Қолостықтарға 1 - Zhana Osiet(NTKAZ)

1Құдайдың еркі бойынша Мәсіх Исаның елшісі болып жүрген Пауыл және бауырым Тимотей екеуміз,

2Қолостағы Құдайдың киелі адамдарына, яғни Мәсіхке деген сенімге адал болып жүрген бауырластар, біз сендерге Әкеміз Құдайдың рахымы мен бейбіт те берекелі тыныштығын тілейміз!

3Біз сендер үшін мінәжат еткен сайын біздің Иеміз Иса Мәсіхтің Әкесі Құдайға алғыс айтамыз.

4Өйткені біз сендердің Иса Мәсіхке деген сенімдерің мен Құдайдың киелі адамдарына сендердің көрсетіп жүрген сүйіспеншіліктерің туралы естідік.

5Ал бұл өздеріңе арнап көкте жинап сақтаулы тұрған үміт үшін болған іс-әрекет. Сендер сол туралы өздеріңе айтылған шынайы сөзден, яғни ізгі хабардан естідіңдер.

6Міне, сол ізгі хабар бүкіл әлемге таралып, көбейіп, өсіп-өніп, өзінің игілікті жемісін беру үшін сендерге де жетіп, өмірлеріңнен өз орнын тапты. Міне, сол күннен бастап сендер Құдайдың рахымын жақыннан танып, Ол туралы біліп, оның шындық екеніне көздерің жетті.

7Ал соның негізіне өздеріңді үйрткен біздің сүйікті әріптесіміз-Епафрас болатын, ол сендер үшін Мәсіхтің құлы болып, Оған адал қызмет етіп жүр.

8Міне, сол Эпафрас бізге сендер өз сүйіспеншіліктеріңді рухтың жетегімен көрсетіп жүр деп айтып берді.

9Ал біз сол туралы естіген күннен бастап сендер үшін мінәжат етуді тоқтатқан жоқпыз, сондағы біздің өтінішіміз: «Сендер Оның еркін танып-біліп, соны орындау үшін, барлық даналықпен рухани түсінікке ие болса екен», -деп тілейміз.

10«Әрі сендердің әрбір іс-әркеттерің Иемізге лайықты, әрі Оған ұнамды болса екен, әрі әрбір істеп жүрген жақсылықтары жемісті болса екен, әрі Құдайды таныпбілуде өсіп-өніп,

11сөйтіп, Оның даңқына сай құдіретті күшінен қуат алып, күшейіп, осылай әр кезде де табанды әрі төзімді болса екен,

12әрі өздеріне киелілердің қабілетін беріп, жарықтың мұрагері ретінде өз үлесін алуға мүмкіндік берген Әкемізге қуанышпен алғыс айтса екен», - деп мінәжат етудеміз.

13Ал Құдай бізді түнектің билігінің астынан босатып алды да, бізді Өзінің сүйікті Ұлының Патшалығының астына кіргізіп қойды.

14Өйткені біздің құнымызды төлеген де, күнәмізді кешірген де Мәсіх.

15Ал Құдайдың көзге көрінбейтін бейнесі сол Мәсіхте тұр, сондықтан Ол бүкіл жаратылыстың Тұңғышы болып саналады.

16Себебі, көктегі әрі жердегі көзге көрінетін де көрінбейтін мейлі тақтар болсын, мейлі билік пен иелік етушулер болсын, мейлі басшылар болсын, яғни барлық биліктердің бәрі Сол арқылы жаратылды, әрі Сол үшін жаратылды.

17Себебі, Ол-бәрінен бұрын бар болатын, әрі бәрін бірбірімен байланыстырып, бәрін бірге біріктіріп ұстап тұрған да Сол.

18Сондықтан қауымның басы да-Сол. Бәрі Содан басталады, өйткені өлімнен қайта яғни бірінші болып тірілген де Сол, міне сондықтан Ол барлық жерде ең алғашқы, яғни бірінші болады.

19Сондықтан Құдай Өзінің болмысының толығымен Мәсіхте өмір сүргенін қалады.

20Өйткені Құдай Ол арқылы қайтадан бәрін Өзімен татуластыру үшін, Құдай Оның айқышта төгілген қаны арқылы, мейлі ол жердікі болсын, мейлі ол көкте болсын солардың бәріне Өзінің тыныштығын сыйлады.

21Бір кездері сендер жат болып өмір сүрген кездеріңде зұлым ойдың жетегіне беріліп, дұшпандар істейтін іс-әрекет істедіңдер,

22ал қазір Ол сендерді де Өзінің сол тәни өлімі арқылы өздеріңді Құдаймен татуластырып, сендерді Құдайдың алдында әрі киелі, әрі мінсіз, әрі кіршіксіз таза етіп көрсетті.

23Әрине, егер де сендер өздеріңе берілген сенімнің негізі болған үміттен ешқайда бұрылмай тура тек сонымен жүретін болсаңдар ол солай болады да, ол туралы өздерің естіген әрі аспан астындағы жаратылыстың бәріне жария етілген, әрі мен, Пауыл, оның қызметшісі болған ізгі хабарда анық айтылған.

24Ал енді қазіргі кезеңде өзім сендер үшін азап шегіп жатқаныма қуанамын, өйткені Мәсіхтің тартқан азабының жетпеген жерін, мен өз денемде Оның денесі, яғни Оның қауымы үшін тартып отырмын.

25Міне, сондықтан мен Құдайың басқаруының астында болатын Құдайдың үйінің қызметкері болдым, сол үшін маған Құдайдың сөзін сендерге толықтай нақты жеткізуді қажет ететін жауапкершілік жүктелді.

26Ал Құдай осы нәрсенің сырын ешбір ұрпаққа ашпай, оны ғасырлар бойы құпия ұстап, жасырып келді, ал қазіргі кезде Құдай оның сырын тек Өзінің киелі адамдарына ашып отыр.

27Себебі, Құдай осы құпияның сырын басқа ұлттарға да ашып беріп, сол құпияда жатқан байлық пен даңқ туралы оларға да соны білдіргісі келді. Ал бұл құпия сендерде өмір сүріп жатқан Мәсіхпен байланысты, сондықтан біз үмітімізді сол Мәсіхтің Өзіне артамыз.

28Міне, сол үшін біз Мәсіхтегі әрбір адамның кемелді болғанын қалаймыз, сондықтан әрбір адамды бар даналыққа үйретіп, әрбір адамға Мәсіх туралы ашық айтып, олардың әрқайсын жетектеп, тәлім беріп келеміз.

29Сондықтан мен қажырлы еңбек етіп, Мәсіхтің күшінен қуат алып, талмай қиындықпен күресіп келемін.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help