1Кімде -кім Исаның Мәсіх екеніне сенсе, сол Құдайдан туылған болып саналады, ал кімде-кім Құдайдан туылғанды сүйсе, онда ол Құдайдан туылған балаларды да сүйеді.
2Егер де біз Құдайды сүйюмен қатар, Оның бізге берген өсиеттерін орындайтын болсақ, осы арқылы Біз Құдайдың баларын сүйетінімізді білдіреміз.
3Өйткені Құдайға деген сүйіспеншілік -Оның өсиеттерін орындау болып табылады, ал Оның өсиеттерін орындау аса да ауыр емес,
4өйткені Құдайдан туылып, Құдайдың балалары атанған әркім осы әлемді жеңеді, ал осы әлемді жеңіп, бізді жеңіске жеткізетін: ол-біздің сеніміміз.
5Өйткені Исаны Құдайдың Ұлы деп сенгендер осы әлемді жеңбесе, сонда кім оны жеңеді?
6Ал Иса Мәсіх-Ол осы әлемге су мен қан арқылы келді; Оған тек су ғана емес, сонымен қатар сумен бірге қан, әрі осыған Рух та куәлік береді, өйткені Рух-ол шындық.
7Сонымен осы үшеуі куәгер, яғни біздегі куәгер үшеу,
8олар: рух, су және қан, осы үшеуі біртұтас.
9Негізі біз адамдардың айтқан куәліктерін қабылдай береміз, алайда Құдайдың куәлігі одан да үлкен әрі салмақты өйткені бұл -Құдайдың куәлігі, өйткені Құдайдың куәлігінде Оның Ұлы туралы айтылады.
10Ал Құдайдың Ұлына сенетін адам өзіне берілген куәлікпен жүреді, ал Құдайға сенбейтін адам, Құдайды өтірікші етіп көрсетеді, өйткені ол Құдай Өзінің Ұлы туралы айтқан куәлікке сенген жоқ.
11Себебі Бұл куәлікте Құдайдың бізге берген мәңгілік өмірі туралы айтылады, ал Сол мәңгілік өмір -Оның Ұлында.
12Сондықтан кім Ұлды қабылдаса сол адам сол өмірге ие болады, ал кімде-кім Құдайдың Ұлын қабылдамаса, сол адам сол өмірге де ие бола алмайды.
13Ал Мен сендерге сол туралы жазған кезде, сендерде сол мәңгілік өмірдің бар екенін, яғни Оның Ұлының атына сенгендерге мәңгілік өмірдің берлігенін білсін деп жазып отырмын.
14Міне, сондықтан біз Құдайға деген сенімде нық тұра аламыз, сонымен қатар біз Оның еркіне сай Одан не сұрасақ, Ол соған құлағын тосып тыңдайды.
15Сонымен біз Құдай біздің сұрағанымызға құлағын тосып тыңдайтынын білеміз, оған қоса біз өтініп сұрағанымызды Одан алатынымызды да білеміз.
16Өлімге апармайтын күнә да бар, егер де біреу біздің бауырымздың біреуі өлімге апармайтын күнә жасағанын көрсе, сол Құдайдан «оған өмір бер» деп сұрасын, сонда оған Құдай өмір береді. Ал енді өлімге апаратын күнә де бар, ол жайында сұраңдар деп айтпаймын.
17Кез келген заңсыз әрекет-ол күнә және өлімге апармайтын күнә де бар.
18Кімде-кім Құдайдың баласы болып туылса, соның күнә жасамайтынын да біз білеміз. *Өйткені Құдайдан туылған адам өзін-өзі күнәдан сақтап жүреді, сондықтан зұлымдық оған жолай алмайды.
19Біз өзіміздің Құдайдан екенімізді, яғни өзіміздің Құдаймен қарым қатынаста тұрғанымызды білеміз, алайда мына әлем толығымен зұлымдықтың ортасында жатыр.
20Сондықтан біздің білетініміз мынау: Құдайдың Ұлы бізге келді, әрі бізге шындықты білдіретін ой сана берді, сондықтан біз шындықпен жүреміз, яғни біз Оның Ұлы Иса Мәсіхтеміз. Міне, біз үшін шынайы Құдай-Сол, әрі мәңгілік өмір де - Сол.
21Балаларым, өздеріңді пұтқа табынушылықтан сақтаңдар.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.