Жохан 3 1 - Zhana Osiet(NTKAZ)

1Ақсақал қымбатты бауыры Гайға өзінің шынайы сүйіспеншілігін білдіріп, оған сәлем жолдайды.

2Сүйікті бауырым, мен сенің рухани жетістікке қалай жеткеніңді ескере отырып, сенің барлық жағынан әлі де жетілгеніңді, әрі деніңнің сау болғанын тілеймін.

3Өйткені осында келіп-кетіп жүрген бауырластардың айтқан куәліктерінен сенің шындық жолынан таймай, тура жүргенің туралы естіп, қуанып қалдым.

4Ал өз балаларымның шындық жолымен жүрген сәттері туралы есту - ол мен үшін үлкен қуаныш.

5Сүйікті бауырым, сенің өз бауырларың мен жат жерліктер үшін істеп жүрген осы бір іс-әрекетің -өте игілікті іс-әрекет.

6Себебі, кейбір бауырластар қауымның алдына шығып, сенің оларға көрсеткен сүйіспеншілігіңе риза болғандарын куәлік ретінде жеткізді, себебі сенің оларды Құдайға ұнамды жолмен шығарып салғандағы сол -іс-әрекетін, ісің оларға өз пайдасын әкелді,

7өйткені олар өзге ұлттың өкілдерінің арасында жүрген кезде, Құдайдың атына кір келтірмеу үшін олардан еш нәрсе алмай, сол жерден шығып кетті.

8Егер де біз осындай жағдайға түсіп қалғандардың қамын ойлайтын болсақ, тек сонда ғана біз шындықтың қызметкерлері бола аламыз.

9Осы туралы мен қауымға да жазып жіберген болатынмын, алайда олардың арасында бірінші басшы болуды жақсы көретін Диотреф бізді қабылдамай қойды.

10Егер де мен осы сол жаққа барып қалсам, оның осы істеген істерімен, бізді жағымсыз сөздермен жамандап жүргенін оның есіне салмақпын, өйткені ол өзінің сол бауырларымызды қабылдамай қойғанын қанағат тұтпай, оған қоса сол істі істеймін деп ұмтылғандарға кедергі жасап, оларды қаумнан қуып шығарып жіберді.

11Сүйікті бауырым жамандық жасауға емес, жақсылық жасауға еліктеңдер. Жақсылық жасаушы Құдайдың адамы, ал жамандық жасаушы ол Құдайды әлі көрген жоқ.

12Ал енді Деметріге келсек, бәрі ол туралы жақсы куәліктер айтып жүр, ал олардың ол туралы айтқаны -шындық. Мына біз де ол туралы жақсы куәлік бере аламыз, өйткені біздің ол туралы айтатын куәлігімізде де шындық жатыр.

13Саған әлі де көп нәрселерді жазып жібергім келді, алайда оларды саған сия мен қалам арқылы айтып жеткізгім келмеді.

14Сені алда көремін деген үмітім бар, өзіңмен сол сағатта ауыз ба - ауыз сөйлесермін.

15Саған тыныштық тілеймін! Сенің осы жақтағы достарың саған сәлем жолдайды. Сол жақтағы достарымыздың әрқайсысының атын атап, біздің айтқан сәлемімізді оларға да жеткіз.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help