Қолостықтарға 4 - Zhana Osiet(NTKAZ)

1Қожайындар, сендер құлдарыңа әділдік танытып, оларға шынайы қамқорлық көрсетіңдер, өздерің білесіңдер сендердің Иелерің көкте, соны ұмытпаңдар.

2Сергек жүріп, үзбей мінәжат етіңдер, алғыстарыңды да мінәжатпен жеткізіңдер.

3Құдай бізге де Оның сөзін, яғни Мәсіхтің құпиясын ашып беретін сөзді жариялай берейік, міне мен сол үшін бұғауда отырмын, сондықтан бірігіп біз үшін де мінәжат етіңдер,

4өйткені Ол туралы ашық жариялайтын мүмкіндік маған аса қажет.

5Сыртта жүргенд ерге әсер ету үшін даналықпен өмір сүріңдер, әрі уақыттың әрбір мүмкіндігін сәтті пайдаланыңдар.

6Сендер сөйлеген кезде, сөздерің мейірімге толы, әрі тұздалғандай дәмді болсын, сонда кімге қалай жауап беру керек, соны білетін боласыңдар.

7Менің жағдайымның бәрін, сүйікті бауырым, әрі сенімді қызметші, әрі Иеміздегі қызметте маған серік болған Түкхік арқылы білетін боласыңдар.

8Мен оны сендерге «Біз туралы айтып берсін әрі жүректеріңе жұбаныш ұялатсын» деп өздеріңе жіберіп отырмын.

9Сонымен қатар, оған өз орталарыңнан шыққан, әрі бізге сенімді де әрі сүйікті бауырымыз болып кеткен Онисымді де қосып жібердік, сондықтан осында болып жатқан жағдайдың бәрін солардан білетін боласыңдар.

10Сендерге сәлем айтып жатқандардың арасында менімен бірге абақтыда отырған Арыстарқ пен Марқа және кезінде мен өздеріңе нұсқау беріп, егер де сендер жаққа барып қалса, оны қабылдаңдар деген Барнабаның немере ағасы да бар.

11Әрі Иуст деп те аталатын Иса да бар, бұл екеуі сүндеттелгендердің арасынан шығып Құдай патшалығына қызмет етіп жүр, әрі олар маған да қолдау көрсетіп жүр.

12Өз араларыңнан шыққан Эфапрас та сендерге сәлем айтуда, ол нағыз Исаның құлы, өйткені ол сендер үшін әлі де күресіп жүр, сондықтан ол мінәжатын еш тоқтатқан жоқ, себебі ол сендердің аяқтарыңа тұрып, жетілгендеріңді, әрі Құдайдың еркін орындау кезінде сендердің батыл болғандарыңды қалайды.

13Оның сендер үшін де, Ладокиялықтар үшін де, әрі Иеарополдағылар үшін де қажымай істеген істеріне мен куә болдым.

14Сендерге сүйікті дәрігеріміз Лұқа мен Димас сәлем айтуда.

15Ладокиялық бауырластарға және Нүмфан мен оның үйіндегі қауымға да сәлем айтыңдар.

16Бұл жолдау хатты өздерің алып, оны оқып болғаннан кейін, оны Ладокиядағы қауымдарға да, әрі Ладоикялықтардың өздеріне де оқып беріңдер.

17Архыпқа мынаны айтыңдар; көрдіңбе сен қабылдап алған қызмет Иемізден, енді соны дұрыс орындап соны жалғастыра берсін!

18Мен осы сәлемдемені өз қолыммен жаздым, менің бұғауда отырғанымды естеріңнен шығармаңдар. Құдайдың Рахымы сендермен бірге болсын!

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help