1Өз араларыңдағы болып жатқан соғыстар мен ұрыстар қайдан пайда болып жатыр? Ол өз дене мүшелеріңдегі өздеріңе қарсы күресіп жатқан құмарлықтарыңнан шығып жатқан жоқ па?
2Қалауларыңа ие бола алмағандықтан, қызғанышқа беріліп, өлтіруге дейін барасыңдар, себебі өз қалауларыңа өздерің қол жеткізе алмағандықтан жанжалдасып, төбелесесіңдер. Ал ие бола алмайтындарыңның себебі -Құдайдан сұрамайсыңдар.
3Ал сұрсаңдар да сұрағандарыңды ала алмайсыңдар, себебі тек өз құмарлықтарыңды қанағаттандыру тек жамандыққа, яғни тек сырап қылу үшін сұрайсыңдар.
4Азғындар, әлде осы әлеммен дос болу -ол Құдаймен жауласу екенін білмейсіңдер ме? Егер де біреуе осы әлеммен достық қарым-қатынста тұрғысы келетін ниет болса, онда ол Құдайдың жауына айналады.
5Немесе жазбадағы: -Оның өздеріңе салып берген Рухтың қызғанышын оятпаңдар, -деп айтылған сөз «ол бос сөз» деп ойлап жүрсіңдер ме?
6Алайда Құдай Өзінің шексіз өте үлкен рахымын бізге берді, сондықтан: -Құдай менмендіктің жетегімен жүретін тәкапарларға қарсы тұрады, ал Ол өзінің рахымын тек кішіпейіл болғандарға береді, - деп те айтылған.
7Сондықтан Құдайға бағынып Оған мойынұсыныңдар, ал сайтанға қарсы тұрыңдар, сонда сайтан сендерден қашып кетеді.
8Құдайға жақындасаңдар, Құдай да сендерге жақындайды. Ей күнәһәрлар, қолдарыңды жуып тазартыңдар, ей екі жүзділер, жүректеріңді де ағартып таза ұстаңдар.
9Қайғырыңдар, боздаңдар, өкіріп жылаңдар, сендердің күлкілерің өкінішке, ал қуаныштарың уайымға айналсын.
10Жаратқан Иенің алдында өздеріңді төмен ұстаңдар, сонда Ол сендерді жоғарлатады.
11Бауырластар, бір-біріңді өзара жамандамаңдар, ал егер кім де кім өз бауырын жамандап, соттайтын болса, онда ол заңға тіл тигізіп, заңды жамандап, заңды соттап тұр. Егер де сен заңды соттайтын болсаң, онда сен заңның орындаушысы емес, керісінше заңды соттайтын төреші болғаның.
12Ал Заңды беруші де біреу, сол заң арқылы соттаушы да біреу, сол үшін Ол құртып та жібереді және құтқарып та алады. Ал жақыныңды соттайтын сен кімсің?
13Ал енді бүгін, біз бір қалаға барып, сол қалада бір жылдай болып, сауда-саттық жасап, пайдаға кенелеміз дейтіндер, мынаны тыңдап алыңдар,
14сендер ертеңгі күндері өз өмірлеріңнің қандай болатынын да білмейсіңдер. Себебі, сендер аз уақытқа қана пайда болатын, ал одан кейін жоқ болып кететін бусыңдар,
15сондықтан оның орнына: -Егер Иеміздің еркі болса, тірі жүрсек, мынаны да, ананы да істейміз, -деп айтыңдар.
16Өйткені сендер қазірдің өзінде менмендікке жол беріп, мақтанып тұрсыңдар, ал менмендіктің бәрі -зұлымдқ болып табылады.
17Ал егер де біреу жақсылық жасау керек екенін біле тұра, жақсылық жасамаса - сол адам күнә жасады.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.