1Сондықтан бұдан әрі шыдамымыз жетпегендіктен, Афинада біз жеке өзіміз қалдық та,
2сендердің сенімдеріңді нығайып сендерге жігер берсін деп, бізбен бірге Құдайдың қызметін атқарып, Мәсіхтің ізгі хабарын уағыздап жүрген Тімоте атты бауырымзды, сендерге жібердік,
3сондағы мақсатымыз осы бір қысымшылық кезеңде, ешкімнің сенімі шайқалмаса екен деген ойда болдық. Өздерің білесіңдер, біз сол үшін де осында жүрміз.
4Біз өздеріңмен бірге болған кезде, біз сендерге «қиыншылық болады, біз соған алдын ала дайын болуымыз қажет» деп айтқан болатынбыз, ал енді өздерің білесіңдер, дәл солай болды да.
5Сондықтан сол жағдай туындаған сәттен бастап менің шыдамым таусылып, сендердің сенімдерің жайлы, әрі оларды азғырушы азғырып қойып, біздің еңбегіміз зая кетті ме деп соларды нақты білу үшін сендерге Тімотені жібердім.
6Ал енді қазір Тімоте сендерден бізге қайтып келген кезде, сендердің сенімдерің мен сүйіспеншіліктерің жайлы бізге жақсы хабар әкелді, себебі ол сендердің бізді жақсы ниетпен еске алып, біздің сендерді көргіміз келетіндей, сендердің де бізді көруді қатты аңсап жүргендерің туралы жеткізді.
7Міне, бауырластар, біздің басымызда көптеген мұқтаждықтар мен қысымшылықтар төніп тұрған шақта, біз сендердің сенімдерің арқылы жұбаныш алдық.
8Себебі, егер де сендер дәл осылай Иемізде нық тұратын болсаңдар, енді біз де нақты өмір сүретін боламыз.
9Құдайдың алдындағы біздің барлық қуанышымыз сендермен байланысты, әрі сендер арқылы болып жатқандықтан, біз алғысымызды Құдайға қалай жеткізе аламыз?
10Біз сендердің бет жүздеріңді көру үшін күні-түні үздіксіз мінәжат етіп, сендердің сенімдеріңдегі кемшіліктердің орнын толтырып соны түзете аламыз ба?
11Сондықтан Құдайдың Өзі, яғни Әкеміз бен біздің Иеміз Иса, біздің жолымызды сендерге қарай бұра көрсін.
12Сөйтіп біздің Иеміз сендердің өзара бір-біріңе деген сүйіспеншіліктеріңді көбейтіп, бізге оны қалай берсе, сендердің барлықтарыңа да соны солай молынан беріп,
13біздің Иеміз Иса Өзі ізгі қасиеттілермен келген кезде, сендердің жүректеріңді нығайтып, сендерді Құдай Әкеміздің алдында мінсіз де, киелі ете көрсін. Аумин!
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.