Жохан 1 3 - Zhana Osiet(NTKAZ)

1Қараңдаршы Әкенің бізге берген сүйіспеншілігі қандай: -біз «Құдайдың балалары» деген атқа ие болдық, шындығында нақты солай да. Сондықтан осы әлем бізді білмейді, өйткені осы әлем Оны таныған жоқ.

2Сүйікті бауырларым, қазіргі кезде біз нақты Құдайдың балаларымыз, ал одан кейін бізбен не болатыны белгісіз. Ол Өзін ашып көрсету үшін келген кезде, біздің Оған ұқсас екенімізді сонда білеміз, өйткені біз Оның қандай екенін тек сол кезде ғана көреміз.

3Ал енді кімде осындай үміті бар, яғни Оған үміт артып, сол үмітпен жүрген әркім өзін-өзі тазалайды, сөйтіп таза болады.

4Ал енді кімде -кім күнә жасайтын болса, сол заңның талаптарын бұзушы болып саналады, яғни күнә дегеніміз -заң бұзушылық.

5Өздерің білесіңдер, Ол сол күнәні алып тасату үшін, Ол Өзін анық ашып көзге көрініп келді, ал Оның бойында күнә болған емес.

6Кімде -кім Онымен бірге қалып, Онымен бірге болса сол күнә жасамайды, ал енді кім де кім күнә жасайтын болса, онда Ол оны көрген жоқ, ол Оны білмейді де.

7Балалар, ешкім сендерді алдап кетіп жүрмесін, кім әділдіктің жолын қуып, әділ болуға тырысса, сол әділ адам болып саналады, яғни ол да Сол секілді әділ болады.

8Ал күнә жасайтын адам-ол әзәзілдің адамы, өйткені ең басында күнә жасаған әзәзіл болатын. Ал енді Құайдың Ұлы сол әзәзілдің ісін талқандау үшін келді.

9Сонымен кім Құайдан туылса, сол күнә жасамайды, өйткені оның бойында Құдайдың тұқымы өмір сүреді, сондықтан ол күнә жасай алмайды, сол үшін ол Құдайдан туылған болып саналады.

10Құдайдың балаларымен әзәзілдің балаларының бейнесін мынадан көруге болады. Егер де кімде-кімнің іс-әрекеті әділетті болмаса, онда ол Құдайдан емес, яғни ол өз бауырын сүймейді.

11Өйткені өздерің басынан бастап естіп жүрген ізгі хабарда: - өзара бір-бірлеріңді сүйіңдер деп айтылған.

12Зұлымдықтың жетегіне еріп, өз бауырын өлтіріп алған Қабыл сияқты болмаңдар. Ол бауырын не үшін өлтірді? Өйткені оның істеген істері зұлымдықтарға толы болды, сондықтан ол соны істеді, ал оның бауырының істеген ісі әділетті болатын.

13Сондықтан бауырластар, осы әлем сендерді жек көріп жатса, сендер соған таңқалмаңдар.

14Ал біз өзіміздің өлімнен өтіп, өмірге кеткенімізді білеміз, сондықтан біз бауырластарымызды сүйеміз, ал өз бауырластарын сүймейтіндер өлімнің жетегінде қалды.

15Сонымен егер де кімде -кім өз бауырын жек көретін болса, онда ол кісі өлтіруші, ал кімде-кім кісі өлтіретін болса, сол оның өзіне берілген мәңгілік өмірге ие бола алмайды.

16Біз сүйіспеншіліктің қандай екенін мынадан білеміз, Мәсіх біз үшін Өз өмірін қиды, сол секілді біз де енді өз жанымызды қиып, оны бауырларымыз үшін беруге тиіспіз.

17Егер де осы әлемнің байлығына ие болған біреу, өз бауырының мұқтаждығын көре тұра көрмегендей болып, өзінің жүрегін солай жауып тасатса, оның бойында Құдайдың сүйіспеншілігі орын алды ма?

18Балаларым, біздің сүйіспеншілігіміз тек сөзбен немесе тілмен ғана емес, керісінше іспен дәлелденуі тиіс әрі ол шынайы болуы қажет.

19Себебі біз осылай жүрсек, тек сонда ғана біз өзіміздің шындықпен жүргенімізді білеміз және Оның алдында жүрген біз өз жүрегімізді соған көндіреміз,

20ал егер де біздің жүрегіміз біздің өзімізді айыптайтын болса, біздің жүрегімізден де үлкен Құдайдың бар екенін ұмытпайық, Ол бәрін біледі.

21Сүйікті бауырластарым, егер де біздің жүрегіміз өзімізді айыптамайтын болса, онда біз еш қорқынышсыз батылдықпен Құдайға жақындай аламыз.

22Сонда біз Одан не сұрасақ сол сұрағанымзды Одан аламыз, өйткені біз Оның алдына келіп, Оның өсиеттерін орындап, Оған ұнайтын істерді істеп жүрміз.

23Ал Оның бзге берген өсиеті мынау: -Оның Ұлы Иса Мәсіхтің атына сеніп, бір-бірімізді сүйіп, Оның берген осы өсиетіне сай өмір сүру.

24Кім Оның осы өсиетін орындайтын болса, сол Онымен бірге қалады, ал Ол сол адамда қалады, ал Оның бізде қалатынын, әрі Оның бізбен бірге болатынын біз -бізге берілген Рухтан білеміз.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help