Тимотейге 1 6 - Zhana Osiet(NTKAZ)

1Құлдықтың қамытын киіп жүрген қаншама құлдар бар, солардың әрқайсысы өз қожайындарын барлық жағынан құрметтеп, оларды соған лайықты деп санасын, сонда Құдайдың аты мен Оның ілімі жаман, жағымсыз сөзге ілікпейді.

2Ал енді кейбір қожайындар сеніуші болса, онда олар сол қол астындағыларға немқұрайды қарамасын, өйткені олар бір-біріне бауыр болады. Керісінше сенуші болған қожайын оларға көбірек қызмет етсін, өйткені олар да сенуші сондықтан, ол оларға ізгі қасиетпен ізгілік жасап әрі сүйіспеншілік көрсетуілері тиіс. Оларға осыны үйрет, әрі осыны уағыздай бер.

3Егер де біреу жалған тәлім беріп жүрсе, яғни оның үйреткені біздің Иеміз Иса Мәсіхтің таза да, дәріпті сөздеріне сай келмейтін болса, яғни Құдайды дәріптеуге үйретпейтін болса,

4онда ол ештеңе білмейтін өте өркөкірек адам. Керісінше ол тек сөз таластыратын мүмкіндік іздеп сонымен ауыратын адам, ал мұндай іс-әрекет қызғаныш дау-дамай, ерсі сөздер, жалған күдіктер тудырады.

5Олардың ойлары бұзық болғандықтан, олар осындай сөз таластыруға барады, сөйтіп, шындықтың күшін жойып, өз пайдасын тек Құдайды құрметтеп, дәріптеуден іздейді.

6Ал адамға ең үлкен пайда ол-Құдайды дәріптеп, барға қанағат ету.

7Себебі біз бұл әлемге еш нәрсе әкелген жоқпыз, әрі бұл әлемнен еш нәрсе алып кете алмаймыз.

8Жейтін тамақ пен басымызда баспана болса болды, сол жеткілікті.

9Ал енді бай болғысы келетіндер азғырылуға беріліп, қақпанға (торға) түсіп, көптеген ақылсыз әрі зиянды тілектердің жетегіне еріп, адамдарды құртатын, құрдымға батырып жіберетін жолмен кетеді.

10Өйткені барлық зұлымдықтың түп тамыры күмісті жақсы көрушілік, яғни ақша құмарлықта жатыр.

11Ал сен Құдайдың адамы болсаң, осы нәрседен қаш. Оның орнына әділдіктің, Құдайды қастерлеудің, сенімнің, сүйіспеншіліктің, табандылықтың, кішіпейілдіктің жолымен жүр.

12Сенім үшін күрес, жақсы болсын десең сол күреске барыңды салып, өзіңді шақырған әрі көптеген куәгерлердің алдында өзің туәбе етіп мойындап, қабылдаған мәңгілік өмірден шап беріп ұстап алуға тырыс.

13Өлімнен бәрін қайта тірілте алатын, әрі Понти Пилаттың кезінде, жақсы куәлік беріп Өзін мойындатқан Иса Місіхтің атымен, саған мынаны бұйырамын:

14-Біздің Иеміз Иса Мәсіх келетін кезге дейін Өзіңе берілген осы бір еш кіршіксіз де, таза өситетті сақтайтын бол.

15Ол өзінің уақытының мерізімі жеткен кезде, Ол өзін бақытқа бөлейтін, Құдіреті күшті Ие екенінін, әрі Патшалардың патшасы, Иелердің Иесі екенін ашып көрсетеді.

16Оның бойында Өлім деген атауымен жоқ, Оның жарығына ешкім де жақындай алмайды. Адамдардың еш қайсысы да Оны көрген де емес, әрі Оны көретін мүмкіндігі де жоқ. Сондықтан құрмет те, құдірет те, күш те мәңгі Оныкі. Аумин!

17Сондықтан Осы ғасырдың байларына мына нұсқауды жеткіз: -Олар өздерін аса ақылдымыз деп санамасын, әрі байлығына сеніп, қолындағы барына үміт артпасын, керісінше үмітін бізге бәрін молынан төгіп беретін Құдайға артып,

18жақсылық істеп, жақсы істерге бай бола білсін, сөйтіп жомарттық жасап, барымен де отбасқалырмен де бөліссін.

19Осылай олар өздерінің болашағы үшін жақсы да, негізі берік қазына жинап алсын, сонда оларға нағыз шынайы өмірден шап беріп ұстап алуына мүмкіндік туады.

20Оу, Тимотей, осы аманатты сақтап, пайдасыз бос сөзден, әрі білім деген атағы бар, алай да шындыққа қарсы тұрып жалған пікір тудартын бос әңгімден өзіңді аулақ ұста.

21Кейбіреулері берген уәдесінде тұра алмай, сенімнен адасып мүлт кетті.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help