Еврейлерге 1 - Zhana Osiet(NTKAZ)

1Өткен дәуірлерде Құдай ата-бабаларымызға пайғамбарлар арқылы әрбір кезде алуан түрлі жолдармен сөйлеген болатын.

2Өйткені осы әлемді Ол арқылы жаратқандықтан және Оны бар ғаламның мәңгілік мұрагері етіп тағайындағандықтан, соңғы уақытта Құдай бізге Өзінің Ұлы арқылы сөйледі.

3Сондықтан Ол Құдайдың даңқы мен Құдайдың дәлмедәл болмысын бейнелеп, бәрін Өзінің құдіретті сөзінің күшімен ұстап тұр. Ол барлығын күнәларынан тазартып, одан кейін ұлылыққа бөленіп, Құдайдың Оң жағына барып отырды.

4Періштелер Одан қаншама жоғары болса да, Ол олардан да жоғары ерекше Мұрагер деген есімге ие болды.

5Алайда Құдай періштелердің қайсысына: «Сен-менің Ұлымсың, Мен бүгін Сені дүниеге әкелдім», -деп айтқан еді? Немесе оларға: «Мен Оның Әкесі боламын, ал ол Менің Ұлым болады», - деп айтты ма?

6Құдай Өзінің Тұңғышын осы әлемге жіберер кезде: «Құдайдың барлық періштелері басын иіп, Оның алдында тағзым етсін», - деген болатын.

7Ал періштелер туралы былай делінген: «Ол Өзінің періштелерін майда ескен желдей, Өзінің қызметшілерін жалындаған оттай етіп жаратты».

8Бірақ Ұлы туралы былай дейді: «О, Құдай, Сенің тағың мәңгі жасай берсін, әділдік Сенің Патшалығыңның асатаяғы болмақ.

9Себебі Сен әділдікті сүйіп, заңсыздықты жеккөрдің. Сол үшін де Құдай Сені Өзіңмен бірге жүргендерден де ағыл-тегіл мол етіп, шаттықтың майымен майлады.

10О, Жаратушы Ием, Сен, ең алдымен, жерді жараттың, көк те Сенің қолдарың арқылы жаратылды.

11Алайда олардың бәрі құрып, жоқ болады, Сен мәңгі қаласың, олар киілген киім секілді тозады,

12Сен оларды ескі киімдей бүктеп, оларды жаңа жамылғыдай жаңартасың. Сен өзгермей, сол қалпыңда қаласың, Сенің жылдарың да жойылып кетпейді (шексіз)».

13Ол періштелердің біреуіне: «Мен Сенің жауларыңды табаныңның астына салып бергенше, Сен Менің оң жағымда отыр», - деп қай кезде айтып еді?

14Періштелердің барлығы құтқарылуды мұра ретінде қабылдағандарға қызмет ету үшін жіберілген қызметші рухтар емес пе?

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help