1Сендерді Кенхреядағы қауымның қызметкері болып жүрген біздің Фива атты қарындасымызбен таныстырмақпын.
2Оны сендер Иеміздегі киелі жүргендердің бірі ретінде санап, оны қабылдағандарыңды және ол не нәрсеге мұқтаж болса, оны қолдап жүргендеріңді қалаймын, себебі ол көп адамдарды солай қолдап жүрді, менің өзіме де қолдау көрсетті.
3Иса Мәсіхтегі менің қызметтестерім Акила мен Прискилаға да сәлем айтыңдар,
4өйткені олар менің өмірім үшін өз бастарын қатерге тікті, сондықтан оларға тек мен ғана емес, бүкіл өзге ұлттық қауымдар да риза болып жүр.
5Олардың үйіндегі қауымға да, Азия аймағында Мәсіхтің тұңғышы болып жүрген менің сүйікті бауырым Епентке де сәлем айтыңдар.
6Сонымен қатар, өздерің үшін көп еңбек еткен Мәрияға да сәлем айтыңдар!
7Менің туыстарым әрі менімен бірге тұтқында болған Андроника мен Инуияға да сәлем айтыңдар. Бұл елшілердің ерекшелігі-олар менен бұрын Мәсіхе келгендер.
8Біздің Иеміздегі менің сүйікті бауырым Амплиатаға да сәлем айтыңдар.
9Біздің Мәсіхтегі қызметтесіміз Урбанға және менің сүйікті бауырым Стахияға сәлем айтыңдар.
10Мәсіхкке адал болып жүрген Аппелаға сәлем айтыңдар. Аристобулдағыларға да сәлем айтыңдар.
11Менің туысым Иродионаға сәлем айтыңдар. Сонымен қатар, Иеміздің жетелеуімен Нарситте тұрып жатқандарға сәлем айтыңдар.
12Иемізге талмай еңбек етіп жатқан Трифен мен Трифосқа сәлем айтыңдар.
13Иеміз таңдап алған Руфтың анасы мен менің анама да сәлем айтыңдар.
14Асинкритке, Флегонтқа, Гремеске, Патровкаға, Эрмаға және солармен бірге жүрген бауырластарға сәлем атйыңдар.
15Филолог пен Иулияға, Нирей мен оның қарындасына және Олимпке, олармен бірге жүрген киелі бауырластырдың бәріне сәлем айтыңдар.
16Бір-біріңе сәлем жолдағанда оны киелі сүйіспеншілікпен жеткізіңдер. Сендерге Мәсіхтің барлық қауымдары сәлем жолдауда.
17Бауырластар, өздерің танып-білген тәлімге қарсы әрекет етіп, оны екіге бөлуге тырысып жүргендерден сақтанып, олардан аулақ болуларыңды сендерден өтінемін.
18Мұндай адамдардың қызметі біздің Иеміз Мәсіхкке емес, өздерінің құлқындарына арналған. Олар өздерінің әдемі сөздері мен берген баталары арқылы қарапайым адамдардың жүректерін алдайды.
19Ал сендердің мойынсынуларың туралы хабар бәріне мәлім болды, сондықтан сендер үшін қуанамын, сендердің жақсылық істе дана, ал зұлымдықтан таза болғандарыңды қалаймын.
20Сонда тыныштықтың Құдайы жақын арада сайтанды сендердің аяқтарыңның астына салып, жоқ қылады! Себебі Иеміз Иса Мәсіхтің рақымдылығы өздеріңмен бірге.
21Сендерге менің қызметші бауырым Тимотей мен Лука, Иасон мен Сосипатр, және де менің туыстарым сәлем айтып жатыр.
22Осы хатты жазып отырған Иемізге сенуші мен, Тертий, сендерге сәлем жолдаймын.
23Маған қонақжайлылық танытып жүрген Гай да, бүкіл қауым да сендерге сәлем жолдайды. Сонымен қатар, сендерге қаланың үй басқарушысы болып жүрген Эраст пен бауыры Куарт та сәлем жолдайды.
24Иеміз Иса Мәсіхтің рақымдылығы өздеріңмен бірге.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.