Тимотейге 1 5 - Zhana Osiet(NTKAZ)

1Қарт адамды қатты сөкпе, керісінше оған жігер беріп, оған әке ретінде қара, жас жеткіншектерге бауыр ретінде,

2ал егде жастағы әйелдерге ана ретінде, ал барлық жағынан тазалықты сақтау үшін жас қыздарға қарындастарыңдай қара.

3Жесірлерге қамқорлық жаса, әсіресе шынайы жесірлерді құрметте.

4Егер де қандай да бір жесірдің балалары немесе немерелері бар болса, олар ең алдымен өзінің үйіндегілерді құрметтеуді, әрі ата-бабаларын сыйлап оларға қамқор болуды үйренсін, өйткені бұл-Құдайға ұнамды іс-әрекет.

5Нақты жесір деп, тек бір өзі ғана қалған, сөйтіп бар үмітін тек Құдайға артып, күні-түні мінәжат ететін, осылай бар уақытын тек өтінішпен, мінәжатпен өткізетін адамды айтуға болады.

6Ал өмірінде тек рахат алуды іздеп, сайран салумен өткізетін адам ол-тірі өлік.

7Олар мінсіз болсын десең, оларға осыны уағызда.

8Егер де кім де кім өзінің жақындарымен, әсіресе өзінің үйіндегілеріне қамқор көрсете алмайтын болса, онда ол сенімнен бас тартты деген сөз, оның бұл іс-әрекеті Құдайға сенбейтін адамнан да жаман.

9Жесір деп саналатын адамның жасы алпыстан төмен болмау керек, әрі ол тек бір ғана ер адамның әйелі болған,

10әрі жасаған жақсы істері жайлы басқалар куәлік келтіре алатын, сонымен қатар бала-шағасын бағып-қағып өсірген, қонақжай болған, киелі адамдардың аяқтарын жуып, езілгендерге қолдау көрсетіп, осылай өзін кез келген іске бағыштаған адам болуы қажет.

11Ал бұған жастайынан жесір болып қалғандарды қоспайақ қой, өйткені олар бойларындағы табиғи құмарлыққа берілетін болса, Мәсіхке қарсы шығып, қалауы тек күйеуге тию болып тұрады.

12Міне, олар өздеріне үкімді осылай шығартады, өйткені олар өздерінің алғашқы сенімдерінен осылай бас тартады.

13Бұған қоса олар еш нәрсе істемей үй-үйді аралап бос жүруді әдетке айналырып алады, сонымен қатар олар тек қана бос жүрмей, ойына не түссе соны айтып, кірмейтін жерге кіріп, сөз тасып, айтпайтын сөзді айтып, соған әуестеніп алады,

14сондықтан жастайынан жесір қалғандар болса, олардың күйеуге шықанын қалаймын сонда олар бала тауып, үйдің қызметін атқарып, өздеріне қарсылық білдіріп жүргендерден ұрыс-сөгіс естімейтін болады.

15Өйткені олардың кейбіреулері әлдеқашан шынайы жолдан бұрылып, одан адасып сайтанның жетегінде кетті.

16Егер де кейбір сенуші бауырластардың үйінде жесірлердің бар екені анықталатын болса, онда олар қауымға салмақ түсірмеуге тырыссын, осылай олардың өздері оларды өз қамқорлығына алатын болса, онда қауым жесірліктің тауқыметін тартып жүрген нақты жесірлерге қамқор бола алады.

17Жетешілікті жақсы атқарып жүрген қызметкерлерге құрмет екі есе көрсетілетін болсын, әсіресе сөз айтумен айналысып, еңбектеніп, әрі тәлім беріп жүргендер соған лайықты.

18Өйткені жазбада: -Астық бастырып жүрген өгіздің аузын бума және жұмыскер еңбегіне сай өз ақысын алуға лайықты, - деп те жазылған.

19Егер де қызметкерге тағылған айыпты растайтын екі немесе үш куәгер болмаса, онда ол айыпты қабылдама.

20Ал күнә жасап жүргендерді әшкерелеу үшін, оларды барлық адамдардың алдына шығар, сонда басқаларында қорқыныш пайда болады.

21Құдайдың алдында да, Мәсіхтің алдында да, әрі таңдалған періштелердің алдында да мен сенен мынаны өтінемін, осы айтылғандардың бәрін сақта, істеген ісәрекетіңде теріс ұғым (пиғыл) немесе оларға деген ешқандай әуестік болмасын.

22Біреудің үстіне асығытықпен қолыңды қойушы болма, бөтен біреу күнә жасап жатса, онымен араласпа, әрқашан да өзіңді таза ұста.

23Тек қана су іше бермей, асқазаныңмен өзіңде жиі болатын әлсіздікке бола, енді аздап шарап та ішіп тұр.

24Кейбір адамдардың күнәлары сотқа жетпей-ақ алдынала белгілі болады, ал кейбіреулерінің күнәлары кейінірек ашылады.

25Сол секілді істелетін жақсы істер де алдын-ала белгілі болады, мұны басқадай айтқанда еш нәрсе жасырын болып қала алмайды.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help