1Сендердің орталарыңда жүріп, біреумен болған даулы істің шешімін табу үшін, әділдер мен киелілердің сотына жүгінудің орнына, керісінше, әділетсіздердің сотына жүгінуге қалай дәттерің барады?
2Әлде сендер Құдайға бағышталып, киелі болған адамдардың бүкіл әлемді соттайтынын білмейсіңдер ме? Егер де осы әлемді соттайтын сендер болсаңдар, онда сендер кішкентай даулы ұсақ-түйек нәрсені шешуге лайықсыз болғандарың ба?
3Әлде сендер өздеріңнің күнделікті тұрмыстағы істерді ғана емес, сонымен қатар, періштелерді де сотқа тартатындарыңды білмейсіңдер ме?
4Ал енді сендер күнделікті тұрмысқа байланысты істі соттайтын болсаңдар, сол жерге де қауымдағыларды апарып отырғызып қоймақсыңдар ма? Сенушілер қауымына ешқандай қатысы жоқ осы әлемнің төрешілерін неге өздеріңнен жоғары қоясыңдар?
5Сендерді ұялту үшін осылай айтуға тура келді. Сонымен, сендердің өз орталарыңнан өз бауырының даулы мәселесін шешіп беретін бірде-бір дана, ақылды адамның болмағаны ма?
6Немесе бәрі керісінше бола берсін бе? Бауырластар өз араларындағы дау-дамайды шешу үшін, сенбеушілердің алдына барып, бір-бірімен соттаса берсін бе?
7Сендердің осылай бір-біріңмен соттасып жүргендерің өздеріңнің төмен құлдырап кеткендеріңді білдіреді. Осындай іс-әрекет жасағанша, жәбірленуші болып қалғандарың жақсы емес пе? Одан да құр алақан қалғандарың жақсы еді ғой!?
8Сендер өз бауырларыңды өздерің ренжітіп, оларды өздерің тонайсыңдар.
9Сендер сондай әділетсіздік жасағандардың Құдай патшалығында мұрагерлік құқығы болмайтынын білмейсіңдер ме? Адаспаңдар! Ешқандай азғындар, пұтқа табынушылар, неке адалдығын бұзушылар, ләззат іздейтін еркектер, еркекқұмар еркектер,
10ұрылар, дүниеқұмарлар, маскүнемдер, жалақорлар, алаяқтар Құдай патшалығынан ешқандай мұра алмайды.
11Бұрын сендердің кейбіреуің сондай болдыңдар, қазір сендер біздің Иеміз Иса Мәсіхтің атымен жуылып тазарып, Құдайға бағышталдыңдар және Құдайдың Рухымен ақталдыңдар.
12«Маған бәріне де рұқсат берілген», -дейтін болсақ, маған бәрі пайда әкелмейді. «Маған бәріне рұқсат берілген», -десек, алайда маған еш нәрсе өз билігін жүргізбеуі тиіс!
13«Тамақ асқазан үшін, асқазан тамақ үшін жаратылған», -дейміз, бірақ уақыты келгенде, Құдай олардың екеуін де жояды. Дене азғындық үшін емес, Иеміздің даңқы үшін қажет, ал Иеміз дене үшін қажет.
14Құдай біздің Иемізді өлімнен қайта тірілтіп алды, енді Оның күші арқылы бізді де қайта тірілтіп алады.
15Сендер өз денелеріңнің Мәсіхтің мүшесі екенін білмейсіңдер ме? Сол Мәсіхке тиесілі мүшені алып, азғындықтың мүшесі етіп бергенім дұрыс па? Олай істеуге болмайды!
16Сол азғын жезөкшеге қосылған дене онымен бірге бір дене болып кететінін сендер білмейсіңдер ме? «Екеуі бірігіп бір дене болады», - деп Жазбада жазылған.
17Ал Иемізбен қосылған Иеміздің Рухымен бірігіп, бір рухта болады.
18Неке адалдығын бұзатын азғындықтан аулақ болыңдар. Егер де адам барлық басқа күнәларын денеден тыс жасайтын болса, күнә болып саналады, жыныстық азғындық-өз денеңе қарсы жасалған күнә.
19Сендер өздеріңе берілген денелеріңнің Құдайдың Киелі Рухы мекендейтін ғибадатхана екенін және сендер енді өздеріңдікі емес, басқа Біреуге тән екендеріңді білмейсіңдер ме?
20Себебі сендер өте қымбат бағамен сатып алындыңдар, сондықтан өз денелеріңде Құдайды мадақтаңдар.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.