Салониқалықтарға 1 1 - Zhana Osiet(NTKAZ)

1Пауыл мен Силас және Тімоте Салоникадағы Құдай Әке мен Иса Мәсіхтің қауымына рақым мен тыныштық тілейді.

2Сендердің барлықтарың үшін Құдайға әрқашан да алғыс айтамыз, әрі мінәжат еткен сайын сендерді есімізге аламыз. Өздеріңнің еш тоқтаусыз

3сеніммен істеп жүрген істеріңмен, әрі сүйіспеншіліке толы еңбектеріңді және біздің Иеміз Иса Мәсіхке артқан төзімділікке толы үміттеріңді, Құдай Әкеміздің алдында еске түсіріп отырамыз.

4Сондықтан біздің білетініміз бауырластар мынау: Құдай сендерді сүйеді, сондықтан Ол сендерді таңдап алды.

5Өйткені біз өздеріңе ізгі хабарды жеткізген кезде, яғни сендердің орталарыңда жүрген кезде, біз тек сөзге ғана емес, сонымен қатар көп жағдайда Құдайдың күші мен Киелі Рухқа әрі толықтай сенімге сүйеніп жүргенімізді өздерің білесіңдер.

6Сонда сендер бізге және Иемізге еліктеп, сөзді өздерің көріп жатқан көптеген қиыншылықтарға қарамай, Құдайдың сөзін қуанышпен қабылдап, Киелі Рухқа бөлендіңдер.

7Сендер осы әрекетерің арқылы бүкіл Македония мен Ахая аймақтарында жүрген сенушілерге үлгі болдыңдар.

8Өйткені сендерден шыққан Иеміздің сөзі тек Македония мен Ахая ғана емес, сендердің Құдайға деген сенімдеріңнің арқасында басқа да жерлерге таралып кетті, сондықтан енді бізге бұдан басқа еш нәрсе қосып айтудың да қажеті жоқ.

9Өйткені олардың өздері, біздің сендерге келген кезіміз жайлы, әрі сендердің тірі және шынайы Құдайға қызмет ету үшін, пұтқа табынушылықтан бас тартып, тірі Құдайға қалай бет бұрғандарың туралы да,

10әрі Құдайдың Өзі өлімнен қайта тірілтіп алған Өзінің Ұлы Исаның көктен түсіп келген кезде, бізді күтіп тұрған Құдайдың қаһарынан бізді қалай құтқарып алатыны туралы жария етіп, хабарлап тұр.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help