1Сонымен, киелі бауырластарым, біз көктен келген шақыруды естіп, құтқарылғандардың қатарына қосылдық, сондықтан Исаның бізге жіберілген Елші әрі бірінші Бас қызметкер болғанын есімізден шығармайық.
2Өйткені Ол да Мұса секілді Құдайдың үйіндегі қызметтің барлығын адал атқарды.
3Сонымен қатар, Иса Мұсаға қарағанда одан да үлкен даңққа бөленуге лайықты, себебі Ол Құдайдың үйін салып, оның қабырғасын тұрғызды.
4Кез-келген үй біреу арқылы салынып, тұрғызылады, ал Құдай-барлығының құрылысшысы.
5Мұса Құдайдың үйіндегі барлық қызметті адал атқарған қызметші болды, сол үшін Құдай оның қызметімен оған болашақтың болжамын көрсетті.
6Мәсіх-Құдайдың Ұлы, сондықтан Ол Құдайдың үйінің үстінен қарайды. Ал Оның үйі-мына біз, сондықтан біз Оған нық сеніп, Оны мақтан тұтып, Оған артқан үмітімізді аяғына дейін сақтап қалуға тиіспіз.
7Сондықтан Киелі Рух былай дейді: «Егер де сендер бүгінгі күні Оның даусын еститін болсаңдар,
8онда жүректеріңді қатайтпаңдар әрі айдалада жүріп, сынақтан өткен күні Құдайға қарсы сөйлегендер сияқты күңкілдемеңдер.
9Сендердің ата-бабаларың қырық жыл бойы Менің жасаған істерімнің бәрін өз көздерімен көрсе де, ақыр аяғында олар Мені сынап, тексерді.
10Сол кезде Мен осы ұрпаққа ашуланып былай дедім: «Олардың жүректері әлі де адасуын тоқтатқан жоқ, сондықтан олар Менің жолдарымның қандай екенін әлі де білмейді».
11Сол үшін Мен оларға қаһарланып: «Енді олар Менің бейбіт тыныштығыма кірмейді!» - деп ант бердім.
12Бауырластар, өздерің байқап тұрғандай, абай болыңдар, тірі Құдайдан алыстап кетпеу үшін, араларыңдағы ешкімнің жүрегі зұлым әрі сенімсіз болмасын.
13Ешкімнің жүрегі қатайып, күнәнің алдауына түспес үшін, күнде бір-біріңе ақыл-кеңес беріп, осы «бүгінгі күн» деп аталатын уақытқа дейін бір-біріңе жігер беріңдер.
14Енді Оған сеніп, Одан басталған сенімімізді аяғына дейін берік ұстану үшін, біз Мәсіхпен бірігіп, біртұтас болып кеттік.
15«Егер де бүгін Оның даусын еститін болсаңдар, күңкілдеп, жүректеріңді қатайтпаңдар», -деп алдында айтылғанды есімізде сақтайық.
16Алайда бір кездері Оның даусын естігендердің кейбіреулері күңкілдеді емес пе? Ал олар Мұсаның басшылығымен Мысырдан шыққандардың өздері емес пе еді?
17Сонда Құдай қырық жыл бойы кімдерге қаһарын төкті? Ол қаһарын күнә жасап, ақырында сол шөл далада денелері қалғандарға төкті емес пе?
18Ол: «Сендер енді Менің бейбіт тыныштығыма кірмейсіңдер!» дегенде, Ол сол уәдесін тек Өзіне мойынсұнбағандарға айтты емес пе?
19Сол кезде олар сенімсіздік танытқандықтан, Құдайдың тыныштығына кіре алмады.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.