1Құдайдың құлы болған Пауыл, сенім бойынша Құдайдың таңдап алғандары мен шындықты танып біліп, Құдайды қастерлеп құрметтейтіндер үшін Иса Мәсіхтің елшісі болдым.
2Құдай өткен уақыттарда алдын ала уәде беріп, мәңгілік өмірге үміт берген кезде, Ол өтірік айтқан жоқ, Оның сол уәдесі мәңгі, әрі тұрақты.
3Енді міне, Оның сол уәдесі туралы сөзін уағыздап, оны жария етіп, оның мәнін ашатын уақыт та келіп жетті. Ал бізді құтқарып алатын Құдай соны уағызда деп оны маған сеніммен тапсырды, сондықтан
4көпшілікке ортақ шынайы сенімдегі ұлым, Титке, Құдай Әкемен біздің Құтқарушы Иеміз Мәсіх Исаның рахымын, амандықпен бейбіт берекеге толы тыныштығын тілеймін!
5Мен сені Критте қалдырып, сенің сонда қалып, бітпей қалған істі аяғына дейін реттеп жеткіз, әрі әрбір қалаға жауапты қызметкерлерді тағайында деп нұсқау берген болатынмын, негізі сол қызметке
6егер де біреу мінсіз болып, тек бір әйелге күйеу болған, балалары сенімді, әрі балалары «жүгенсіз» немесе «мойынұсынбайды» деп айып тағылмаған адамды тағайындау қажет.
7Өйткені бақылап жүріп, бағатын бағушылықты атқаратын адамға, Құдайдың үйін басқаратын басқарушысы ретінде қарау керек, сондықтан ол мінсіз, өзімшілдікке немесе ашуға берілмейтін, маскүнем емес, төбелес шығармайтын, пайдакүнем немесе ақша құмар емес,
8керісінше қонақжай, жақсылық жасауды жақсы көретін, ақыл есі дұрыс, әділетті, ізгі қасиетті, өз өзіне ұстамды,
9шынайы сөздің тәлімін берік ұстанып, тәлімнің саулығы мен дұрыстығына қарсыластрының көзін жеткізіп, оларды әшкерелей білетін болуы керек.
10Өйткені мойынұсынушылық дегеннің не екенін білмейтіндер де, бос сөзге берілетіндер де, өтірік айтып алдайтындар да көп болып кетті, әсіресе осы әрекетті істейтіндер сүндетелгендердің арасында көптеп кездеседі.
11Ал олардың ауыздарын жабу керек, өйткені олардың істеп жүрген іс әрекетерінің өзі ұят нәрсе, себебі олар өз қарабастарының қамы үшін басқаларға үйретпейтін нәрсені үйретіп, бүкіл отбасын толығымен құртып жіберуге дайын.
12Олардың өз арасынан шыққан бір пайғамбары олар туралы: -Криттіктер әрдайым өтірік айтады, олар зұлым хайуан секілді, олар еңбек етуді жек көретін тойымсыз мешкейлер, - деп айтқан.
13Бұл шынайы айтылған куәлік. Міне, сол себепті де оларды қатаң әшкереле, бұл олардың сенімдерінің жетіліп, сенімдерінің дені сауығуы үшін қажет,
14сонда олар яһудейлердің адамдарды шындықтан басқа жаққа бет бұрғызып жіберетін ертегі аңыздарымен немесе адамдардың ойынан туындаған өнеге өсиеттеріне ден қоймайтын болады.
15Бәрі таза деп ойлайтын адамдар үшін бәрі таза болады, ал ойлары кірлеп, арамданғандармен, еш нәрсеге сенбейтіндер үшін бәрі лас, кір әрі еш нәрсе де таза болып көрінбейді, өйткені олардың ой-ниеттерімен ар-ұяттары кірлеп, ластанып, арамданып кеткен.
16Олар Құдайды білеміз деп айтқанымен, өз істерімен сол айтқандарын жоққа шығарады, ал олар бұл ісәрекетті өздері жексұрын, әрі айтқаныңды тыңдамайтын болғандықтан істейді, өйткені олар игі іс жасауға жарамсыз адамдар.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.