Тимотейге 2 3 - Zhana Osiet(NTKAZ)

1Мынаны біліп ал: аса ауыр уақыттар соңғы күндері туындайды,

2өйткені адамдар тек өздерін ғана жақсы көретін болғандықтан, ақшақұмар, мақтаншақ, тәкаппар, тілдері ащы, ата-аналарына мойынұсынбайтын, алғыс айтуды білмейтін, зұлымдыққа жақын,

3мейірімсіз, ымыраға келмейтін, өтірікші, ұстамсыз, дөрекі, жақсылықты сүймейтін,

4сатқын, ұят дегенді білмейтін, өркөкірек, Құдайдан гөрі көбірек ләззат алуды жақсы көретін,

5сырт бейнесінде өзін Құдайды қастерлеуші ретінде көрсете алатын, ал шындығында Оның күшін жоққа шығаратын болады, сондай адамдарға жақындамай олардан аулақ жүр.

6Үй-үйді аралап, неше түрлі құмарлыққа беріліп күнәға батып жүрген кейбір әйелдерді алдап, арбап, адастырып жіберетіндер осындайлардан шығады,

7өйткені олар әрқашан да оқып, үйреніп, тәлім алып жүрсе де, олар ешқашан шындыққа жеткен де емес, оны танып білген де емес.

8Кезінде Янный пен Ямбри өздерінің жағымсыз қылықтарымен Мұсаға қалай қарсы тұрса, бұлар да дәл солай шындыққа қарсы тұрады, өйткені бұл адамдардың ақыл-ойлары шіріп кеткен, сол үшін олардың сенмідері әлсіз де жарамсыз.

9Міне, сондықтан олар көп алға жылжый алмайды, өйткені олардың ақымақтықтары бәріне ашылып, аян болады, алдыңғыларымен де дәл солай болған.

10Ал енді сен болсаң ылғи менің қасымда жүріп, менен тәлім алдың. Сен менің жүріс-тұрысымды, алға қойған мақсатымды, төзімділігімді, сүйіспеншілігімді, қайраттылығымды үлгі тұтып соңымнан еріп келесің.

11Антақия мен Қонияда әрі Лүстрада болған кезде, мен қудалаудың неше түрін көрдім, соның бәрінен мені құтқарып алған, менің Ием болатын.

12Өйткені Мәсіх Исаны құрметтеп, солай өмір сүргісі келетіндердің бәрі қудаланады,

13ал енді зұлымдармен, алаяқ-айлакер адамдар жаманшылық жасаудан алға озып шыққанымен өзгені адастырамыз деп жүріп, өзідері адасып кетті.

14Ал сен не үйреніп, нені қабылдасаң сонымен өмір сүр, саған ненің сеніп тапсырылғанын әрі кімнен тәлім алғаныңды да,

15әрі жас кезіңнен бастап киелі жазбаны да жетік білесің, міне сол жазба сенің құтқарылуың тек Мәсіх Исаға сену арқылы болатынын саған даналықпен үйретеді.

16Өйткені киелі жазбаның бәрі Құдайдың рухымен жазылған, сондықтан оның тәлім беріп, әшкерелеп, түзететіп, сөйтіп әділдікке тәрбиелеуші ретінде әкелетін пайдасы өте зор.

17Сонда Құдайдың адамы барлық жағынан жетіліп, кез келген ізгі істі атқаруға дайын болады.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help