Қорынттықтарға 2 2 - Zhana Osiet(NTKAZ)

1Сендерді тағы да ренжітіп алмайын деген оймен мен өзім шешім қабылдадым.

2Егер де мен сендерге ренжітсем, менің көңілімді кім көтереді?

3Мен мұны сендер келмей жатып қуаныштың орнына реніш әкелмейін деген оймен жазып отырмын, ал менің қуанышыма бәріңнің ортақтасып, бөлісетіндеріңе мен сенімдімін.

4Бұл хатты өзім көп ауырлықты арқалап жүріп, жүрегім қатты сыздап, көз жасымды төгіп отырып жаздым, бірақ менің мақсатым сендерді ренжіту емес, қайта, сендерді соншама сүйетінімді білдіргім келді.

5Егер де біреу мені мұңайтса, ол тек мені ғана ренжіткен жоқ, тым асырып айтпасам да, оның сол іс-әрекеті бәріне ауыртпалық әкеледі.

6Әрине, мұндай адамға көпшіліктің беретін жазасы жеткілікті,

7алайда сендер оны жылдам кешіріп, жұбатуларың керек, әйтпесе ол уайым мен қайғыға терең беріліп, содан құрып кетеді.

8Өздеріңнің оны жақсы көретіндеріңді дәлелдеп, сүйіспеншілік көрсетулеріңді сендерден өтініп сұраймын.

9Осы айтқаныма мойынұсындыңдар ма, жоқ па, соны білу үшін сендерді сынап жазып отырмын.

10Сонымен, сендер кімді кешірсеңдер, мен де оны кешіремін. Өйткені мен оны кешірдім, ал мен кімді кешірсем, егер оған шын мәнінде кешірім беру керек болса, онда мен сендер үшін Мәсіхтің алдында кешіремін,

11өйткені біз осындай жағдаймен бетпе-бет келгенде, сайтанға алданып қалмауымыз қажет, себебі оның ойының қандай екенін біз білеміз.

12Мен Мәсіхті уағыздау үшін Троадаға келген кезде, Иеміздің маған есіктерді айқара ашып қойғанын байқадым.

13Алайда Тит бауырымды тауып алғанша, менің жан дүниемде тыныштық болмады. Сондықтан мен олармен жылдам қоштастым да, ол жерден шығып, Македонияға қарай жүріп кеттім.

14Бізді Мәсіхте жеңімпаз етіп жетелеп жүрген Құдайға әрдайым алғыс айтамын, өйткені Ол біз арқылы Мәсіх туралы білімнің хош иісін барлық жерге ашық таратуда.

15Өйткені Мәсіхтегі біздер құтқарылғандар үшін де, тозаққа кететіндер үшін де Құдайдың Мәсіхтегі хош иісі болып тұрмыз.

16Біз біреулерге өліктен шығатын өлімнің сасық иісіндей болсақ, енді біреулерге өмірден шығатын өмірдің хош иісіндейміз. Ал бұған кім лайықты?

17Біз көптеген басқа адамдар сияқты Құдайдың сөзін саудаға салмаймыз, керісінше, сол сөз таза күйінде Құдайдан қалай келген болса, оны Мәсіхтің және Құдайдың алдында дәл сол таза күйінде жариялап жүрміз.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help