Римдіктерге 5 - Zhana Osiet(NTKAZ)

1Сонымен, біз сеніммен ақталғандықтан, Иеміз Иса Мәсіх арқылы Құдайдың тыныштығына ие болдық.

2Ол арқылы сеніммен осы өзімізде бар рақымдылыққа қол жеткізе алатын мүмкіндікке ие болдық, сөйтіп, Құдайдың даңқына үміт артамыз, соны мақтан тұтамыз.

3Тек бұған ғана емес, сонымен қатар, азапқа толы сәттерге де қуанамыз, себебі азаптан төзімділік туатынын білеміз,

4ал төзімділіктен сенімділік туады, сенімділіктен үміт пайда болады.

5Үміт ұятқа қалдырмайды, өйткені Құдай бізге деген Өзінің сүйіспеншілігін Киелі Рух арқылы жүрегімізге дарытты.

6Біздер әлі де дәрменсіз болған кезімізде, белгіленген уақыт жетіп, Мәсіх біздер үшін, яғни, әділетсіздер үшін өлді.

7Қалай десек те, бірлі-жарым адамның өз өмірін әділ жан үшін қиюы екіталай, дегенмен, мүмкін, бірен-саран адам мейірімді адам үшін өлуге шешім қабылдайтын шығар.

8Біз әлі де күнәкар кезімізде Мәсіх біздер үшін өлді, Құдай сонда Өзінің сүйіспеншілігін бізге осылай көрсетті.

9Сондықтан көпшілігіміз Оның баға жетпес қанымен ақталдық, бұдан былай Ол арқылы Құдайдың қаһарынан құтқарыламыз!

10Егер бұрын біздер Құдайға жау болған болсақ, енді Оның Ұлының өлімі арқылы Онымен татуластық, енді бұдан былай Оның өмірі арқылы құтқарылатын боламыз!

11Тек бұл ғана емес, сонымен қатар, Құдайға деген қуанышымызды Иса Мәсіх арқылы жеткізе аламыз, себебі қазіргі осы құтқарылуды біз Ол арқылы алдық!

12Бір адам арқылы осы әлемге күнә кірді, күнә арқылы өлім келді, осылайша өлім бүкіл адамзатқа тарады, себебі барлығы күнә жасады.

13Заң берілмей тұрған кезге дейін, күнә осы әлемде болды, заң болмаған жерде күнә бар деп есептелмейді.

14Алайда Адам атаның кезінен бастап Мұсаға дейін, Құдайдың тыйым салғанын бұзбаған, Ада ата сияқты күнә жасамағандарға да өлім үстемдігін жүргізді.

15Бірақ рақымдылық (Адам атаның) қылмыстық ісі секілді емес, сый ретінде берілді. Егер де біреудің істеген қылмысына бола, көптеген адам өлім құшқан болса, ал Құдайдың рақымы және бір Адамның, Иса Мәсіхтің, рақымдылық сыйы бұдан былай көпшілікке молынан берілетін болады.

16Бұл сыйдың беретінін бір адамның жасаған күнәсінің нәтижесімен салыстыруға келмейді. Сот бір қылмыс үшін соттайды, ал рақымдылық сыйы көптеген қылмыстардан ақталу әкелді.

17Егер де біреудің жасаған қылмысы арқылы өлім билігін жүргізетін болса, бір Адам, яғни, Иса Мәсіх арқылы кім рақымдылық байлығы мен әділдік сыйын қабылдаса, сол өмірде билік ететін болады.

18Сонымен, бір адам арқылы бүкіл адамзатқа күнә келген болса, бір Адамның дұрыс әрекеті бәріне өмір беретін ақталу әкелді.

19Сонымен қатар, бір адамның мойынсынбауы көпшілікті күнәкар еткен болса, бір Адамның мойынсынуынан көптеген адам әділ болып саналады.

20Ал кейіннен кірген Заң әділетсіздікті көбейту үшін берілді, сөйтіп, қай жерде күнә көбейсе, сол жерде рақымдылық молынан төгіліп отырды,

21сондай-ақ күнә билігін жүргізіп, өлімге әкелген болса, дәл солай рақымдылық та әділдікпен билік жүргізіп, біздің Иеміз Иса Мәсіх арқылы мәңгілік өмірге әкеледі.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help