Еврейлерге 9 - Zhana Osiet(NTKAZ)

1Міне, сол себепті алғашқы келісімге байланысты атқарылатын қызмет Құдайдың жердегі киелі үйінің талабына сай болды.

2Ең алдымен шатырдың өзі құрастырылды, сосын шам, бұдан кейін үстел, одан соң нан ұсынатын орын, яғни, «Киелі» деп аталатын орын жасалды.

3Шымылдықтың ар жағындағы шатырдың екінші бөлігінде «Киелілердің киелісі» деп аталатын орын жасалды,

4оның ішінде сырты алтынмен қапталған түтікше болды, оны хош иіс түтету үшін қолданатын және сырты түгел алтынмен қапталған келісім сандығы, одан кейін ішінде манна салынған алтын құмыра, сонымен қатар, Аронның бүршік жарған асатаяғы әрі алғашқы келісімнің тас тақтайшалары тұрды.

5Келісім сандығының үстінде бір-біріне қарама-қарсы қарап тұрған және сандықтың бетін қанаттарымен көлегейлеп жапқан, Құдайдың даңқын білдіретін керуб атты періштелердің алтыннан жасалған екі мүсіні тұрды. Мұның бәрінің мағынасын ашып, бүге-шігесіне дейін айтып жатудың қажеті жоқ.

6Сонымен, ішкі жағынан осылай құрастырылған шатырдың бірінші бөлмесіне Құдайдың қызметкерлерінің әрқайсысы өзіне белгіленіп берілген уақыт бойынша кіріп, сол жерде тек өзіне тиісті қызметті атқаратын,

7ал шатырдың екінші бөлігіндегі бөлмеге Құдайдың бірінші бас қызметкеріне қан алмай кіруіне болмайтын, сондықтан ол өзі үшін және халықтың білмей істеген күнәлары үшін берілетін құрбандықтың қанын жылына бір-ақ рет сол жерге алып кіретін.

8Міне, осы арқылы шатырдың бірінші бөлігіндегі бөлмеден шатырдың екінші бөлігіндегі бөлмеге кіретін жолдың әлі де жабық екенін Киелі Рух бізге түсіндіріп тұр.

9Бұл біздің қазіргі уақытымызды бейнелейді, демек, осы нәрсе біздің Құдайға әкелетін сый-тартуларымыз бен құрбандықтарымыздың Оған қызмет етуге талпынғандардың ар-ұятын толықтай тазарта алмайтынын және кемелділікке жеткізе алмайтынын көрсетеді.

10Өйткені сонда ішіп-жейтін *тамақтар мен әр түрлі жуынып-шайынуларға байланысты берілген нұсқауларға келер болсақ, олар келуге тиісті уақыттың мерзімі жеткенше, тек денені тәрбиелеу үшін берілген талаптар ғана болатын.

11Ал мәңгі бірінші Бас қызметкер болған Мәсіх Өзінің атқарған ұлы істері арқылы осы әлемнің талабына сай қолдан тұрғызылған шатырда емес, кемелділік жағынан осы әлемдікінен асып түсетін шатырда қызмет ету үшін келді.

12Ол сол жерге осы дүниенің жасағанындай ешкі мен өгіздің қанын алып кірген жоқ, Ол Киелілердің Киелісі аталған бөлмеге бұдан былай екінші рет қайталанбайтын, тек бір-ақ рет әрі біржола төгілген Өзінің қанын алып кірді, сөйтіп, (адамдардың) күнәсінің құнын өтеп, мәңгілік бостандық әкелді!

13Егер де ешкі мен өгіздің қаны, сондай-ақ, отқа өртелген жас тананың себілген күлі арқылы арамданған дене тазаратын болса,

14онда айқышта төгілген Мәсіхтің қаны одан бетер үлкен қызмет атқарғанын нақты айта аламыз, өйткені еш мінсіз Ол бізді өлімге апаратын лас істерімізден арұжданымызды тазалау үшін және тірі Құдайға адал қызмет ететіндей деңгейге жеткізу үшін, Киелі Рухтың күшімен Өзін құрбандыққа берді!

15Сондықтан Ол Жаңа келісім арқылы екі жақты бірбірімен табыстырған Татуластырушы атанды, Оның өлімі бізді алғашқы келісімде көрсетілген күнәларымыздан сатып алып, шақырылған біздерге уәде етілген мұраны мәңгілікке алып берді.

16Егер де біреуге қандай да бір өсиет берілетін болса, онда сол өсиетті берушінің қайтыс болғаны туралы анықтама қажет.

17Себебі өсиет тек өсиет иесінің өлімінен кейін ғана күшіне енеді, егер өсиет иесі тірі болса, онда оның ешқандай күші жоқ.

18Міне, сондықтан да бірінші келісімді күшіне енгізу үшін, қан төгілуі қажет болды.

19Мұса Заңның барлық өсиеттерін бүкіл халыққа жариялап жеткізді, оларға түсіндіріп берген соң, ол өгіз бен ешкінің қанын алды да, оған су қосып араластырды, одан кейін басына алқызыл жүн байланған сайсағыздың бұтағын алып, оны алдымен кітапқа, сосын бүкіл халыққа бүркіп сеуіп шықты.

20Содан кейін халыққа: «Бұл қан-Оның өсиетін сақтап, сонымен өмір сүру үшін Құдайдың сендермен бекіткен келісім қаны», - деді.

21Сонымен қатар, ол шатырды және шатырдың ішіндегі Құдайға қызмет еткен кезде қолданылатын заттардың бәріне қанды бүркіп шықты.

22Себебі Заң бойынша барлығы түгелдей қанмен тазаруы тиіс болған, сондықтан қан төгілмей, ешқандай кешірім болмайды.

23Сонымен, жердегінің бәрі көктің үлгісі бойынша жасалып, бәрі осындай жолмен тазаруға тиіс болса, көктегі тазару бұған қарағанда әлдеқайда жақсы, одан да асып түсетін құрбандық арқылы тазаруды қажет етеді.

24Шындықтың нақты үлгісі болған Мәсіх адам қолымен жасалған шатырға кірген жоқ, қазір Ол көкте, Құдайдың алдына бетпе-бет келіп, Ол біз үшін өтініш жасайды.

25Киелі орынға жыл сайын біреудің (малдың) қанын алып кіретін жердің бас қызметкері сияқты Өзін-Өзі қайта-қайта құрбандыққа беру үшін Ол көкке кірген жоқ.

26Егер дәл солай болу керек болса, онда Мәсіхке осы әлем жаратылғаннан бері бірнеше рет азап шегу қажет болар еді. Ал қазір, заманның ақыры тақаған шақта, Ол Өзін құрбандыққа беру арқылы бір рет және мәңгілікке күнәні жою үшін келді.

27Басқаша айтқанда, әйтеуір бір күні адамға өлім келеді, сосын оған сот алдында тұру белгіленген.

28Мәсіхпен де дәл солай болып тұр, Ол Өзін бір рет құрбандыққа беріп, көптеген адамдардың күнәларын алды, енді Ол екінші рет келген кезде, Ол күнәға байланысты (әлемнің күнәсін Өзіне алу үшін) келмейді, Ол тек Өзінің келуін асыға күтіп отырғандарды құтқару үшін келеді.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help