Петір 2 3 - Zhana Osiet(NTKAZ)

1Міне, сүйікті баруластарым, бұл өздеріңе жазып отырған екінші хатым, сондағы мақсатым өздеріңді оятып, әрі саналарыңа таза ой салып,

2киелі пайғамбарлар арқылы алдын ала айтылып кеткен сөздер мен біздің Иеміз, әрі Құтқарушымыз өзінің елшілері арқылы өздеріңе берілген өсиетін сендердің естеріңе сала отырып, енді соны сақтап қалуға тырысыңдар деп айтқым келді.

3Ең алдымен мынаны білуге тиіссіңдер: өйткені соңғы күндері мазақтаушының жетегіне еріп, тек өздерінің құмарлықтарына сүйеніп жүретіндердің күні туады, сонда олар:

4-Оның келемін деген уәдесі қайда? Ата-бабаларымыз болса о бастан-ақ қайтыс болды, ал әуел баста бәрі қалай жартылған болса, бүгін де солай болып тұр, -деп айтады.

5Осы арқылы олар мына нәрсені жасырып қалғысы келеді: ертеде пайда болған аспанда, судан шыққан жерде тек Құдайдың сөзі бойынша, тек су арқылы реттеліп, ретке келтіріліп қойылған,

6әрі сол кездегі алғашқы әлем, судың астында қалып, су арқылы жойылып кетті.

7Ал енді қазіргі аспан мен жерді Құдай өзінің сөзі бойынша отқа өртейді, оны соған дайындап қойды, сондықтан Құдай оны сот болатын күнмен әділетсіз адамдарды құртып жіберетін кездің келетін сәтіне әдейі сақтап отыр.

8Сүйікті бауырластарым, мына бір нәрсе сендерге ашылмаған құпия болып қалмасын: Иеміздің алдындағы бір күн мың жылдай, ал Оның алдындағы мың жыл бір күндей болады.

9Ал біздің Иеміз берген уәдесін еш кешіктірмейді, өйткені кейбіреулер Оны кешікті деп санап жүр, ал негізінде Ол сендер үшін бәріне шыдамдылық танытып, шыдадылығын ұзақ уақытқа дейін соза алады, өйткені Ол кейбіреулердің құрып кеткенін қаламайды, керісінше Ол барлығының да тәубеге келгенін қалап тұр.

10Сондықтан Иеміздің келетін күні ұрының келетін күніне ұқсас болады, сонда аспан улап -шулап жоқ болып кетеді де, одан кейін сұрапыл өрт басталады да, жер мен оның үстіндегі тіршіліктің бәрі отқа оранады.

11Бұлардың бәрі дәл осылай құритын болғандықтан, сендердің өмір салттарың қай жағынан алса да, әрі киелі, әрі ізгі қасиеттерге толы болуы тиіс,

12тек солай болсаңдар ғана, Құдайдың келетін күнін асыға күтіп жүргендер секілді боласыңдар, себебі осы әлем көктен түскен от арқылы тұтанып талқандалады да оттың жалынымен еріп құрып кетеді.

13Ал біз Оның сол Өзі уәде еткен жаңа аспан мен жаңа жерді күтіп жүрміз, өйткені тек сол жаңа жер, жаңа әлем ғана әділдіктің мекені болмақ.

14Сондықтан, сүйікті бауырластарым, сендер сол жаңа жер, жаңа әлемді күтіп жүргендіктен, сол жаңа жерді көргілерің келсе, онда өздеріңді кіршіксіз таза ұстауға, әрі мінсіз болуға тырысып,

15біз тек Иеміздің шексіз шыдамдылығының арқасында құтқарыламыз деген ойда болыңдар, ал осы нәрсенің қандай маңызды екенін біздің сүйікті бауырымыз Пауыл, оның өзіне берілген даналығымен сендерге жазған хатында айтқан болатын.

16Ол өзінің сендереге жазып жіберген барлық хатарында да осы туралы сендерге айтып отырды, себебі осы нәрсе кейбіреулеріне түсініксіз болды, сондықтан кейбір надандар мен тұрақсыз адамдар осы нәрсені кейбір жазбаларды қалай теріске шығарса, олар осыны да теріске шығармақ болды, ал олардың осы іс-әрекеті олардың жойылып құрып кетуіне әкеледі.

17Сонымен, сүйікті бауырластарым, енді міне сендер оны да алдын ала білетін болғандықтан, өте сақ болыңдар, әділетсіз алдаудың жетегіне еріп кетпеңдер, өздеріңе тірек болған сенімдеріңнен танып жүрмеңдер,

18сондай нәрсеге тап болмас үшін, Құдайдың рақымдылығы мен біздің Иеміз әрі Құтқарушымыз Иса Мәсіхті терең танып біліп алыңдар. Оның даңқы қазір де және күннен-күнге арта берсін, сөйтіп ғасырдан-ғасырға жете берсін!

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help