1Әй, ақылсыз ғалаттықтар-ай! Кім сендердің бастарыңды айналдырып қойды, Иса Мәсіхтің айқышқа шегеленуі туралы алдын ала жазбада қалай жазылса, соны көздеріңнен кетпестей етіп суреттеп бердік емес пе?
2Мен сендерден тек мына бір нәрсені біліп алғым келіп тұр: -Айтыңдаршы осы сендер Рухты қалай қабылдадыңдар? Заң бойынша істеген іс-әрекеттерің арқылы ма, әлде сенім туралы естіген кезде ме?
3Әлде сендер ақымақ болып кеттіңдер ме? Басында Рухпен басталған нәрсені енді тәнмен аяқтамақсыңдар ма?
4Қаншама уақыт шыдамдылық көрсетіп келдіңдер, енді соның бекер болғаны ма? Егер де дәл осылай болып жатса, әрине оның бекер болғаны.
5Сонда Оның сендерге Рухын бергені де, сендердің араларыңда жасаған Оның іс-әрекеті де заң арқылы істелетін іс-әрекетпен болды ма, әлде сендердің сенім туралы естігендеріңнен болды ма?
6Ыбарйым өзінің сенімін Құдайға артты, міне оның осы іс-әрекеті үшін Құдай оны «әділетті» деп санады.
7Сондықтан сендер мынаны біліп алыңдар, егер де кімдекім сеніммен жүрсе, сол Ыбырайымның ұрпағы, яғни Ыбырайымның ұлдары болып саналады.
8Жазбада бұл туралы алдын ала айтылған, онда: -Құдайға сенім артқан халықтардың бәрі ақталады, -делінген, сондықтан Құдай осы ізгі хабарды Ыбырайымға жеткізген кезде, Құдай оған: -Барлық халық тек сен арқылы бата алып, жарылқанатын болады, -деп оған алдын ала ашық айтты.
9Сонымен тек сеніммен жүретіндер, яғни Ыбырайым секілді олар сенімде адал болса, онда олар да Құдайдың Ыбырайымға берген батасына ие болады.
10Ал енді тек заңға сүйеніп әрекет ететіндердің барлығы қарғыстың астында қалады, өйткені жазбада: -Заң кітабында жазылған талаптардың бәрін орындамаған адам қарғысқа қалады, - деп жазылған.
11Себебі Құдайдың алдында ешкім де заң арқылы ақтала алмайтыны айдан анық болып тұр, өйткені әділ адам тек сенім арқылы өмір сүреді.
12Ал заңның талаптарын орындау үшін сенім қажет емес, керісінше ол жерде кім заңның талаптарын бұлжытпай орындаса, тек сол өмір сүреді.
13Ал заңда айтылған қарғыстан бізді Мәсіх сатып алды, себебі бізге арналған қарғысты Ол өзіне алды, сондықтан жазбада: -Кім ағашқа ілінсе, соны қарғыс атады, -деп жазылған,
14өйткені нәрсе Ыбырайымның батасын өзге ұлттарға Иса Мәсіх арқылы үлестіріп беру үшін, әрі жеткізу үшін болған жағдай, себебі бізге уәде етілген Рухты біз сенім арқылы алуға тиіс болдық.
15Бауырластар адами тұрғыдан айтқанның өзінде, мөрі басылып бір адамның атына рәсімделеген өсиетхаттың күшін ешкім де жоя алмайды, әрі ол оған еш нәрсе де қоса алмайды.
16Ал Ыбырайымға берілген уәдеде ұрпақтарына емес, тек «ұрпағыңа» делінген, яғни ол жерде «ұрпақтарыңа» деп көпше түрде емес, керісінше ол жерде «сенің ұрпағыңа» деп біреуді ғана айтып тұр, ал оның ұрпағы - тек Мәсіх.
17Сондағы айтайын дегенім мынау: -Құдай алдын ала Өз уәдесі арқылы бекітіп берген өсиеттің күшін, төрт жүз отыз жылдан кейін берілген заң ешқашан жоя алмайды.
18Ал егер де мұрагерлік құқық заң арқылы берілетін болса, онда ол уәдеге жатпайды, ал Құдай Ыбырайымға уәдені Өзі берді.
19Алайда сонда заң не үшін қажет болды? Заң сол уәде етілген Ұрпақтың келетін уақыты келгенге дейін, қылмыстардың көбейіп кетпеуі үшін, әрі ол екі жақты татулыққа шақыратын татуластырушының қолына періштелер арқылы берілді.
20Ал енді татуластырушы жалғыз болмайды, алайда Құдайжалғыз.
21Сонда заң Құдайдың уәдесіне қарсы болып тұр ма? Жоқ, мүлдем олай емес. Егер де сол кезде берілген заң өлімнен қайта тірілте алатын болса, онда ақталу жолы заңның өзі болып қала берер еді.
22Алайда жазба: -Бүкіл адамзаттың күнәнің астында жатқанын дәлелдеп көрсетті, міне осы нәрсе уәденің сенушілерге тек Иса Мәсіхке сену арқылы берілетініне себеп болды.
23Ал осы Сенімнің келетін уақыты бізге жеткенше, заң біздің үстімізден қарап, бізді қорғап жүрді, міне сондықтан біз сенімнің ашылатын мезгілін күттік.
24Сондықтан Заң Мәсіх келгенше бізді тәрбиелеп, тәрбиешінің міндетін атқарып келді,
25ал енді сенімнің мезгілі жеткен кезден бастап, біз сол тәрбиешінің қол астынан шықтық.
26Себебі, енді біз яғни барлығымыз тек Мәсіхке сену арқылы, «Құдайдың ұлдары» деген атаққа ие болдық.
27Өйткені сендер қалай Мәсіхке батырылдыңдар, міне сол сәттен бастап сендер Мәсіхті киіп алдыңдар.
28Міне, сондықтан енді сендер не яһудей, не грек, не құл, не ерікті, не ер адам, не әйел болып өзара бөліне алмайсыңдар, себебі сендердің барлықтарың Мәсіхте біріктіріліп бір денеге айналдыңдар.
29Яғни, енді сендер Мәсіхтікі болдыңдар, ал осы арқылы Ыбырайымның ұрпағына айналдыңдар, -ал енді уәде бойынша қарайтын болсақ - мұрагерісіңдер.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.