Ефестіктерге 6 - Zhana Osiet(NTKAZ)

1Балалар, Иемізбен байланыста болғыларың келсе, атааналарыңды тыңдаңдар, әділдік содан басталады,

2өйткені ата-ананы құрметтеу-бізге берілген ең алғашқы өсиет әрі уәде,

3егер осыны орындайтын болсаң, бұл өзіңе жақсы, сонда сен жер бетінде ұзақ өмір сүретін боласың.

4Әкелер, балаларыңның ашуына тиіп, олардың еңсесін түсірмеңдер, керісінше, оларды ақылмен жетелеп, жігер беріп, Иеміздің жолына тәрбиелеңдер.

5Құлдар, сендер өз қожайындарыңды тыңдап, оларға сый-құрмет көрсетіңдер, жұмыстарыңды ұқыптылықпен атқарып, Мәсіхке таза жүрекпен мойынсұнғандай, оларға да солай қараңдар.

6Мұны адамдарға ұнау үшін емес, керісінше, Мәсіхтің құлы секілді болып, әрбір жасаған істеріңді Құдайдың еркіне сай, бар ықыластарыңмен,

7ізгі ниетпен орындаңдар, атқаратын қызметтеріңді адамдарға арнап емес, Иемізге қызмет етіп жүргендей істеңдер.

8Жақсылық жасаған әркімді, мейлі, ол құл болсын, мейлі, еркіндіктегі адам болсын, Иеміздің сыйын өзінің орындаған ісіне сай алатынын әрқайсысың білесің.

9Қожайындар, осы нәрсе сендерге де қатысты, сондықтан құлдарыңа зорлық-зомбылық көрсетіп, мәжбүрлеуді доғарыңдар. Олардың да, сендердің де Иелерің-Біреу, Ол -Көкте және ешкімнің де бет-жүзіне қарамайды, мұны сендердің білгендерің дұрыс.

10Соңында айтарым: Иемізбен бірлікте Оның құдіретті күшімен нығая беріңдер.

11Сайтанның өздеріңе қарсы бағытталған айла-әрекеттеріне қарсы тұра алуларың үшін, Құдайдың берген барлық қару-жарағын асыныңдар.

12Алайда біз қан мен тәннен тұратын адаммен күреспейміз, біз осы әлемді басқарып отырған қара түнектің басшылары мен билік иелеріне әрі аспан астындағы зұлым *рухтарға қарсы тұрып, солармен күресеміз.

13Сол себепті Құдайдың өздеріңе берген барлық қаружарағын асыныңдар, сонда сендер сол зұлымдық шабуыл жасаған кезде, оларға табандылықпен қарсы тұрып, бәрін жеңіп шығып, жеңімпаз боласыңдар.

14Енді соған қарсы нық тұру үшін, белдеріңді шындықпен бекем буып, әділдікті сауыт қылып киіп алыңдар

15және осы әлемге Ізгі хабар таратуға дайын болу үшін, аяқ киімдеріңді де киіп алыңдар,

16барлық жағдайда сенімдеріңді қолға алып, оны қалқан ретінде пайдаланыңдар, сонда зұлымдықтың барлық отты жебелерін өшіріп тастай аласыңдар.

17Құтқарылғандарыңды дулыға етіп киіп, Құдайдың Сөзін Рухтың семсері етіп пайдаланыңдар.

18Кез-келген уақытта Құдайға барлық өтініштеріңді жеткізу үшін, Рухта мінәжат етіңдер, сол үшін әрқашан сергек болыңдар әрі Құдайдың барлық киелі адамдары үшін мінәжатта тұрақты болыңдар.

19Сонымен қатар, мен сөйлеген кезде, Ізгі хабардың құпиясын тыңдаушыларға түсінікті етіп жеткізе алатын қажетті сөз аузымнан шықсын, сол үшін де мінәжат етіңдер,

20мен-бұғауда отырған елшімін, сондықтан Мәсіхке деген сенімімді басқаларға қорықпай айта алатын болайын.

21Сонымен, мен жайында немесе менің не істегенім туралы білгілерің келсе, оны менің сүйікті бауырым және Иеміздің адал қызметкері Түхіктен сұрап білерсіңдер.

22себебі біз Сол үшін, біз туралы сендерге айтып берсін және сендердің жүректеріңе жұбаныш ұялатсын деген оймен оны сендерге жібердік.

23Бауырластар, біз сендерге Құдайдың бейбіт тыныштығын және Құдай Әкеміз бен Иеміз Иса Мәсіхке деген сенім, сүйіспеншілік тілейміз!

24Құдайдың рақымы Иеміз Иса Мәсіхті сүйетіндердің бәріне кіршіксіз күйінде жетсін!

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help