Римдіктерге 14 - Zhana Osiet(NTKAZ)

1Сенімі әлсіздің пікірімен таласпай, оны қабылдаңдар.

2Өйткені кейбіреу бәрін жеуге болады деп сенеді, ал сенімі әлсіз адам тек жеміс жейді.

3Сондықтан барлық тамақты жейтін адам барлығын жемейтінді кемсітпесін, ал барлығын жей бермейтін адам жейтін адамды соттамасын.

4Басқа біреудің қызметшісін соттайтын сен кімсің? Қызметші қожайынының алдында (істі) меңгеріп кете алды ма, жоқ па, бұны қожайыны шешеді. Бірақ Иеміздің күшімен қызметші міндетті түрде меңгереді.

5Себебі біреу бір күнді бір күннен артық десе, басқа біреу барлық күн бірдей дейді, сондықтан әркім сенімді өзінің ақыл-ойымен игерсін.

6Біреу бір күнді ерекше деп санаса, ол Құдайды құрметтегеннен солай істейді және кім қандай да бір тамақ жейтін болса, ол да сол жеген асы үшін Құдайға алғысын айтады. Ал кім ішетін тамағын Иемізге арнамай жейтін болса, ол да сол ас үшін Құдайға алғысын білдіреді.

7Өйткені ешкім тек өзі үшін ғана өмір сүрмейді әрі ешкім де өзі үшін өлмейді,

8егер де біз өмір сүрсек, Иеміз үшін өмір сүреміз, егер өлсек, сол Иеміз үшін өлеміз. Себебі біз өмір сүрсек те, өлсек те сол Иеміздікі болып қала береміз.

9Өлілер мен тірілердің Иесі болу үшін, Мәсіх өліп, қайта тірілді.

10Сен не үшін өз бауырыңды соттайсың? Немесе сен өз бауырыңды неге кемсітесің? Бәріміз Құдайдың сотының алдына баратын боламыз.

11«Мен тірімін, сондықтан Менің алдымда кез-келген ру тізесін бүгіп, кез-келген тіл Құдай деп мойындайтын болады», - деп жазылған Жазбада.

12Сонымен, әрқайсымыз Құдайға есеп беретін боламыз.

13Сондықтан енді бұдан былай бір-бірімізді соттамайық, керісінше, бауырымызды сүріндірмейтін және азғырылуға түсірмейтін жағын көбірек ойлайық.

14Еш нәрсенің өздігінен арам болмайтынына және бір нәрсені арам деп санасаң, соның арам болатынына Иеміз Иса Мәсіхке сенгендіктен білемін әрі сенімдімін.

15Егер де бауырың сенің ішкен тамағыңа бола сенімін жоғалтса, онда сен сүйіспеншілікпен әрекет еткен жоқсың. Мәсіх сол бауырың үшін де өлді ғой, ал сен сол ішкен тамағыңа бола, оның сенімін құртпа.

16Осылайша сендердің жақсы істерің бекерден-бекер қор болып қалмасын.

17Себебі Құдай Патшалығы ішіп-жеуде емес, керісінше, Киелі Рухтан келетін қуаныш пен әділдікте, тыныштықта.

18Мәсіхтің қызметкері тек осылай ғана Құдайға және адамдарға жағымды бола алады. Кім Иса Мәсіхке осылай өмір сүріп, қызмет ететін болса, сол Құдайға ұнамды, адамдарға құрметті болады.

19Сондықтан Құдайдың берген тыныштығына және бірбіріміздің рухани өсуімізге көмек беруге бар күшімізбен ұмтылайық.

20Тамаққа бола Құдайдың ісін жоққа шығармаңдар. Өйткені тамақтың бәрі де таза, бірақ тамаққа бола сүрінген адамды зұлымдық өзі тауып алады.

21Ендеше сенің ет жемегенің, шарап ішпегенің бауырыңды сүріндіретін болса, етті жемей, шарапты ішпей-ақ қойғаның дұрыс.

22Сен өзіңе қажетті сенімге ие болғың келсе, Құдайдың алдында өзің сол сенімге ие бол. Өзі қабылдаған шешімге өзін-өзі соттамайтын адам бақытты.

23Ал ішіп-жеп алып, сосын күмәнданатын болса, ол өзінөзі соттайды, өйткені сенімі болмады, ал сенімсіз жасаған нәрсенің бәрі-күнә.

24Сондықтан мен өздеріңе Иса Мәсіхті жариялап жеткізген Ізгі хабардың құдіреті сендерді жетілдіреді, бұл ашылған құпия қаншама уақыт аралығында үнсіз (жасырын) жатты.

25Ал қазір мәңгі тірі Құдайдың еркімен берілген бұйрық ретінде барлық халықтардың мойынсынып, сеніммен Оны танып-білуіне болатындықтан, енді бұл пайғамбарлар Жазбалары арқылы ашылып отыр.

26Жалғыз Құдайымыздың даналығы Иеміз Иса Мәсіх арқылы мәңгілікке жасай берсін! Аумин!

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help