1Ер-азаматтар мен бауырластар, әкелер, өзімді қорғау үшін айтатын сөзім бар, соны тыңдаңыздар.
2Олар оның еврей тілінде сөйлегенін естігенде, лезде тыныштала қалды. Сонда ол:
3-Мен-яһудеймін, туған жерім-Киликия өлкесіндегі Тарс қаласы. Сол қалада өстім. Өздерің білетін Гамалийлдің ізін басып, ата-бабамның Заңын мұқият оқып, сонымен тәрбиелендім. Мен де мына өздерің сияқты Құдай Заңын қызғыштай қорғайтын қорғаушы болдым.
4Исаның жолымен жүргендерді өлгенше қудалап, ер адамдарды да, әйелдерді де байлап-матап, абақтыға жапқыздым.
5Менің жасаған осы істерім туралы бірінші бас қызметкер мен ақсақалдардың бәрі нақты куәлік бере алады. Мен Дамаскіге барып, сондағы бауырластарды тұтқындап, оларды Иерусалимге әкеліп жазалау үшін, бірінші бас қызметкерден арнайы рұқсат хат сұрап алып, жолға шықтым.
6Түскі мезгіл кезінде, Дамаскіге жақындап қалғанда, кенет аспаннан көзді қарықтыратын бір жарық менің айналамды түгел жарқыратып жіберді.
7Сонда мен жерге құлап түстім, сол сәтте маған: «Сауыл, Сауыл! Сен неге Мені қудалап жүрсің?» -деген бір дауыс естілді.
8«Сен кімсің, Ием?» -деп сұрадым мен. Сонда әлгі дауыс маған: «Мен-сен қудалап жүрген Назареттік Исамын», -деді.
9Менімен бірге келе жатқандар жарықты көргенмен, маған Сөйлегеннің даусын естімеді.
10Сонда мен: «Ием, мен енді не істейін?» -дедім. Сонда Ием маған: «Орныңнан тұр да, Дамаскіге бар. Саған не істеу керек екені сол жерде айтылады», - деді.
11Осы жарықтың сәулесінен кейін мен көрмей қалдым, сондықтан қасымдағылар мені жетелеп, Дамаскіге келдім.
12Сол жерде Анания атты біреу тұратын, яһудейлердің берген куәлігі бойынша ол Заңды қастерлейтін, ізгі ниетті адам болған.
13Ол менің қасыма жақын келіп де маған: «Бауырым Сауыл, көзіңді аш!» -деді. Сол сәтте мен оны өз көзіммен көрдім.
14Сол кезде ол маған: «Біздің ата-бабаларымыздың Құдайы сені алдын ала таңдап алғандықтан, Ол Өзінің еркін саған таныту үшін және Оның әділ екенін сенің білгеніңді қалап, Ол Өзінің даусын саған естіртті.
15Себебі осы естігенің мен көргеніңді барлық адамдарға куәлік етіп айту саған жүктелді.
16Енді соған дайындал! Орныңнан тұр! Оның атын шақырып, суға батырылып шомылдыр удан өтіп, күнәларыңды жуып, тазала», - деді.
17Осыдан кейін мен Иерусалимге қайтып келдім, ғибадатханаға барып, мінәжат еттім, сонда менің ойсанамда мынадай бір көрініс пайда болды.
18Сол кезде мен Иемнің маған былай дегенін естідім: «Тезірек Иерусалимнен шығып кет, өйткені сенің Мен туралы айтқан куәлігіңді ол жердегілер қабылдамайды», -деді.
19Сонда мен былай дедім: «Ием, Саған сеніп жүргендерді менің абақтыға жапқанымды, синагогаларда ұрыпсоққанымды олар біледі.
20Өзің туралы куәлік айтқан Степанның қаны төгілген кезде, мен өлтіріп жатқандарды қостап, олардың киімдерін күзетіп, қасында тұрдым», - дедім.
21Сонда Ол маған былай деді: «Мен сені алыстағы басқа ұлт өкілдеріне елші етіп жіберемін», - деді.
22Олар Пауылдың бұған дейінгі сөзін тыңдап тұрған еді, бірақ осы кезде: -Мұны жер бетінен құрту керек! Ол өмір сүруге лайық емес! - деп олар қатты айғайлады.
23Олар осылай айғайға басып, киімдерін лақтырып, ауаға топырақ шаша бастады.
24Мыңбасы Пауылды бекініске алып кіруге бұйрық берді. Содан кейін күзетшілерге сырттағылардың оған не себепті қарсылық білдіргенін, не үшін айғайлап жатқанын біліп, оны сабап, жауап алуға нұсқау берді.
25Сонда күзетшілер оны ұру үшін, белдікпен байлай бастады, сонда Пауыл жүзбасыға: -Римнің азаматын соттың үкімінсіз осылай ұрып-соғуға рұқсат бар ма? -деп сұрады.
26Мұны естіген жүзбасы мыңбасының қасына жақын барып: -Не істемек ойың бар? Бұл адам Римнің азаматы болып шықты, - деді.
27Сонда мыңбасы Пауылға келіп: -Сенің Римнің азаматы екенің рас па, маған осыны айтшы? -деді. -Иә, рас, -деді Пауыл оған.
28Мыңбасы оған: -Мен осы азаматтықты көп ақшаға сатып алдым, -деді. -Ал мен Рим азаматы болып туылдым, -деді Пауыл.
29Пауылды азаптамақ болғандар оның қасынан шегініп кетті. Пауылды байлауға бұйрық берген мыңбасы оның Римнің азаматы екенін білгенде, сасқалақтап, қатты қорқып кетті.
30Келесі күні яһудейлердің оған не үшін кінә таққанын толық білу үшін, оны байлаудан босатты. Одан кейін бірінші бас қызметкерлер мен бүкіл синедерион мүшелеріне жиналуға бұйрық берді. Пауылды төменге түсіріп, солардың алдына тұрғызып қойды.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.