өзіңді ешкімнің менсінбеуіне жол берме!
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.