Римдіктерге 4 - Zhana Osiet(NTKAZ)

1Сонымен, Ыбырайым туралы не айтуға болады?

2Егер де Ыбырайым істеген істері бойынша ақталған болса, онда оның мақтануына болар еді, бірақ Құдайдың алдында емес.

3Осы жөнінде Жазбада не айтылған? «Ыбырайым Құдайға сенді, сондықтан ол ақталған болып есептеледі».

4Еңбек етіп жүргеннің еңбекақысы ризашылық білдіру үшін емес, керісінше, тиісті төлем ретінде берілуі керек.

5Сондықтан да адам жасаған іс-әрекетіне емес, тек сеніммен ғана ақталатынына сенетін болса, сонда ол сол сеніммен ақталған болып саналады.

6Осы туралы Дәуіттің өзі Құдай алдында іс-әрекетіне сүйенбей ақталған адамның бақытты екені туралы:

7«Заңсыз іс-әрекеттері кешіріліп, күнәлары өтелген жандар бақытты,

8Иеміз күнәсіз деп есептейтін жан бақытты», -деген болатын.

9Сонымен, бұл бақыт сүндеттелген немесе сүндеттелмеген адамның қайсысына арналған? Ал біз Ыбырайымға келер болсақ, оның сенім арқылы ақталғанын айта аламыз.

10Қысқасы, ол қай кезде ақталды? Сүндеттелуге дейін бе әлде кейін бе? Сүндеттелген кезде емес, сүндеттелмей тұрып ақталды!

11Осы сүндеттелудің белгісін сеніммен ақталудың мөрі ретінде қабылдап, осы арқылы барлық сүндеттелмегендердің әкесі атанды, бұл оларды ақтап алу үшін істеген оның игі әрекеті болды.

12Ол тек қана сүндеттелгендердің ғана емес, сонымен қатар, біздің Ыбырайым атамыздың жолымен сүндеттелмейақ жүргісі келетіндердің де әкесі атанды.

13Ыбырайымға және оның ұрпағына осы әлемнің мұрагері атану үшін берілетін уәде заң арқылы емес, сеніммен ақталу арқылы берілуі қажет болған.

14Егер де олар сол заң бойынша мұрагерлікке ие болатын болса, онда сенім түкке тұрғысыз болып, уәденің күші жойылар еді.

15Заң Құдайдың қаһарын білдіреді, ал заң жоқ жерде қылмыс та болмайды.

16Сондықтан бүкіл ұрпақтарға сеніммен берілетін уәденің заң бойынша емес, керісінше, оның рақымдылыққа сай берік болғанын қалағандықтан, Ыбырайым бәріміздің әкеміз атанды.

17Сөйтіп бұл: «Мен өлгендерді тірілтіп, жоқтан бар жасай алатын Құдайға сеніп жүрген көптеген халықтардың әкесі етіп, сені тағайындап қойдым», -деп Жазбада жазылғанның дәлелі болды.

18«Олар сенің ұрпағын болады, сен көптеген халықтың әкесі боласың», -деп айтылғанға ол сеніп, үмітіне үміт қосты.

19Ыбырайым өзінің денесінің қуаты кеміп, жасы жүзге таяп қалғанын, Сараның да құрсағының бала көтеруге қабілетсіз екеніне мән бермей,

20Құдайдың уәдесіне күмән келтірмеді, ол сенімінде нық тұрып, Құдайдың атын мадақтады,

21Құдайдың берген уәдесін орындауға бар күшін салды.

22Сондықтан «оны ақталды деп есептеді».

23Осы ақталу оның бір өзіне ғана тиесілі деп жазылмаған,

24бұл ақталу біздерге де, яғни, Иеміз Исаны өлімнен қайта тірілтіп алған Құдайға сенетіндерге де тиесілі.

25Өйткені біздің күнәларымыз үшін Оны өлімге қиды, бізді ақтап алу үшін, Оны қайта тірілтті.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help