1Оларға бастықтарға билікке бағынуды, мойынсұнуды, кез келген игі іске дайын болуды естеріне түсір,
2ешкімді балағаттамасын, ұрысқақ емес, ақ пейілді, барлық адамдарға кішіпейілдік көрсетсін.
3Бір кезде біз де ақылсыз, бағынбайтын, адасқан, әр түрлі тілектер мен ләззаттарға қызмет етіп, зұлымдық пен қызғанышта болдық, жиіркенішті, бір-бірімізді жек көруші болдық қой.
4Біздің Құтқарушы Құдайымыздың қайырымдылығы мен адам сүйгіштігі көрсетілген кезде,
5істеген әділдік істерімізге бола емес, Өзінің мейірімі бойынша бізді тазарту, қайта тудыру және Киелі Рухтың жаңаруы арқылы құтқарды,
6Оны Ол бізге біздің Құтқарушымыз Иса Мәсіх арқылы жаудырды,
7Оның рақымымен ақталған біз мәңгілік өмірге деген үмітпен мұрагер болуымыз үшін.
8Мына сөз рас және осы туралы саған бекітіп айтам, Құдайға сеніп жақсы істерді басқарудың қамын ойласын. Бұл адамдарға жақсы және пайдалы;
9ақымақ тартыстардан, шежіреден, айтыстардан, заң жүзіндегі шайқастардан аулақ бол, олар пайдасыз әрі бос әуре.
10Жалған ілімнің адамынан бірінші және екінші ақылға салудан кейін теріс айнал,
11мұндай адам бұзылып кеткен және өзін айыпты еткен, ол күнә жасайтынын біл.
12Саған Артемді немесе Тихикті жіберген кезде, маған Никопольға жетуге асық, мен сол жерде қыстауды ұйғардым.
13Зенас заңшыл мен Аполлосты тездетіп жолға шығарып сал, олар ештеңеден таршылық көрмесін.
14Жеміссіз болып қалмас үшін біздікілер де қажет кезінде жақсы істерді басқаруға үйренсін.
15Саған менімен бірге болғандардың бәрі сәлем айтуда. Бізді сенімде жақсы көретіндерге сәлем айт. Рақымдылық сендердің бәріңмен бірге.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.